Сурет-43. Білім беру жүйесіндегі ТQМ нобайы
Коммуникацияның әртүрлі әдістері қолданылады: форум; әртүрлі деңгейдегі жиналыстар, отырыстар, мәжілістер; кері байланыс жүйесі (ғылыми кеңес, ғылыми-әдістемелік кеңес, әдістемелік кеңес мәжілісі және т.б.) ақпараттық бюллетень; формальды емес кездесулер; пікір, ұсыныстар жинау және т.б.
Білім беру қызметі жобасының сапасы (бағдарлама құрылымы, мазмұны). Егер мекеме ТQМ-ді ендіргісі келсе, онда ол синхронды жұмыс жасауы керек, ылғи алға жылжып отыруы тиіс, өндірістік процесті жаңартып, мақсатқа жету бағытында жұмыс жасауы тиіс. Сапалы өнім оның қызметін ешқашан тоқтатпайтынына сенуі керек. Мекеме басшысы білім беру процесінде және ғылыми зерттеулерде профессорлық-оқытушы құрамы, ғылыми қызметкерлер, кіші қызметкерлер басты серіктестік болып табылатындықтарына көз жеткізіп отырулары тиіс.
ТQМ бойынша мекеме тұтынушыға қызмет жасайтын жүйе болып табылады. Бұл үшін мекеме жүйесінің барлық бөлімдері бір-бірімен өзара байланыста болуы керек. Мекеменің әрбір жеке бөлімінің жетістіктері оның барлық басқа қызметкеріне де әсер етеді. Мекемені жай басқару мен ТQМ жүйесінде басқарудың айырмашылықтары баршылық: мекемені дәстүрлі басқаруда әрбір бөлімшенің қызметі ғана басшылыққа алынады, ал ТQМ жүйесінде басқаруда мекемені дамыту мақсаты көзделінеді.
Басқарудың жаңа әдісі ректор жанындағы сапа менеджменті комитетін, проректорлар жанындағы сапа Кеңесін және білім беру сапасы менеджмент орталығын біріктіреді.
Сапа менеджменті комитетінің негізгі міндеттері:
мекеменің іс-әрекетін жоспарлау;
мекеменің стратегиялық мақсатын анықтау;
мекеменің орта деңгейдегі мақсатын анықтау;
әрбір іс-әрекет мақсатын, бағдарламаларын бекіту;
қойылған мақсатқа жету нәтижелерін талдау.
Сапа Кеңесінің жұмысы, мақсаты сапа комитетінің жұмысымен үйлеседі және оның міндеттері төмендегідей:
жеке бөлімдер бойынша орта мерзімді жоспар, мерзім, ресурстарды анықтау;
жеке бөлімдер бойынша қысқа мерзімді жоспар, бағдарламаларды
құру;
жұмыс нәтижесін шығару және жоспарларға түзетулер енгізу.
ТQМ жүйесінде білім беру сапасы менеджменті орталығының жұмысы
44-суретте ашылды.
Мекеменің әрбір бөлімі, бөлігі тиімді әрі өнімді жұмыс жасаулары қажет. Әрбір бөлімнің жазбаша түрінде сапа стандарты болуы керек және ол орындалуға тиіс.
Тігінен – ұжымның әрбір мүшесі мекеменің, оның басшысының миссиясын жақсы білуі керек, ал оның мақсатының кейбір тұстарын білу міндетті емес.
Көлденеңнен – бағдарлама, бөліктер арасында бәсекелестік болмауға тиіс, мекеменің басқа бөлімдерінің мақсатын және қажеттілігін түсіну.
44-суреттен көріп отырғанымыздай, білім беру мекемелеріндегі сапа менеджменті тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға бағытталады. Бұл оқу курстарының құрылымдық сапасына, оқытудың және бағалаудың сапасына, жүргізілген ғылыми-зерттеулер мен білім алушыларға берілген кеңестер сапасына, адам ресурстары менеджментіне, мекеменің іс-әрекеттері сапаларына қатысты болады. Барлық факторлар тұтынушының сұранысын қанағаттандыру мақсатында стратегиялық жоспарлауда есепке алынады.
-
Іс-әрекет
|
|
Мекеменің зерттеуі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |