Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет30/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

ИНФОРМАТИКА САЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ


    1. Оқушыларда информатика саласының білім беру мазмұнын қалыптастырудың жалпы дидактикалық принциптері


«Білім беру» заңына сəйкес білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:



  1. Білім беру мазмұны қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік факторларының бірі болып табылады жəне ол жеке тұлғаның өзін- өзі тануын қамтамасыз етуге өзін пайдаға асыруына жағдай жасауға, адамзаттық қоғамның дамуына, құқықтық мемлекетті нығайтуға жəне жетілдіруге бағытталуы тиіс.

  2. Білім мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

    • оқушыларда қазіргі заманғы білім деңгейіне жəне білім беру жоспарына сəйкес көзқарас қалыптастыру;

    • қоғам мəдениетінің жалпы жəне кəсіптік деңгейін əлемдік деңгейге жеткізу;

    • жеке тұлғаның əлемдік жəне ұлттық мəдениет жүйесіне мем- лекет аралық қатынасын жасау;

    • қазіргі заманғы қоғамға енген жəне сол қоғамды жетілдіруге ынталы азамат-адам қалыптастыру;

    • қоғамдағы кадр потенциалын көтеру жəне дамыту.

  1. Білім беру мазмұны адамдардың, əр ұлтты халықтың, əртүрлі нəсілдің, ұлттық, этникалық, діни жəне əлеуметтік топтардың бірлесіп жұмыс істеуіне, өзара түсінісуіне əсер етуі керек.

Көзқарастардың əртүрлілігін ескере отырып, оқушылардың өз көзқарасы мен сенімін еркін таңдап алу құқының жүзеге асырылуы- на мүмкіндік жасау.
Белгілі дидакт В. С. Ледневтің пікірі бойынша «білім берудің мазмұны – біріншіден, өткен ұрпақ тəжірибесін меңгеруімен, екіншіден, жеке тұлғаның өзіне тəн қасиеттерінің қалыптасуымен, үшіншіден, адам денесі мен ақыл ойының дамуымен сипаттала- тын біртұтас үш бірлікті үдерістің мазмұны. Мұнда оқыту жетекші
қызмет атқарады, тəжірибені меңгеру – білім берудің ең жақын жəне тікелей мақсаты болып табылады.
Тəрбиелеу мен дамыту жанама түрде жүзеге асырылады, бұл алыстан əрекет ететін аймақ тəрізді. Соған қарамастан білім беру үдерісі үш бірліктен тұрады» [1, 54-б.]. Осыдан білім берудің үш компоненті шығады, «оқыту» орталық орынға ие болады (4.1-сурет):



4.1-сурет. Білім беру компоненттері

Б. Т. Лихачев жалпы орта білім беру мазмұнын құрудың төмендегідей негізгі жалпы əдiснамалық принциптерін белгілейді [2, 371-б.]:



    • оқу материалының жалпы білімділік сипаты;

    • бiлiм мазмұнының адамзаттық жəне ізгілік бағыты;

    • оқу материалының қоғамымыздағы өзгерістер тəжірибесімен байланысы;

    • оқу материалының негіз қалаушы жəне жүйелік сипаты;

    • оқылатын курстардың байланыстылығы (интегративтігі);

    • білім беру мазмұнының ізгіліктік-этникалық бағыттылығы;

    • оқу материалының дамытушы сипаты;

    • оқу пəндерінің өзара байланыстылығы жəне үйлесімділігі;

    • білім беру мазмұнының эстетикалық жайлары;

Жалпы мектептік білім беру мазмұнының жалпы дидактикалық сипаттамасы көптеген жұмыстарда кездеседі [3-5]. Оларда кездесетін көзқарастардағы қарама-қайшылық қойылған мəселенің мағынасында емес, сол бір ұғымның түсіндірілу əдісінде жатыр.
Ондай ұсыныстардың ішінен айтарлықтай тұжырым табылмаса да, оқу құралдары мен жоспарларын жасау үшін пайдасы көп екені белгілі.
В. С. Леднев [6] тұжырымдаған жалпы білім беру мазмұнындағы білім саласының бейнелеу принциптерін атауға болады. Автор
оны «базалық компоненттерді білім беру құрылымына бинарлы кірістiру» принципі деп атады, себебі, əрбір білім саласы білім беру мазмұнында екі рет қайталанады. Біріншіден, жеке пəн ретінде, екіншіден, тұтас мектептік білім беру мазмұнында «тура бағыт» ретінде қарастырылады. Информатика жəне ақпараттық технология үшін мұндай принциптің маңызы үлкен, себебі олар жеке оқу пəні ретінде де, бүкіл мектепті ақпараттандыру арқылы да таратылады.
Информатиканың мектептік курсын таңдауда аталған принциптерді қолдана отырып, əдетте диалектикалық қарама- қайшылықта болатын негізгі факторлардың екі тобына тоқталайық:

  1. Ғылымилығы жəне практикалығы. Информатика пəнінің мазмұны информатика ғылымынан бастау алу керек (яғни, ғылымның қазіргі күйіне қарсы келмейтіндей жəне əдістемелігі жағынан біртұтас болуы керек). Пəнді оқыту нəтижесінде келешекте əртүрлі салаларда кəсіби қызмет атқара алатындай деңгейде оқушыларды іргелі біліммен қамтамасыз ету керек (практикалылығы).

  2. Жалпыға бiрдейлiгi жəне жалпы білім беретіндігі. Оқу пəнінде қамтылған материалдар оқушылардың көпшілігі меңгере алатындай болуы, олардың ақыл-ойының даму деңгейіне жəне біліміне, біліктілігіне, дағдыларына сай келетіндей болуы тиіс. Со- нымен бiрге информатика курсы информатика ғылымының тиісті бөлімдерінен, мейлiнше жалпы маңызды, жалпы мəдениетті, жалпы білім беретін мəліметтерді қамтуы керек.

Қарапайым тілмен айтқанда, информатиканың мектептік кур- сы, бір жағынан қазіргі заманғы ғылым мен практика талаптарына сай болуы, екінші жағынан, қарапайым жəне оқуға оңтайлы болуы тиіс. Осындай екі топтағы талаптарды біріктіру əдістемелік мəселе жағынан оңай емес.
Информатикалық білім беру мазмұнын Кеңес мектептерінде қалыптастыру күрделі де, қарама-қайшылыққа толы үдеріс жəне ол кезең өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталады. Бұл жерде оқушылардың ақпараттық бiлiмiнiң мазмұны мəселесіне арналған теориялық жаңалықтар, осы саладағы жекелеген тəжiрибелiк жетiстiктер өте əлсiз, жай дамыды, сондықтан практик мұғалiмнiң бұл салада қажеттi əдiстемемен қарулануы баяу түрде жүргiзiлдi. Информатика жəне есептеуіш техника негіздері курсын орта мектеп- ке енгiзу кезеңiнен бастайық.

    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау