Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сурет-31. Педагогикалық диагностиканың құрылымы



жүктеу 4,42 Mb.
бет73/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Сурет-31. Педагогикалық диагностиканың құрылымы


Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз – белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.

Педагогикалық диагностиканың ақпараттық, жобалаушылық, бақылау- түзетушілік, бағалаушылық және ынталандырушылық қызмет атқарады ( 32- сурет).


Сурет-32. Педагогикалық диагностиканың қызметі


Педагогикалық диагностиканың бағыттары: обьектілік; субьектілік; іс- әрекеттілік; экзистенциалистік; тұлғалық; жүйелік; құзыреттіліктік ( 33-сурет).







Сурет-33. Педагогикалық диагностиканың бағыттары


Педагогикалық диагностиканың формалары: бастапқы; ағымдық; қорытынды. Педагогикалық диагностиканың әдістері: бақылау; әңгімесу; сұхбат; сауалнама жүргізу; тест; құжаттарды зерттеу; ғылыми жоба; педагогикалық портфолио және т. б. (34-сурет).





Сурет-34. Педагогикалық диагностиканың әдістері


Қазіргі педагогикада мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық процесс деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс- әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты.




ТПП-тің жұмыс істеу әртүрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат диагностиканың негізі. ТПП-тің түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат
таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен күнге артып бара жатқаны байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Ақпараттар сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық процестің жағдайы нақтылана түседі. Сондықтан ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады. Сонымен, педагогикалық ақпарат дегеніміз – үйретілетін нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары.
Педагогикалық процесс жағдайының дәстүрлі талдауы және оның қорытындыларының объективтік бағалауы қандай да бір дәрежеде білім беру мекемесінде педагогикалық менеджменттің сапасын да анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ білім беру процесі сапасының және басқару процестері сапасының өзара негізделуі біркелкі сипатта болмайды, өйткені мектеп қызметінің табыстылығы көптеген факторларға байланысты. Іс жүзінде білім беру мекемесінің басшысы кәсіби біліктілігінің жетіспеушілігін педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттіліктерінің жоғары сипаттамалары, қалыптасқан танымдық түрткілерге және білімін жалғастыруға деген ұстанымдарына ие оқушылардың дамыған зияткерлік қабілеттерімен орны толатынын байқауға болады.
Ұйым жұмысының тиімділігін анықтайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер:

  1. тұрақтылық (өндіріс, құрылым, нарықтағы жағдай);

  2. өсу (өндіріс, жұмыспен қамтылғандардың санының, жаңалықтарды енгізуінің өсу қарқындары);

  3. ұйымның сыртқы ортаның өзгерулеріне бейімделу қабілеті (сыртқы орта және ұйым қызметі көрсеткіштерінің өзара байланысы);

  4. ұйымның өз қызметін ұзақ мерзімді ауқымда жоспарлай білуі, болашақ өзгерістерді болжай алу қабілеті, бұл белгілі дәрежеде тұрақсыз экономика жағдайларында тәуекелдікті азайтуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-экономикалық өлшемдер, әлеуметтік саладағы мекемелер пайда табуға бейімделмегендіктен, осы мекемелердің қызмет тиімділігін, оның ішінде, олармен басқаруды бағалау кезінде негізгі болмайды.
Әлеуметтік-ұйымдастырушылық әсерлер ұйымның есеп, өндіріс және қызметкерлердің еңбек процестерін жетілдіруінде, оның құрылымын оңтайландыруда, өндіріс циклдерін қысқартуда және басқаларда көрініс табады. Құрылымдық бөлімшелердің тым көп болуы, қандай да бір функцияны бірнеше құрылымдық бөлімше атқаратынына әкеледі. Осының салдарынан қызметтің үйлесуі және келісілуі қиындайды, басқарушы лауазымдар саны
артады, қызметкерлердің жұмысбастылығының дәрежесі төмендейді, аппаратты ұстау қымбаттайды. Осы өлшемдер, басқару құрылымы қарапайым және дәстүрлі болатын, жалпы білім беру орта мектебіне қатысты аз қолданылады. Бірақ жоғары кәсіби білім беру мекемелерімен (институт, академия, университеттермен және т.б.) басқаруда басқарушы аппараттың өсуіне беталыс анық көрінуі мүмкін.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі мекеме басшысының міндеті – мекемеішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап енгізу. Ол технологияны басшымен бірге білімалушылар пайдалана алуы тиіс. Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану, еңбекті басқару мен ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.
Педагогикалық ақпарат басқару нысаны туралы әртүрлі мәліметтерден шектеуді жүзеге асырады. Бұл шектеулердің өз шекаралары бар. Олар:

  • ақпарат ұзақ мерзімді (жылдық, жарты жылдық) перспективті жоспарлаудың негізін құруы тиіс;

  • ақпарат оқытушыға жекелеген білімгерлермен, топ ұжымымен жұмыс жүргізудің міндеттерін реттеуге мүмкіндік тудыруы қажет;

  • ақпарат білімалушылармен жүргізілетін жұмыс мазмұнын сұрыптаудың негізін салуға лайық болуы шарт;

  • ақпарат оқытушыны іс-әрекеттің қандай түрін білімалушылармен ұйымдастыру керектігіне және ол іс-әрекет білімалушыларды неге үйрететінін түсінуге жетелеуі тиіс;

  • ақпарат әрбір білімалушыларды нақты іс-әрекетке үйретуге, нақтылауға қызмет етуі керек.

Жоғарыдағы талаптар сақталса ғана ақпарат басқару нысаны мен қоршаған әлем туралы дұрыс мағлұмат береді, соның негізінде оңтайлы басқару шешімдерін өңдеуге мүмкіндік туады.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау