Мотивация – мекеме қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетін ынталандыру және өзін-өзі дамыту бойынша басқару іс-әрекетінің функциясы, сондай-ақ әрбір қызметкердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын ұжымдағы тиімді әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыратын басқару іс-әрекеті.
Басқарудың барлық деңгейінде сыртқы мақсатты ішкі мақсатқа алмастыру процесі жүріп отыруы қажет. Қызметкер қойылған мақсатты орындауы тиіс, оны орындауда қанағаттанғандық сезім орнауы тиіс, алға қойған мақсаттар оған түсінікті болуы керек және оны ол қабылдауы абзал, оған күштеп орындатуға болмайды. Басқаша айтқанда, ұжымда дұрыс әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру: жанға жайлы психологиялық ахуал, іс-әрекетке және мәселеге басшының ынта қоюы, қарамағындағы қызметкерлердің тұрмыстық, жеке басының мәселелеріне басшының ден қоюы, мәселені оң шешуі, басшының қарамағындағылармен сыйластық қарым-қатынасы.
Білім беру саласы қызметкерінің еңбегін ынталандырудың тиімді әдісі педагогикалық кадрларды аттестаттаудың жаңа жүйесін ендіру мүмкіндігі, мемлекеттік аттестаттау және ЖОО-ын аккредиттеу болып табылады.
Білім беру жүйесінде ТQМ нобайы 43-суретте ұсынылды.
Бақылау – келелі адекватты коррекциялық іс-әрекет жасау үшін мекеменің жұмысына объективті сандық және сапалық баға беруді мақсат ететін басқару іс-әрекетінің функциясы.
Сапалы ақпаратты жинау мен талдау басқарудың кері байланысын жүзеге асырғанда көрініс табады.
Бақылау басқару іс-әрекеті ретінде төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
білім беру мекемелері әртүрлі бөлімдерінің жай-күйін, көрсеткіштерін, стандарттарын анықтау;
бақылау объектісінің дәрежесіне сәйкес келетін ақпарат жинау;
алынған нәтижені қойылған стандартпен салыстыру;
сәйкессіздікті болдырмау жолдарын іздестіру, фактілерді талдау;
қол жеткен нәтиже бойынша төменгі деңгейге жеткізу және тарату;
нәтиже бойынша ақпаратты талдау, бағалау;
жоспарланған, алынған нәтижелерге түзетулер енгізу (коррекция жасау).
Координация – процестің үздіксіздігін, тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін басқару функциясы. Коррдинациялаудың басты мақсаты – тиімді байланысты орнату арқылы мекеменің барлық бөлімдерінде өзара келісімділікті, үйлесімділікті қамтамасыз ету. Басқарудың бұл қызметін жүзеге асыруда әртүрлі құжат көздері пайдаланылады (ЖОО-ның жылдық есебі, кафедра, факультеттің жұмыс іс-жоспарлары, қызметтік жоспары және т.б.).
Коммуникация – жақсы координациялық жұмысты жүргізу үшін коммуникацияның атқаратын рөлі зор. Басқару қызметінде ақпаратты алу, өңдеу және жеткізу барысындағы іс-әрекеттер жүйесі коммуникациялық қызметті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |