Тұтас педагогикалық ұжымның және әрбір мұғалімнің кәсіби даму жетістігінің диагностикасы. Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру аттестацияға дайындау шарты ретінде. Аттестацияны рәсімдеу, қазіргі кездегі талаптар. Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды тұлға – ұстаз. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты
қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін, әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы үшін портфолионың атқаратын рөлі зор.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингін қамтамасыз ету, кәсіби маңызды жетістіктерін талдау және ұсыну.
Мұғалім портфолиосын құрастырудың негізгі прнинциптері: жүйелілік; ұсынылған мәліметтердің дәлдігі мен толықтылығы; ақпараттың объективтілігі; және т.б.
Портфолио іс-әрекеттің барлық түрлерінде (оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз бетінше білім алу) мұғалімнің жеткен жетістіктерін есепке алуға мүмкіндік береді. Мұғалім портфолиосы жинақтау папкасында (файлдарымен бірге) безендіріледі. Портфолиоға енгізілген әрбір материалға мерзімі қойылуы қажет. Портфолионың құрылымы мұғалім өз алдына қойған немесе әдістемелік бірлестік төрайымы бекіткен нақты міндеттердің тұрады.
Портфолио аталмыш білім беру мекемесінде барлық жұмыс мерзімінде директор орынбасарларының бірінің үздіксіз қатыстырылуымен педагог тарапынан жинақталады. Портфолио материалдарын қосымша ретіндде педагогтың жеке жұмысына енгізіп қоюға болады. Жұмыс орнын ауыстырғанда ұсыныс хат ретінде немесе қосыша материал қызметін атқаруы мүмкін.
Портфолио төмендегідей бөлімдерден тұрады:
бөлім. «Мұғалім туралы жалпы мәліметтер»: тегі, аты-жөні, мұғалімнің туылған жылы, білімі (қай жылы қандай оқу орнын аяқтады, диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі); жалпы еңбек және педагогикалық жұмыс өтілі; сол білім беру мекемесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі; білімін жетілдіру (курс өткізілген мекеме аты; айы, жылы, курстардың негізгі мәселесі); курстан өткенін айғақтайтын құжаттардың көшірмесі; атағы мен дәрежесін айғақтайтын құжаттардың көшірмесі; мемлекеттік және аймақтық наградалар, алғыс хаттар, грамоталар туралы ақпарат; түрлі конкурстардың дипломдарының көшірмесі және тағы да басқа құжаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |