Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет28/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Ғылыми дүниетаным негiздерiн қалыптастыру.

Бұл жағдайда, ең алдымен əңгiме: əлемнiң қазiргi кездегi ғылыми бейнесi құрылатын, ғылымның үш негiзгi ұғымдарының: зат, энер- гия, ақпарат туралы түсiнiктi қалыптастыру туралы; табиғаты əртүрлi өзiн-өзi басқару жүйелерiнiң құрылысы жəне жұмыс iстеуiнiң ақпараттық принциптерiнiң бiрлiгi туралы.

    1. Ақпаратпен жұмыс iстеудiң жалпы оқулық жəне жалпы мəдени дағдыларын қалыптастыру.

Мұнда ақпарат көздерiн сауатты қолдану икемдiлiгi, ақпараттың дұрыстығын бағалау, ақпарат пен бiлiмнiң байланысы, ақпараттық үдерістердi дұрыс ұйымдастыру икемдiлiгi, ақпараттық қауiпсiздiктi бағалау туралы.

    1. Оқушыларды мамандыққа дайындау.

Мамандыққа көзқарастың өзгеруiне жəне экономикадағы ақпараттық сектор үлесiнiң өсуiне байланысты оқушыларды ақпаратты өңдеумен шұғылданатын iс-əрекеттiң əртүрлi саласына дайындау қажет болып отыр. Бұл ақпараттандыру жəне ақпараттық технологиялар құралдарын меңгерудi өзiне қосып алады. Басқару саласында алғашқы дайындықтың қажеттiгiн ерекше атап көрсеткенiмiз жөн. Көптеген технологияға байланысты дамыған елдер мұнда мемлекеттiк жəне экономикалық дамудың табысты кепiлiн көретiнi белгiлi.

    1. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды меңгеру үздiксiз бiлiм беру жүйесiне өтудiң қажеттi шарты ретiнде.

Мұндай дайындықтардың қажеттiлiгi үздіксiз бiлiм беру ерекшелiктерiнен: жекелей бiлiм беру бағыттарының жүзеге асуы- нан, бiлiм беру үдерістерiнiң саралануынан, оқыту құралдары рөлiнiң күшеюiнен шығады. Оқушыларға информатикалық бiлiм беру мақсатына неғұрлым толық түрдегi қазiргi көзқарастар ғасырлар тоғысында қаралған 12-жылдық мектеп тұжырымдамасының [38, 39] негiзделуiмен байланысты жарыққа шықты. РБА академигi А. А. Кузнецовтың [40] осы жағдайларға байланысты келтiрген жəне оған сiлтеме жасаған аргументтерi информатикадан жалпы бiлiм берудiң негiздерiн дамытуға бағытталған, яғни ол информа- тикадан бiлiм беру мазмұнындағы технологиялық компоненттердiң орнын жеткiншек ұрпақты мамандыққа дайындаудағы құрал ретiнде қарастырады. Ол В. Г. Кинелевтiң [41] пiкiрiне сiлтеме жасай отырып, яғни “… бiлiм берудiң жаңа парадигмасын логикалық байланысқан
үштiк ретiнде тұжырымдайды: əлемнiң бiртұтас бейнесiнен – бiртұтас, толық бiлiмге жəне ол арқылы – толық, бүтiн тұлғаға”, А. А. Кузнецов өз тұжырымын ұсынады, “… бiлiм берудiң басты мақсаты, адамның iс-əрекетi мен ойлауының жаңа тəсiлдерiн беретiн бiртұтас, толық дүниетаным қалыптастыру”-деп атап көрсетедi [40].
12 жылдық білім беру жағдайында оқытудың мақсаты – «... қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» бо- лып табылады [32]. Осындай тұлғаны қалыптастыруда информа- тиканы оқып-үйренудiң маңыздылығын бағалау қиынға түседi. Сондықтан да əлемнiң ғылыми бейнесiн қалыптастыру, мектепте информатиканы оқып-үйрену мəселелерiнiң iшiндегi ауқымдысы болып отыр. Мұндай тұжырымдардан информатиканың білім беру мақсаты – мазмұнның ақпараттық бөлігі (түрлі ақпарат көздерінде ақпараттарды іздеу, сынау, түрлендіру, жеткізу); техника бөлігі (компьютер құрылымы, жұмыс істеу механизмі, есептер шығару), операциялық жүйе бөлігі (операциялық жүйені баптау, файл- дар құру, операциялық жүйенің стандарттары программаларын қолдану), қолданбалы программалар бөлігі: (Word, Ехсеl, Access), программалар бөлігі (Паскаль, объектіге бағдарланған программалау тілдері туралы алғашқы түсінік) негізін меңгертіп, оқушылардың іс- əрекетінің əмбебап тəсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нəтижесі ақпараттық құзырлылығын қалыптастыруды көздейді.
Ақпараттық құзырлылық дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ақпараттық технологиялардың көмегімен ішкі жəне сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, оқушының білім беру жүйесіне деген əлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке жəне қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-əрекетке дайындығы [42].
Ақпараттық құзырлылықты екі құраушының жиынтығы ретінде қарастырады: компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мəдениет [43]. Бұдан информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге бо- лады (3.3-сурет):



?








ljáǸǩǹǩǻǻȄá áçǰȄǹǴȄǴȄá



ljáǸǩǹǩǻǻȄá ǵÝǭǮǶDZǮǻ

ǓǷǵǸȅȇǻǮǹǴȎdz ǺǩǼǩǻǻȄǴȄá

ljǴǬǷǹDZǻǵǭȎdz ǵÝǭǮǶDZǮǻ
3.3-сурет. Информатикадан білім беру мақсатының даму эволюциясында ақпараттық құзырлылықтың алатын орны

Бұл тенденцияны ескермеу немесе информатиканы оқып- үйренудегi құзырлылық аспектiлердi бүгiнгi қоғамның қарқынды дамуында ақпараттық технологиялармен алмастыруға болмайды. Бұл күнде информатика – əлемдiк ғылымының стратегиялық маңызды жəне келешектегі «өсу нүктелерiнiң» біреуi. Информатиканың жəне ақпараттық үдерістердiң табиғат пен қоғам дамуындағы орнын философиялық қайта болжау жүзеге асырылуда, ақпараттық ыңғайдың ғылыми таным тəсiлi ретiндегi жалпы ғылыми мағынасын түсiну артып келедi.





жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау