Зертханалық тəжірибе
Тақырып: ‘’Алгоритмдеу жəне программалау”.
Программалау білімі мен біліктіліктерін қалыптастыруды блок- схемалар тілі – оқу орындаушысының тілі – программалау тілі кезеңдері бойынша мақсатты түрде жүзеге асыру.
1-сабақ
Тақырып: “Шамалармен жұмыс істеу алгоритмі”
Дидактикалық мақсаты: шамалармен алгоритмдерді құруды оқытудың əдістемелік аспектілерін бейнелейтін жалпы кəсіби дайындықтың білімділік компонентін меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: жұптық жұмыс.
Оқыту технологиялары мен əдістері: ситуациялық есептерді шешу əдісі.
Оқыту құралдары: [1, 2] оқу-əдістемелік əдебиеті, программалық құралдар – оқу орындаушылары (ПМК “Роботландия” жəне т.б.).
Студенттердің алдын-ала дайындығы: алгоритмдеуді оқытудың əдістемелік тəсілдерін оқып-үйрену.
Теориялық мəліметтер
“Циклді ұйымдастыру. Параметрлі цикл” сабағында модульдік оқыту технологиясын жүзеге асыру мысалы:
Оқу модулі келесі оқу элементтерін (ОЭ) қамтиды:
ОЭ1 – мақсатты бағдарлама: оқып-үйренілетін материалды меңгерудің көлемі мен деңгейіне нұсқауды құрайды;
ОЭ2 – кіріс бақылау: тест тапсырмалары барлық модульдің мазмұнын меңгеруге қажетті тірек білімдері мен əрекеттер тəсілдерінің өзектілігін болжайды,егер тест толық жақсы орындал- маса, онда түзету блогы қарастырылған;
ОЭ3 – түзету: білімдегі “олқылықтарды” түзетуге көмектесетін оқу материалдарына сілтемені құрайды;
ОЭ4 – ақпараттық банк жұмыс алгоритмін, тірек конспектіле- рін, (сызбаларды), компьютерлік оқыту программаларын, əдебиеттерге сілтемені, тапсырмалар жүйесін, жұмыстарды орын- дау нұсқаларды жəне т.б. құрайды;
ОЭ5 – меңгерілген білімдерінің сапасы мен деңгейін анықтауға, оларды түзетуді қамтамасыз ететін шығыс бақылау:
берілген блогтың талаптарын орындамаған оқушылар қай модуль- ден қате шықса, сол модульге қайтып оралуы керек болады;
ОЭ6 – рефлексия: өз əрекеттерін саналы түрде сезіну, мақсатқа жетудегі сəттілікті талдау жəне бағалау, алдағы жұмыстардың болашағын аңықтау.
Құрал-жабдықтар: оқушының технологиялық картасы (үзінді, 13.2-кесте), конспект, өзіндік бақылау парағы, рефлексия парағы, ОЭ2 жəне ОЭ5 үшін тестілеу материалдары.
13.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |