|
Қазақстан республикасы білім жəне ғылым
|
бет | 123/241 | Дата | 12.11.2023 | өлшемі | 5,38 Mb. | | #44224 | түрі | Оқулық |
| Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі
Информатиканы оқыту үдерісінде белгілік-символдық құралдары коммуникативтік орналастыратын, танымдық-жүйелендіретін жəне модельдейтін қызметтерді орындайды. Оқу материалын дəстүрлі бе- руде, алдыңғы кезекте білімді əрі қарай жүйелендіретін мағынаны білдіретін түсіндірмелі-көрнекілік ақпарат иллюстрация-схемалары қолданылады.
Схемалар-графтар информатика бойынша оқу материалының құрылымын бөлшектеп жеке элементтерге (фреймдер) бөлу жəне олардың арасындағы ішкі логикалық байланысты оларды қосатын жəне бағытталған сызықтар көмегімен белгілеу жолымен бейнелейді. Блок-схемалар үшін кеңістіктік жəне уақыттық алгоритмнің бейнесіне тəн, олардың фреймнен маңызды айырмашылығы, бей- неленген материалдың құрылымы қатты, яғни схемада бір элемент болмаса себеп-салдар байланыстарында үзіліс пайда болады [4].
Егер құрылымы аяқталмаған түрде немесе сабақта құрастырылса кестелік-матрицалық құрылымды информатиканы оқыту үдерісінде қолдану тиімді. Құрылымдық-логикалық схемаларды схема-графтар деп атайды, олардың элементтері дидактикалық жіктеулер нысан- дары жəне білімнің мағыналық байланыстары немесе оқу пəнінің тақырыптары болып табылады. Функционалды құрылымдық- логикалық схемалар формуламен, графикамен, суретпен (элемент- тер қызметтік мазмұнын ашатын) толықтырылған оқу материалының графын көрсетеді.
Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау.
тапсырма. Мектеп оқулықтарында қандай компьютер құрылғылары (олардың қызметі мен сипаттамасы) қарастырылатындығын талқылаңыз.
тапсырма. Сыртқы жады құрылғысын жазба тəсілі жəне ақпаратты санауы бойынша жіктеңіз. Нəтижелерін қызметтік құрылымдық-логикалық схемалар түрінде көрсетіңіз.
ІІ. Жағдаяттық есептер.
1-жағдаят. Жаңа білімді меңгеру сабағын жоспарлай отырып, мұғалім келесідей бақылау сұрақтарын тұжырымдады: ақпаратты енгізу құрылғысы қандай қызметті қамтамасыз етеді? Қандай негізгі пернелер топтарын пернетақтада ерекшелеуге болады жəне олардың қызметі қандай? Енгізу координаттық құрылғыларының қандай типтері бар жəне олардың əрекет принципі қандай жəне т.б.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Сабақта қандай тақырып оқып-үйретіледі? Оқушылар қандай компьютер құрылғыларымен танысады?
Сабақтың негізгі ұғымдары жұмысын ерекшелеңіз жəне
түсіндірмелі сөздік құрастырыңыз. Бақылау сұрақтарының тізімін толықтырыңыз.
Жаңа материалды оқып-үйрену кезеңінде талқылау үшін эвристикалық сұрақтарды ұсыныңыз. Оқушылардың субъективті тəжірибесін сабақты табысты өткізу үшін қалай қолдануға болады? 2-жағдаят. Мұғалімге «Компьютерлендірілген киім» қызықты фактісі кезікті: Токиода жапондық электрондық корпорациялардың бірі болашақ киімін көрсетті (текстиль мен жоғары технологияларды
біріктіру).
Күртеше жеңіне кішкене жатық экран жəне миниатюрлі пернетақта қойылған. Мини-компьютер интернетке ұялы байланыс бойынша кіреді. Егер күртешеге тыңдағыштарды микрофонмен бірге қосса, онда ұялы телефон туралы ұмытуға болады, өйткені жеңде əңгімелесушінің суретін көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|