Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет44/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Курстың теориялық бөлімі ақпараттық үдерістен ақпараттық технологияларға (ақпараттық үдерістердің орындалуын жүзеге асыратын алгоритмдерді құру, кез келген ақпаратты екілік кодтау түрінде көрсету мүмкіндіктері жəне т.б.) өту шартын ашуды негізге ала отырып құрылған.
Курстың практикалық бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру ғана емес, басқа да оқу пəндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар пəнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыру үшін қажетті ақпараттық техно- логия құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруіне бағытталады. Осыған байланысты материалды оқып-үйрену реті бүкіл оқу үдерсінің тиімділігін жəне оқу себебін жоғарылату үшін оқушыларға маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың барынша кең ауқымын ертерек қолдану мүмкін болатындай етіп құрылған. Мысалы, «ақпарат» ұғымы ең алды- мен технологиялық ортаға қатыссыз, алайда бірден бейнесін жəне дыбысын жазу арқылы практикалық жұмыста бекітіледі. Содан кейін ақпаратты компьютерде өңдеудің практикалық мəселелері қарастырылады, оқушылардың əр түрлі ақпараттық объектілерді жайлы түсініктері толықтырыла түседі. Мұнда ақпараттық объект ұғымы оқушыларға алдағы уақытта кездесетін əр түрлі объектілер: мəтін, дыбыс, бейне жəне т.б. үшін жалпылау ретінде пайдаланыла- ды.
Мəтіндік жəне графикалық ақпаратты өңдеудің ақпараттық технологияларымен танысқаннан кейін, информатиканың тағы бір маңызды ұғымы – модельдеу қарастырылады. Бұл кезеңге
дейін оқушылар бізді қоршаған əлемді модельдеудің көрінісі мен сипаттаудың жалпы идеяларын меңгеруге жеткілікті түрде дайын болады.
Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – ал- горитм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-схемалардың жəне құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.
Курстың соңғы бөлімдерінде ақпараттық-коммуникациялық тех- нологиялары жəне АКТ-ны қолдану арқылы ұжымдық жобалық іс- əрекет технологиялары игеріледі.
Курс қоршаған ортадағы ақпаратты қабылдай алу біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған: іздеу, талдау, сыни тұрғыдан бағалау, ақпаратты сұрыптау; ақпаратты ұйымдастыру; ақпаратты тасымал- дау; объектілер мен үдерістерді жобалау, өз іс-əрекетін жоспарлау; жоспарларды құру, жүзеге асыру жəне оған түзету енгізу.
Информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар- ды жоғарғы мектепте базалық деңгейде оқып үйрену негізгі мектеп- ке қарағанда информатиканың мазмұнын іргелі ғылыми пəн ретінде анағұрлым толық ашуға негізделеді. Осыған байланысты жүйелік көзқарас тұрғысынан қарағанда оқып үйренудің басым объектілері ақпараттық модельдеу жəне ақпараттық-коммуникациялық техноло- гиялар болып табылады. Бұл келесілерге мүмкіндік береді:

  • информатика курсының басқа да оқу пəндерімен сабақтасты- ғын қамтамасыз ету;

  • негізгі мектепте информатика пəнінен алынған білімдерін жүйелеу;

  • таңдалынған оқыту бағдарына байланысты білімді тереңдету;

  • болашақтағы кəсіби өсуінің негізін салу.

Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті ақпараттық үдерістердің құрылу жəне қолданылуы жəне қызметінің жалпы заңдылықтарын оқып үйрену.
Мазмұны жағынан қарастырғанда бұл əлемді жүйелі түрде көруге, ақпараттық модельдеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды, бұл өз алдына информатиканың басқа да мектеп пəндерімен пəнаралық байланыстарының кеңейіп тереңдеуін қамтамасыз етеді. Іс-əрекет тұрғысынан қарастырғанда бұл негізгі ақпараттық үдерістерді талдау əдіснамасын құруға жəне көрсетуге мүмкіндік
береді, атап айтқанда:

  • ақпарат массивтерін сақтау (мəліметтер қорын басқару жүйелері, ақпараттық-іздеу жүйелері, геоақпараттық жүйелер);

  • ақпаратты өңдеу (жүйелік программалық жабдық, құрал- саймандық программалық жабдық, автоматтандырылған жұмыс орны, офистік пакеттер);

  • ақпаратты тасымалдау (желілер, телекоммуникациялар);

  • басқару (автоматты басқару жүйелері, автоматтандырылған басқару жүйелері, операциялық жүйе компьютерді басқару жүйесі ретінде).

Əдіснамалық тұрғысынан қарастырғанда оқыту үдерісінде келесі сəттерге көңіл аудару керек.
Информатиканың маңызды ұғымдарының бірі ақпараттық мо- дель ұғымы болып табылады. Ақпаратпен жұмыс істеген кезде біз да- йын ақпараттық модельдермен жұмыс істейміз (оларды бақылаушы рөлінде боламыз) немесе ақпараттық модельдерді өзіміз құрамыз. Компьютердегі кез келген үдерісті ақпараттық модельдеуді құрусыз жəне зерттеусіз оқыту мүмкін емес. Модельдеудің іс-əрекеттік си- патын атап өту маңызды. Ақпараттық модельдеу информатиканың зерттеу объектісі ғана емес, танымдық, оқу жəне практикалық іс- əрекеттің маңызды тəсілі болып та табылады. Сонымен қатар, оны ғылыми зерттеу жəне іс-əрекеттің өзіндік əдісі ретінде қарастыруға болады.
Мектеп информатика курсының теориялық жəне практикалық компонеттерінің мазмұны 50х50 қатысында құрылуы керек. Практикалық жұмыстарды орындағанда басқа пəндік салалардың өзекті мазмұндық материалдары мен тапсырмаларын қолданған дұрыс. Əдетте, мұндай жұмыстар бірнеше оқу сағаттарына есептелінеді. Практикалық жұмыстың бір бөлігі (ең алдымен ақпараттық жəне коммуникациялық технология құралдарын қолдануды талап етпейтін дайындық кезеңі) оқушылардың үй тап- сырмаларына, жобалық іс-əрекетіне енгізілуі мүмкін; жұмыс бірнеше бөлікке бөлініп, бірнеше апта бойы іске асырылуы мүмкін. Жұмыс көлемі мектеп компонентін жəне басқа пəндермен сабақтастықты қолдану есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
Құзырлы білім беру жағдайларында оқыту үдерісін ұйымдас- тырудың маңызды ерекшелігі информатика бағдарламасында ерек- ше атап өтілгендей білім берудің күтілетін нəтижелеріне жетуге бағытталғандық болып табылады. Мəселені осылай қою МЖС
ЖОБ-да айтылғандай, оқушыларға жалпы білім беру жəне тəрбиелеу сапасын жетілдіру маңыздылығы мен оған қойылатын талаптарға толығымен сəйкес келеді.
Жалпы білім беретін мектепте информатиканы оқытуды
«спираль» бойынша ұйымдастырған абзал: барлық оқытылатын желілер (модульдер) ұғымдарымен алғашқы танысу, содан кейін оқытудың келесі сатысында бұл модульдердің мəселелерін осы модульге қатысты жаңа ұғымдарды енгізе отырып, нақты түрде сапа жағынан жаңа негізде оқып үйрену жəне т.б. Мұндай «спи- раль орамдарының» саны нақты мектептегі информатика пəніне берілетін оқу сағаттарының санына байланысты екі немесе үшеу болуы мүмкін. Жоғарғы мектептің базалық деңгейінде бұл негізгі мектептің информатика курсының негізгі мазмұндық желілерін жан- жақты анағұрлым тереңірек оқып үйренуге жағдай жасайды, екінші жағынан бұл оқытудың нақты кəсібилендірілуіне мүмкіндік ашады.
«Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы» желісінің мазмұнын ашуда оқушылар информатиканың іргелі ұғымдары аумағы бо- йынша өз білімдерін тереңдетеді жəне жүйелейді. Оқыту АКТ-мен толық жабдықталған жағдайда, яғни компьютерлерден өзге əр түрлі перифериялық құрылғылары бар, соның ішінде үдерістерді визуали- зациялау, компьютерді басқаратын əр түрлі құрылғылары оқыту бар ортада жүзеге асатын болса, онда оқытудың тиімділігі артады. Бұл бөлімнің мазмұны инварианттықтың жоғары дəрежесіне ие. Есепті шығару негізінде, соның ішінде алгоритмдік тілдерді қолдану арқылы жүйелік жəне алгоритмдік ойлаудың дамуы жалғасады. Бұл іс-əрекеттің тікелей жалғасы практикалық жұмыс болып табылады.
«Ақпараттық модельдеу» мазмұндық желісін оқып иге- ру табиғаты əр түрлі жүйелерде (физикалық, техникалық жəне т.б.) басқару модельдерін сипаттау жəне құру біліктіліктерін қалыптастыруға, сонымен қатар жаратылыстану, қоғамтану, матема- тика жəне т.б. аумақтарда модельдер мен модельдеуші программа- ларды пайдалануға бағытталады.
Информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық тех- нологиялар жəне сандық білім беру ресурстары білім беру, ди- дактика жəне танымдық сипаттағы құралдар ретінде пайдаланы- лады. Оқу бағдарламасында оқушыларды ақпараттық орта құру бойынша ақпараттық саясатты жүргізу қажеттілігіне, сонымен қатар адамзаттың орнықты дамуын жəне «өмір бойы білім алу»
мəселелерін шешу қажеттіліктеріне сендіретін оқытудың іс-əрекеттік жəне құзырлылық көзқарастары ерекше орын алады.
Аталған пəнді оқып үйрену келесі біліктіліктердің одан əрі дамуына көмектеседі:

  • ақпаратты жүйелі түрде талдау;

  • əр түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу;

  • өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу;

  • модельдеу;

  • болжау;

  • өзіндік жəне ұжымдық іс-əрекеттерді ұйымдастыру. Қазақстанда ақпараттық қоғамының дамуымен мектеп инфор-

матика пəнінің мазмұнына келесі ұғымдар мен терминдер енгізілді: ақпарат, ақпараттық үдерістер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық мəдениет, ақпараттық ресурстар, алгоритм, орындаушы, програм- ма, операциялық жүйе, программалық жабдық, аппараттық жабдық, ақпараттық-коммуникациялық технология жəне т.б.
Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттың алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыратын курсқа айналады.
Оқыту бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімге оқушыларда теориялық білім негізінде практикалық есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Оқу материалының практикалық жұмыстары ақпараттық-коммуникациялық технология- лардың көмегімен бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, анықтау, атау жəне көрсету біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған, яғни жеке курс шеңберінде күтілетін нəтижелерге жетуге жағдай жасай- ды. Мұнда курстан курсқа өткенде бағалау мен болжауға берілетін тапсырмалардың саны ұлғая береді, ал соңғы кезеңінде мұндай типті практикалық жұмыстардың сандық үлесі үстем болады.
Практикалық жұмыс жүйесі оқушының негізгі теориялар мен біліктіліктерді, үдерістер мен құбылыстарды, ақпарат туралы білімдерін информатиканың ғылыми тұрғыда берілетін информа- тика курсының мазмұнымен үйлестіре білуге мүмкіндік береді. Бұл практикалық-бағытталған тапсырмалардың кешенді сипатының шарты болып табылады, өйткені олар коммуникативтік, ақпараттық құзырлылық жəне мəселелерді шешудің құзырлығы сияқты түйінді құзырлылықтарды жүзеге асыруға бағытталады.
Информатиканың оқу бағдарламасы математика, физика, биоло- гия, химия, тарих жəне т.б. пəндермен пəнаралық сабақтастықтың зор мүмкіндіктеріне ие. Бұл бір жағынан информатика пəнінен əсіресе, ақпараттық үдерістер, құбылыстар жəне информатиканың пəнаралық байланыстары бойынша білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі, екінші жағынан информатиканы оқи отырып жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық жəне технологиялық бағыттағы шекаралас оқу пəндерінен білімдерін тереңдетеді.
Мұғалім білім беру үдерісінің белсенді субъектілері болатын оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастырады.
Республика мектептерінің 12-жылдық білім беруге көшуі мектеп информатикасының бұрыннан келе жатқан проблемасы болып табы- латын осы оқу пəнін мектептің негізгі сатысынан бастауыш сатысы- на көшіруге жағдай жасайды.
Қазақстан өз тəуелсіздігін 90-жылдардың басында алғанына қарамастан, ақпараттандыру мен информатиканы оқыту саласы Қазақстанда өз бетімен Ресей мемлекетінсіз бірден дамып кете алма- ды. Сондықтан да, 1998 жəне 2002 жылдардағы Қазақстан Республи- касы білім беру мемлекеттік стандартының «информатика» пəнін оқытуға қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дəйектілігі сол кезеңдегі білім беру үдерісінің жағдайына сəйкес жəне жоғарыда көрсетілген төртінші кезеңге толықтай сай. Əрі сол уақыттағы Ре- сей стандартының негізгі тұғырнамалары ешбір өзгеріссіз қайта тұжырымдалды [36, 37].
Қазақстан Республикасы үшін информатиканы оқытудың əдістемелік жүйесінің келесі даму кезеңі, мектеп информатика- сын оқытуды іргелендірудің жалпы білім беретін мəнін артты- румен сипатталуы қажет. Осыған байланысты болашақта мек- теп информатикасының іргелі негіздерін бөліп көрсету бойынша, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты оқу материалының мазмұнын бейімдеу жəне оқу уақытының нормативін бейімдеу бо- йынша, курсты құрастырудың өзегін анықтау бойынша, пəнішілік жəне пəнаралық байланысты жүзеге асыру бойынша іздену жұмыстарын жүргізу қажет.

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау