ІІ. Оқыту мазмұнын тəжірибелік іске асыру.
Оқыту мазмұнындағы аталған фрагмент үшін білімді, біліктілікті жəне дағдыларды меңгеру сабағының немесе зертханалық жұмыс- сабағының конспектісін дайындаңыз.
Оқыту мазмұнының бөлімдері:
Компьютердің негізгі компоненттері жəне олардың қызметтері (процессор, енгізу жəне шығару құрылғысы, оперативті жəне ұзақуақытты жады).
Компьютерді қауіпсіз эксплуатациялаудың гигиеналық, эргономикалық жəне техникалық шарттары.
Компьютер жұмысының программалық принципі. Программалық жабдықтама. Оның құрылымы.
ОЖ қызметі жəне сипаттамасы. Компьютерді іске қосу.
Берілгендер жəне программалар. Файлдар мен файлдық жүйе.
Пайдаланушы мен компьютердің командалық өзара əрекеті, графикалық пайдаланушы интерфейсі.
Компьютерлік вирустар жəне антивирустық программалар.
ІІІ. Студент «портфолиосының» компоненттері.
«Компьютер ақпаратты өңдеудің əмбебап құрылғысы ретінде»
тақырыбы бойынша қызықты фактілерді қамтитын гипермəтіндік құжат құраңыз. Бұл құжатты пайдаланудың əдістемесін сипаттаңыз. Операциялық жүйе құралдары ақпараттық кеңістігін құру техно-
логиясын бейнелейтін блок-схема дайындаңыз.
ІV. Рефлексия.
«Ойға шабуыл» оқу сабағы. Сұрақтарға жауап беріңіз:
сабақтағы қандай жетістіктермен мен бүгін қуана аламын?
не орындалмай қалды жəне мен не туралы өкінемін?
Əдістемелік нұсқаулар
Сабақтың конспектісін дайындау тапсырмасы сабақ типін мақсатқа бағыттау тұрғысынан негіздеуді ұсынады. Зертханалық жұмыс элементтерімен сабақ конспектісін дайындау тəжірибелік тапсырмаларды орындау мысалдарымен міндетті түрде беріледі.
Əдебиеттер
Кушниренко А. Г. Основы информатики и вычислительной техни- ки: учеб. пособие для учащихся / А. Г. Кушниренко, Г. В. Лебедев, Р. А. Сворень. – М.: Просвещение, 1985 (ч.1), 1986 (ч.2).
Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген. – Ал- маты: Атамұра, 2012. – 224 бет, суретті, кестелі.
Шевчук Е. В., Кольева Н. С. Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы, «Мектеп», 2008.
– 128 б.
Селевко Г. К. Педагогические технологии на основе дидактического и методического усовершенствования УВП. – М.: НИИ школьных техно- логий, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |