Мектеп құжаттары, рөлі, негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы, оларды жүргізуге қойылатын талаптар. Әдістемелік бірлестіктің қалыпты жұмыс жүргізуі үшін келесі құжаттар болуы тиіс:
Әдістемелік бірлестіктің құрылуы туралы бұйрық.
Әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық.
Әдістемелік бірлестік туралы ереже.
Әдістемелік бірлестіктегі мұғалімдердің қызметтік міндеттері.
Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстың талдауы.
Әдістемелік жұмыс тақырыбы, оның мақсаты, басым бағыттары мен жаңа оқу жылындағы міндеттері.
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары.
Әдістемелік бірлестіктің айлық жұмыс жоспары.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің сандық және сапалық құрамы (туған күні, жылы, білімі, мамандығы, жалпы еңбек өтілі, марапаттары, мекен- жайы, телефоны).
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өз білімін көтеру, ізденіс тақырыптары.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерін аттестациялау жоспары (5 жылға).
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерін аттестациядан өту кестесі (1 жылға).
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарынан өту жоспары (5 жылға).
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарынан өту кестесі.
Ағымдағы бақылау жұмыстарын алу кестесі (оқушыларға шамадан тыс салмақтың түспеуін, бір күнге бір бақылау жұмысының ғана қойылуын қамтамасыз ету).
Тоқсандық әкімшілік бақылау жұмыстарын алу кестесі.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өткізетін ашық сабақтарының кестесі.
Әдістемелік апталықты өткізу жоспары.
Әдістемелік бірлестіктегі кеңестер, конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдар, шығармашылық есептер, іскерлік ойындарды жүргізу кестесі.
Бағдарламалар (әр пән бойынша ҚБА бекіткен бағдарламалар мен факультативтер, үйірмелер бағдарламалары)
Оқу бағдарламалары мен олардың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі туралы ақпарат.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (әр пән, факультативтік сабақтар мен пәндік үйірмелер бойынша).
Әдістемелік бірлестіктегі жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жоспары.
Пәндік апталықты өткізу жоспары.
Мектепішілік бақылау бойынша ақпараттық- талдау анықтамалары, диагностикалық материалдар.
Әдістемелік бірлестік отырысының хаттамалары.
Дәптерлер:
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жанындағы кеңес;
пән мұғалімдері отырысы (жылына 5 тақырыптық отырыс өткізіліп, әдістемелік бірлестік хаттамасы толтырылады);
сабақтарға кіру дәптері;
сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларға кіру дәптері;
Әдістемелік бірлестік құжаттары папкаларда сақталады. Жинақ папкалары келесі ретте жіктеледі.
Папкалар:
1. Нормативті-құқықтық құжаттар (бұйрықтар, ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің нұсқау хаттары, түрлі байқаулар туралы ережелер, т.б)
2. Әдістемелік жұмыс (бұл папкада №№3,4,9,10,11,12,13,14,17,18,19,24,26 құжаттар жинақталады).
Жоспарлар (бұл папкада №№5,6,7,8,23 құжаттар жинақталады).
Бағдарламалар.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар (әр пән, факультативтер мен үйірмелер, жеке сабақтар бойынша).
Мектепішілік бақылау (бұл папкалар №№ 15,16,21,25 құжаттар жинақталады).
Ә-қосымшада мектеп құжаттарының тізбезі мен сақталу мерзімі бойынша мәліметтер берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |