Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


-ТАРАУ АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ



жүктеу 5,38 Mb.
бет126/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

13-ТАРАУ АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ


МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
    1. Алгоритмдеу мен программалауды оқытудың əдістемелік тəсілдері


Алгоритмдеу тақырыптарының мазмұны мына ұғымдар тізбегі арқылы анықталады: алгоритм, алгоритмнің қасиеттері, алгоритмді орындаушылары, орындаушының командалар жүйесі, алгоритмді орындау түрі, негізгі алгоритмдік құрылымдар, көмекші алгоритмдер (4-қосымша).


Мектептік жоспар бойынша информатика пəнінде алгоритмдеуді оқытудың екі мақсаттық аспектісі бар:
Бірінші – дамытушы аспект, оқушылардың алгоритмдауды меңгере дамуы.
Екінші – программалық аспект. ЭЕМ үшін программа құру, алгоритм құрудан басталады.
Кəсіби программистің білім сапасы – алгоритмдық ойлау қабілетінің кең дамуы болып табылады. Бастапқыда айтылған екі аспектіні талдайтын болсақ: бірінші аспект информатика курсының іргетасты компоненті болып табылады. Онда оқушылар программалық тілдердің жоғарғы деңгейлі екендігімен, жаңа үлгідегі программа құру жобасымен танысады. Соның арқасында оқушылар ”трансляция” (эфирге шығару) деген түсінікті қабылдайды. Екінші аспект профориенталдық сипаттамасын негіздейді. Программист мамандығы қазіргі уақытта кең жайылған жəне танымал. Мектеп қабырғасындағы программалауды оқыту, оқушылардың өз білім деңгейін тексеруге жəне бағалауға көмектеседі. Бұл əсіресе, жоғарғы сыныптар жəне информатика курсы тереңдетіліп оқылатын сынып- тар үшін қолайлы əдіс.


    1. Алгоритм ұғымын енгізу əдістемесі


9-сыныпта «Алгоритмдеу негіздері жəне алгоритм құру тех- нологиясы» жəне «Паскаль – программалау тілі» тараулары қарастырылған [1].


Объектінің бастапқы жағдайынан соңғы жағдайына түрлену үдерісін сипаттайтын орындаушыға түсінікті нұсқаулардың көмегімен жазылған əрекеттердің қатал тізбегін алгоритм деп атайды.
Қарапайым жағдайда алгоритм дегеніміз алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын əрекеттердің тізбегі.
Бұл жүйенің орталық объектісі алгоритмді орындаушы болып табылады. Орындаушы – алгоритмді құрастыру үшін басқарушы объект (немесе субъект) болып табылады. Басқарудың көз қарасында, орындаушының сипаттамасы – орындаушының командалар жүйесі (ОКЖ) болады. Бұл орындаушы түсінетін жəне орындай алатын көптеген шекті командалар. Əртүрлі жұмысты орындау үшін, орындаушы, енгізер алдында алгоритм, ал шығарар алдында берілген нəтиженің шешімін алады.
Алгоритм өзіне тек ОКЖ-ге енетін командаларды ғана енгізе алады. Алгоритмге деген талап түсініктеме қасиеті деп аталады.
Алгоритмнің келесі бір қасиеті – дəлдік. Əрбір команда атқарушы əрекетінің бірізділігін анықтау үшін құрылу керек. Мысалы, аспазды атқарушы ретінде алып, оның тағам дайындау рецепті бойынша алгоритм құралық. Бірақ рецептің бір бөлімінде “Бірнеше қасық қант салу” – деп жазылса, ол мысал дұрыс болмайды. Неше қасық, қандай қасық (шай қасық, ас қасық)? Əр аспаз өз түсінігі бойынша жасайды жəне нəтижесі əртүрлі болады. Мысалды дəл келтіру үшін былай жазамыз: “2 ас қасық қант салу”.
Орындаушы жұмысы тізбекті формальданған алгоритмнің орындаушы командасынан құралды. Бұл жерден автоматты арындаушы мүмкіндігі тууы мүмкін деп үміттенуге болады. Мұндай алгоритмнің автоматты орындаушысы компьютер болып табылады. Алгоритмнің анықтамасында берілген тағы бір қасиеті – шектелу. Ол былай бейнеленеді: алгоритмнің орындалуы жəне ізделінген қорытындыны алу – шеткі сан қадамның алдында аяқталуы керек. Мұнда əр қадам алдында жеке команданың орындалуы жүзеге асады. Бұл қасиет программист циклданбаған деп атаған жағдайды ескерту болып табылады. Шексіз орындалатын алгоритм нəтижесіз.
Сондықтан шектелу қасиетін алгоритмнің қорытындысы деп те атайды.
Əдебиеттерде алгоритімнің тағыда мынадай екі қасиеті кездеседі:

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау