0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының дипломалды педагогикалық тәжірибесі бойынша
ҰСЫНЫСТАР
2017 ж.
Педагогикалық тәжірибенің алғашқы күніне үлгі жоспар
Мектептегі бірінші күн
1. Директормен (немесе орынбасарымен) әңгімелесу.
2. Мектеппен, мептің құжаттамасымен танысу.
3. Пән бойынша бекітілген мұғаліммен танысу және әңгімелесу.
4. Бағдарламаларды, пән бойынша ОӘК, оқулықтарды зерделеу.
Мектептегі екінші күн
1. Пән және басқа да пәндер бойынша сабақтарға қатысу және талқылау.
2. Сыныппен танысу, оқушылардың білім деңгейін зерделеу, оларды дәптерлерімен, журналдағы бағаларымен танысу, оқушылардың жеке істерін зерделеу.
3. Кабинетпен, оның жабдықтарымен танысу.
Мектептегі үшінші күн
1. Бекітілген сыныптағы пән және басқа да пәндер бойынша сабақтарға қатысу және талқылау.
2. Сынып жетекшімен танысу және әңгімелесу.
3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар және сабақ жоспары бойынша мұғалімнің кеңесі.
4. Сынып жетекшінің немесе пән мұғалімінің сыныптан іс-шараларына қатысу және талдау.
5. 9, 11 сынып оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарының қағазын толтыру.
Тәжірибеленуші жұмысының жеке жоспарын құру.
Жұмыстың келешекке арналған жоспары студентке өз қызметін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі, бұл жоспар келесі сызба бойынша екіншісінен басталып, әр аптаға құрылады:
Бүгінгі күн және апта күні
|
Жұмыстың мазмұны
|
Уақыты
|
Ескерту
|
|
1.Сабақтарды өткізу
|
|
Пәндердің тізімі
|
|
2.Сабақтарға қатысу
|
|
Қай сыныптарда
|
|
3.Мұғалімнің кеңесі
|
|
Қай пәндер бойынша
|
|
4.Артта қалғандармен қосымша жұмыстар
|
|
Балалардың тегі, қай пәдер бойынша
|
Оқу-әдістемелік кешенін зерделеу бойынша
ҰСЫНЫСТАР
Бұл материалдарды зерделеу тиімді болу үшін тәжірибеленушіге:
1. Бағдарламаға берілген түсініктеме хатын оқуы,
2. Алдыңғы және ол жұмыс істейтін сынып оқушыларының тәжірибелік ептілігі мен біліміне талаптарды зерделеуі,
3. Оқушылардың қандай білімі, шеберлігі, дағдылары бар екендігін анықтауы,
4. Осы сынып бойынша талаптардың барлық көлемін жазуы қажет.
Для Оқулықты зерделеу үшін тәжірибеленушіге:
оқулықтың құрылымын және жеке параграфты анықтауы;
«Мұғалімнің кітабы» және оқулықтың тақырыптық текстерін зерделеуі және ұсынылған бағдарламаның тақырыбымен салыстыруы;
оқулықтан алдыңғы тоқсандағы сөздеріді тауып,оқушылардың бастайтын жұмысының тақырыбы бойынша сөздік құрастыруы;
осы параграфты зерделеу жұмыстарына керек алдыңғы оқыған оқиғаар мен құрылымдар тізімін құрастыруы;
оқулықтағы жаттығулар сипаттамасына талдау жүргізуі қажет.
Сынып жоспарын құруға қажетті кезекті параграфты зерделеуде мыналарға назар аудару керек:
- жаңа материалдың саны мен сипаттамасына;
- параграфтағы жаттығулардың жүйелігіне;
- «Мұғалім кітабы» және оқулықтағы тестердің сипаттамасы мен тағайындалуына.
«Мұғалімнің кітабын» зерделеу үшін:
«Мұғалімнің кітабын» жүргізуге жұмыс істеуі,
Оқытудың осы деңгейі ерекшеліктеріне және сабақта жүргізілетін негізгі жұмыс түрлеріне мәсіметтер жасауы,
Аудиторияға қажетті қосымша материалдарды таңдауы және белгілеуі,
Бақылау жұмыстарына материалдар таңдауы,
Магнитофондық жазбалардың барын анықтауы, олар жоқ болған жағдайда қажетті жаттығуларды ұйымдастыруы,
Берілген сабақ немесе параграф бойынша аудиотехникамен жұмыстар жасаудың әдістерін анықтауы,
Грамматикалық кестелердің, көрнекіліктердің, сюжеттік картиналардың, үлестірме дидактикалық материалдарының бар екендігін анықтауы, оларды қосымша жасау керектігін анықтауы,
Видеоматериалдарын бар екендігін және оларды сабақта қолдану әдістерін анықтауы керек.
МҰҒАЛІМНІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІН ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Мұғалімнің жұмыс жүйесін зерделеу үшін мыналар қажет:
Толық жазбалар жүргізу – талдау жүргізгенде көмектесетін және өз конспектіңді құрғанда ең бастысын айқындауға үйрететін сабақтардың фотолары,
Мұғалімнің сабақтарына қатысу, бұл ретте сабақтардың бір-бірімен логикалық байланыс жүйесінің болуы;
Мұғалімнің сабағына қатысқан уақытта келесідей тапсырмалар болуы керек;
а) жаттығуларды орындаудағы мұғалімнің нұсқамасын жазу (осы нұсқамалардың ықтимал нұсқаларын ойластыру);
б) сабақтың негізгі мақсатын және ілеспе міндеттерін, сабақтың түрін анықтау;
в) сабақтың кезеңдерін белгілеу, әрқайсысының мақсатын анықтау. Сабақ мақсатының баламаларын және олардың өзара байланысын бағалау;
г) бір кезеңнен екіншісіне ауысуын, олардың ұзақтылығын бақылау;
д) сабақты ұйымдастырудағы мұғалімнің қызметін бақылау және олардың сабақтың басқа кезеңдерімен байланысын, оның сипаттамасын анықтау; жаңа материалды енгізуде оны зерделеу амалдарын айту; тиімділік бағасын беру;
е) жаңа материалдың алдын оқыған материалмен байланысын қадағалау;
ж) мұғалімнің сыныппен жасаған байланысын, түрлі жұмыстарға еліктіретіндігін, оқу-жаттығу мотивациясын және қызығықтыратындығын қадағалау,
з) жаттығулардағы тапсырмалардың нақты тұжырымдамаларын анықтау;
и) мұғалімнің жұмыстардың жаппай, топтық және жеке түрлерін қалай үйлестіретіндігін анықтау;
к) оқушылардың сабақтағы қарқындылық деңгейін анықтау мұғалімнің сөздері мен оқушылардың жауаптарының қатынасы);
л) мұғалімнің педагогикалық тактісіне назар аудару.
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Мектептен тыс жұмыстар жағдайын зерделеу мақсатында тәжірибеленушіге:
мектептегісыныптан тыс жұмыстардың қай үлгілері аса танымал екендігін анықтау;
тәрбиелеу іс-шараларының жоспарымен танысу;
сыныптан тыс іш-шаралардың ресімделуімен танысу;
тәжірибе кезеңінде қандай іс-шаралар жоспарланып отырғандығын білу;
өзінің іш-шараларын ойластырып, ұсынуы;
сызба бойынша өзінің тәрбие жұмыстарының келекшек жоспарын құрастыру керек:
№
|
Апта күні, бүгінгі күн
|
Жұмыстың мазмұны
|
Жұмысқа дайындық
|
Ескерту
|
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
- жоспарды құрғанда оның санын емес, сапасын басшылыққа алыңыз;
- сіздің кәсіптік дағдыңыз бен икеміңізді толықтай көрсететін іс-шараларды өткізіңіз;
- жоспарлағанда атаулы күндер мен дәстүрлі мерекелерді ұмытпаңыз.
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ
Оқу жұмысын жоспарлау тақырып бойынша перспективалық жұмыстарды ұсынуға, берілген тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орны мен рөлін анықтауға, әр сабақтың мақсаты мен кезеңін қалыптастыруға, сабақтағы барлық жұмыс түрлерін жүзеге асыруға және олардың арасындағы өзара байланыс сипаттамасын көруге мүмкінік беретін тақырыптық жоспар құруғадан басталады.
Тақырыптық жоспарды құрастыру үшін:
1. Материалдың көлемін анықтау.
2. «Мұғалімнің кітабы» ұсынысын зерделеу.
3. Материалдармен жұмыс кезеңін және бағдарламалық талаптарды есепке ала отырып, әр сабақтың мақсатын дұрыстау.
4. Мақсатқа жетуге қажетті жұмыстар мен жаттығулар түрлерін қарастыру.
5. Үй жұмысын жоспарлау.
6. Жабдықтарды, ТСО және көрнекі құралдарды ойластыру.
7. Берілген сыныптың ерекшелігін (дайындың деңгейін, олардың танымдық белсенділігін, пәнге қызығушылығын, мұғалімге қарым-қатынасын) есепке алу.
САБАҚҚА ДАЙЫНДЫҚ
Сабаққа дайындық жоспарды құрумен ғана шектеліп қоймайды. Белгіленген жоспарды жүзеге асыру бойынша өзінің ұйымдастырушылық және коммуникативтік-оқыту қызметінің жеке элементтеріне дайындық жасау керек.
Оған мыналар керек:
1. Уақытты тұспалдап отыру үшін екі тарапты рөлін атқара отырып, барлық сабақты дауыстап шығу.
2. Тақтаны ресімдеуді, көрнекіліктерді қолдануды, оларды жүйемен орналастыруды және олардың тиімділігін ойластыру.
3. Аудио, видео және басқа да техникаларды алдын ала дайындап қою.
4. Алдыңғы сабақтарда алынған ескертулерді қарау.
Тәжірибе барысындағы сабақтарға әдістемелік талдау жасау
Методический анализ уроков во время практики мұғалімнің зерттеу функцияларының орындалуын және көрсеткіштерінің негіздерін құрайды.
САБАҚТЫ ТАЛДАУ СЫЗБАСЫ
Тақырып немесе тақырыпша бойынша сабақтар жүйесіндегі берілген сабақтың орны, сабақ мақсатының дұрыс қойылғандығы.
Сабақты ұйымдастыру:
а) сабақтың түрі;
б) сабақтың құрылымы; оның жеке элементері, олардың бірізділігі және уақыттағы мөлшері; оның мазмұнына және қойылған мақсатына сабақ құрылымының сәйкес келуі;
в) сыныптың сабаққа дайындығы;
г) сабақ бойы белсенді жұмысқа оқушылардың ұйымдастырылуы;сабаққа жаппай, топтық ұжымдық және жеке-дара жұмыстардың сәйкес келуі;
д) сабақтың тығыздығы; уақытты ұтымды пайдалану.
3. Сабақтың мазмұны:
а) материалдың ғылымдығы;
б) сабақтың түрлі кезеңдері және оқушылар қызметінің түрлері үшін материалдарды дұрыс таңдау;
в) мұғалім жұмыс істейтін бағдарламалар талаптарына сабақ мазмұнының сәйкес келуі;
г) сабақтың тәбиелік бағыты;
д) теорияның тәжірибемен байланысы; білімнің тәжірибелік маңызын мұғаліммен ашу; оқушыларды өз білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету;
е) зерделейтін материалдың алдыңғы өткен материалдармен байланысын зерттеу; өткенді қайталау амалдары;
ж) пәнаралық байланыстар;
з) мұғалімнің сөйлеуі; сауаты; эмоциясы, логикалық байлығы;
и) оқушылардың білім, шеберлік және дағдысының сапасы;
к) оқушылардың сөйлеуі.
4. Сабақты өткізу әдістемесі:
а) сабақты жабдықтау, көрнекі құралдарды пайдалану, дидактикалық материалдарды сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалану;
б) сабақты әр кезеңінде мұғалімнің қолданатын әдістері мен тәсілдері;
в) сабақтың мазмұны мен мақсатына, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне әдістердің сәйкес келуі;
г) мұғалімнің оқушылар алдында сабақтың мақсатын қоюы және қорытынды жасауы;
д) сабақтан артта қалғандар мен үлгерімі төмендермен жұмыс;
е) мұғалімнің белсенді оқыту әдістерін иемденуі, берілген сабақта осы әдістерді жөнімен қолдану;
ж) мұғалімнің оқушылардың білімін бағалау жүйесі.
5. Мұғаліммен сабақтағы қатынасы: екпін, қарым-қатынас стилі; сыныппен және жеке балалармен байланыс жасау мәнері.
6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен мінез-құлқы:
а) сыныптың және жеке оқушылардың белсенділігі;
б) оқушылардың сабақтағы қызығушылығы;
в) оқушылардың мұғалімге қарым-қатынасы;
г) оқушылардың тәртібі мен ұйымшылдығы;
д) оқушылардың сөйлеу мәнері, қойылатын сұрақтар.
7. Сабақтың жалпы қорытындысы.
8. Осы сабақтың тәжірибесі алдағы жұмыстарда қалай есепке алынады?
Ұйымның оқу-тәрбие жұмысының үлгі жоспар-кестесі
|
Апта күндері
|
|
|
|
|
|
|
1.Оқушыларды және сынып ұжымын зерделеу
|
|
|
|
|
|
|
2. Пән бойынша оқу-тәрбие жұмыстары
|
|
|
|
|
|
|
3.Оқушылармен тәрбие жұмыстары
|
|
|
|
|
|
|
4.Қоғамдық-педагогикалық жұмыс
|
|
|
|
|
|
|
5.Әдістемелік және зерттеу жұмысы
|
|
|
|
|
|
|
Қолы_____________________________
Достарыңызбен бөлісу: |