- «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.»
- «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
- 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті
- Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері: - Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
- Оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау;
- Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;
- Пәндерді кіріктіру;
- Жаңа пәндерді енгізу;
- Тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары мектепте таңдау құқығы; Жоғары оқу орындарына түсуге мақсатты түрде дайындалу;
- Бағалаудың критерийлік жүйесі;
- Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту:
- Сын тұрғысынан ойлау;
- Білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу;
- Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру;
- АКТ дағдылары:
- Топта және жеке жұмыс істей білу;
- Коммуникациялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мәселелерді шеше білу;
Кіріктірілген білім беру ісін ұйымдастыру ерекшеліктері: - Кіріктірілген білім беру ісін ұйымдастыру ерекшеліктері:
- Үш тілді білім беру ортасы;
- Тәрбие мен оқытуды кіріктіру;
- Заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдер қолдана білу;
- Үш тілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді. Зияткерлік мектептерде үш тілде оқытудың әдіс тәсілдері:
- Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі;
- Командалық оқыту;
- Тілдік ортаға ену;
Құзыретттілік (Н.Хомский енгізген) - Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
- Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
- Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Мұғалімнің төмендегідей құзыреттілік компоненттерін атап кетуге болады: - Мұғалімнің төмендегідей құзыреттілік компоненттерін атап кетуге болады:
- -оқушыларды ынталандыру;
- -пәннің мазмұнын толық білу;
- -сыныппен кері байланыс;
- -пәнаралық және пәнішілік байланысты құра білу.
-
- Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:
- -оқушыларды өз бетінше талдауға
- -өз қызметіне мақсат қоюға
- - жоспарлауға,жинақтауға
- - қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге
- - сыни тұрғыдан шешім қабылдауға
- - өзін-өзі бағалауға
- - өзін-өзі реттеуге
- - өзін-өзі түсінуге
- - өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге
- - нені меңгергенін,нені меңгермегенін анықтауға
- - өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету
Достарыңызбен бөлісу: |