Теңдеудің көмегімен мәтінді есептер шығару.
Қазіргі заман талабы әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруды мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырып, қоғамдық өмірге енген әртүрлі жаңалықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызуғышылығын арттыру арқылы ғана жете алады. Сабақ тиімділігін дәстүрден тыс сабақтар өткізу арқылы да көтеруге болады. Әсіресе оқушыларға логиқалық есептер шештіру арқылы олардың шығармашылық қабілетін шыңдауға болады.
Сабақтың тақырыбы: Теңдеудің көмегімен мәтінді есептер шығару.
Мақсаты: 1. Теңдеулердің көмегімен мәтінді есептер шығарту, оқушылардың алған білімдерін толықтыру, жүйелеу.
2. Оқушыларды топпен жұмыс істеуге баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін шыңдап, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, таблицалар.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі . Сабақтың өту әдісін түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексереміз. №852. Іріктеу әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табыңдар.1)х(х+3)=10
2)х(х-1)=42
3)(х+7)х=18
4)(х-9)х=36
Логикалық есептер шығарамыз.
Сағат 9-да А қаласынан В қаласына қарай 40 км/сағ жылдамдықпен автобус шықты. Дәл сол уақытта В-дан А-ға қарай 60 км/сағ жылдамдықпен автомобиль шықты. Екеуі сағат 11-де кездесті. Кездескен уақытта қай машина В-ға жақын тұр еді?
2. Жұмысшы екінші күні бірінші күнгіден 10% деталь аз жасады, бірақ
сәрсенбі күні сейсенбіден 10% көп жасады. Жұмысшы бірінші күні көп жасады ма, әлде сәрсенбіде көп жасады ма?
3.Бір квадраттың қабырғасын 4 см-ге арттырғанда екінші бір квадрат шықты.
Оның ауданы 81 см квадрат болса, бірінші квадраттың ауданын табыңдар.
4. Асан мен Үсен деген қойшылар кездесіп, қойларын бөліске салады. Асан Үсенге: "Маған бір қой берсең, менің қойларым сенікінен 2 есе көп болады", дейді. Ал Үсен оған:"Жоқ, сен маған бір қойыңды берсең, екеуімізде тең болады", дейді. Сонда әрқайсысында қанша қой болған?
5. Төрт адам бір-бірімен қол алысқанда, қол алысудың саны нешеу болады?
6. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, 72 сағаттан кейін күн ашық болады ма?
7.Бес 1-ден 100 шығар. (100=111-11)
8. Әкесінің жасы 31-де болғанда, баласы 8-де еді. Ал қазір әкесі баласынан
жасы 2 есе үлкен. Баласы неше жаста?
9. Қалайша жұмыртқа 3 метр ұшып жарылмауы мүмкін? (жұмыртқаны
4 метрге лақтырса, онда алғашқы 3 метрде жарылмайды)
10. Шаруа себетпен базарға жұмыртқа әкеле жатса, себетін бір атты адам
қағып кетіп, жұмыртқалар жарылып қалыпты. Атты адам:"Неше
жұмыртқа әкеле жатыр едің?"дейді. Шаруа:"Қанша екенін білмеймін,
бірақ екіден, үштен, төрттен, бестен, алтыдан қойып шыққанда бір
жұмыртқа артық қалушы еді, ал жетіден бөлгенде қалдықсыз бөлінетін"
дейді. Себетте неше жұмыртқа болды екен?
Енді оқулықпен жұмыс жасаймыз.
№1570
Бірінші санның 80%-і мен екінші санның 50%-інің қосындысы 22-ге тең. Бірінші санның -сі екінші санның -інен 5-ке артық.бірінші санды, екінші санды табыңдар.
Бірінші сан x
Екінші сан y
x+y=22
Достарыңызбен бөлісу: |