Пәндік апталықтар
Сурет-58. Әдістемелік бірлестік қызметінің құрылымы
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі негізінен тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерімен айналысады. Бірлестік отырыстарында тәрбие үрдісін басқару және оны кешенді жүргізу, жеке адамды ұжымда тәрбиелеу, тәрбие процесінде балалардың шығармашылығын дамыту, құқық тәрбиесінің негізгі принциптері, формалары мен әдістері, мұғалім мен балалар арасындағы қарым-қатынастың бірлігі, сынып сағаттарын өткізудің тәрбиелік ерекшеліктері, сайыстар өткізу, ата- аналармен өткізілетін жұмыстың формалары, сынып жетекшілерінің оқу-тәрбие жоспарын қорғауы т.б. мәселелерді талқылайды. Әрбір мәселе бойынша әдістемелік ұсыныстар- шешімдер қабылдайды. Оларды оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың тәсілдерін іздестіреді.
Мектепте оқу және тәрбие жұмыстарын жетілдірудің жаңа бір формасы - мұғалімдердің шығармашылық тобы. Шығармашылық ең алдымен мұғалімдердің мамандықтарына сәйкес терең және берік білімді, мол тәжірибені талап етеді. Шығармашылық қабілетті дамыту, өз бетімен іздену,
зерттеу жұмыстарына байланысты. Осыған орай, мұғалімнің жұмысында шығармашылық басым болуы керек. Озат мектептердің іс-тәжірибелеріне қарағанда шығармашылық топтың құрамына өте тәжірибелі мұғалімдер кіреді. Іс-жоспары бір жылға жасалып, топ мүшелері айына бір рет кездесіп отырады.
Мұғалімнің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, байқаулар, олимпиадалар, шығармашылық есеп, іскерлік ойыңдардың берері көп. Оқыту мен тәрбиелеу процесін жетілдіру, әрбір сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктерін арттырып, ертеңгі білімдар, парасатты жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Жас мұғалімдер мектебі» жұмыс істейді.
Ғалым К.Д.Бузаубакова мұғалімдерді педагогикалық білім деңгейі мен әдістемелік шеберлігіне қарай 4 топқа бөледі:
қатаң бақылауды қажет ететін мұғалімдер;
қалыптасқан әдіс-тәсілдері бар мұғалімдер;
шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер.
өзіндік жеке педагогикалық технологиясы бар жаңашыл мұғалімдер.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске асырыла бастады: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау; педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу және жинақтау.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиімді қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми- практикалық конференциясында талқылайды, құнды деп тапса, аудандық
«Педагогикалық оқуларға» ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашылық еңбегі бірте-бірте облыс, республика көлемінде талқылардан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |