Әдістемелік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар. Соңғы жылдары көптеген мектептердің жұмыс тәжірибесіне, негізгі жұмыстың бірден-бір түрі ретінде әдістемелік апталық, онкүндіктер енді, мұның барысында сабақты талдау, сыныптан тыс пәндік шаралар, дәптер тексеру, т.б. жұмыстары бойынша әкімшіліктің, пән бірлестіктерінің қызметі жандана түседі. Егер осындай апталар, онкүндіктер жылдық кешенді жұмыстың табиғи құрамды бөлігі болып және оның белсенді кезеңдерінің бірі ретінде көрінсе ғана бұл пайдалы болмақ.
Ашық сабақтар - бұлар мұғалімдерді іс жүзінде үйретудің, тәжірибе алмасудың тиімді бір түрі. Әдістемелік бірлестіктер мәжілістерінің және мектепішілік тәжірибелік сабақтар (семинар тақырыптары бойынша) оқытудың сараланып отырған әдістерінің тиімділігін және оларды тиімді таңдаудың мүмкін боларлық түрлерін көрсету мақсатында ашық сабақтар жоспарланады.
Ашық сабақтар озат мұғалімдер жұмысындағы тиімді әдіс, тәсілдерді оқыту тәжірибесінде қолданып, нақтылы ойларды аша көрсетіп, негіздеме бере отырып, оқыту тәжірибесіне жаңалықты ендіруді көздейді.
Осындай ашық сабақтар, әрине, алдын ала, жан-жақты ойластырылған табиғи іскерлік сабақ болуы керек. Осыған байланысты ашық сабақтарды кез келген тосын жағдайда, кімнің тәжірибесіне, нақты кімді және неге үйрету керек екендігін анықтап алмай өткізе беретін осы күнгі тәжірибені тастау керек. Сөйтіп, ашық сабақтарды мектептегі оқытуды жақсартудың әдістемелік шараларының құрамды бөлігі деп қарасақ, олар барлық мұғалімдердің де әдістемелік шеберлігін арттыра беруге, мектептің шығармашылық ізденіс және
тәжірибе алмасу ахуалын туғызуға әсерін тигізбек.
Жыл басында әдістемелік жұмыстың жоспары жасалынғанда, жыл бойы кім қандай ашық сабақ береді, ол ашық сабақтың мақсаты айқындалуы керек.
Ашық сабақтарда жаңа педагогикалық технологиялар қолданылып, мұғалімдердің шеберліктерін арттыратындай қызғылықты өткізілуі керек.
Жеке әдістемелік көмек, кеңес беру, әңгімелесу. Жұмыстың бұл түрі мектеп басшыларының тарапынан кең көлемде қолданылады, сондай-ақ тәжірибелі мұғалімдер де жас мұғалімдер мен сынақ мерзімін өткізушілер арасындағы жұмыста пайдаланады, осымен бірге педагогикалық мәселелерді шешуде қиналып жүрген мұғалімдерге де қол үшін береді. Мұндай жұмыста мұғалімнің мүмкіндігін, күшті және әлсіз жақтарын, қиыншылықтарын, жеке адамгершілік сапасын жақсы білудің, сонымен бірге басшылар мен жетекшілердің мұғалім жұмысының барыс мен нәтижесін талдау негізінде, мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне нақты тұжырымдалған ұсыныстар мен кеңестер бере білудің үлкен мәнісі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |