Қазақстан республикасы білім және ғылым
Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей: педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, біліктілік санаттары мен атақ- дәрежелеріне сәйкес жалақы беру); әкімшілік-ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.); психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (жанға-жайлы, оңтайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдарымен таныстыру); қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру); қоғамдық ықпал әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау). Білім беру жүйесіндегі менеджменттің ерекшеліктері мен инфрақұрылымы. Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тәрбие беру мекемелерінің педагогикалық жүйесін әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: Дидактикалық. Бұл жүйе өз ішіне сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарын; міндетті және факультатив дәрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы және мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемелерін) өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды. Тәрбиелік.Үлкен жүйе бола тұрып, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбиелік жұмыстары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және өзіндік тәрбие жүйешелерінен құралады. Оқушылардың қарым-қатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзін-өзі басқару, әртүрлі іс-әрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер). Мектептің әкімшілік жүйесі. Оқу процесін басқару, тәрбиелік жұмыстарға жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып жүру жүйешелерінен құралады. Әкімшілік жүйенің қажеттілігі – дидактикалық, тәрбиелік, материалдық- техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйеге келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты тәрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі, яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс- әрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді (комплексті) әрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады. жүктеу 4,42 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |