Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 4,42 Mb.
бет65/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

дидактикалық – бұл жүйе сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарын; міндетті және факультатив дәрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақтың (сабақтағы оқушы және мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемелерін) әрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;

  • тәрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және өзіндік тәрбие жүйешелерінен құралады; оқушылардың қарым- қатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзін-өзі басқару, әрқилы іс-әрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер);

  • мектептің әкімшілік жүйесі – оқу процесін басқару, тәрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.

    Басқаруға тән басты сипат – жұмысқа барлығының бірдей араласуы: әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және т.б. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз әрекетінің кез келген сәті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы тиіс.
    Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог-тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді. Осыдан да басшының, тәрбиешінің, мұғалімнің моральдық, әдептілік кейпіне жоғары
    талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай- ақ, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі.
    Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып отырылады.
    Мектеп – мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-әрекеттердің ұштаса орындалуынан тәрбиенің жалпы мақсаттары іске асып отырады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тәуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де басшылыққа алған жөн: әртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз қарамағындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы.
    Менеджмент – адамдардың қарым-қатынасының ең қолайлы тәсілі. Кез келген жұмыстың сапалы, нәтижелі орындалуында адамдардың өзара қарым- қатынастарының алатын орны ерекше.
    Менеджмент жүйесінде маманға аса қажетті сапалар: адамдарға деген сүйіспеншілік; маманның кәсіби сана сезімі мен жауапкершілігі; маманның өзін-өзі әрдайым жетілдіруге дайындығы; әділдік; эмпатия; тілектестік; ынталылық; ашықтық.
    Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

    • бақылаудың әділдігі;

    • ең аз жетістікті қамтамасыз ету;

    • қарым-қатынастағы талаптарды біріктіру;

    • бақылауды сенімділік сезіміне негіздеу;

    • еріксіз, күшпен оқытудан бас тарту;

    • жеке тұлғаның қызығушылықтарын ояту;

    • тұлғааралық қатынастың нормаларын сақтау;

    • жеке тұлғаның жеке басын сыйлау, жеке тұлғаның құқықтарын қорғау;

    • жеке тұлғаның келешегіне сену, оның жеке басын құрметтеу;

    • жеке тұлғаның дара, дербес қасиеттерін ашу;

    • жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастыру.

    жүктеу 4,42 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   260




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау