Көптеген ғалым-педагогтар, алғашқы оқу бағдарламасын дайындаушылар мойындағандай мектептердің жоғарғы сатысында ғана информатиканы оқытудың жеткіліксіздігі уақыт өткен сайын сезіліп келеді [16].
1990 жылдардың басында-ақ, информатика курсы мектептер- ден енгізілгеніне 5 жыл өткеннен кейін (экспериментальдық бас- тама) тəжірибеге деген ынта негізінде жалпы орта мектептерде информатиканы оқытудың жаңа құрылымы жасала бастады. Жаңа құрылымның ерекшелігі, бір жағынан «жаңару» жəне төменгі буынға лайықталып оқу мазмұнының «азаюы» болса, екінші жағынан, информатика саласы бойынша мектептегі білім берудің базалық мазмұны бөлшектенді. Бұл 1990 жылдардың басында Ре- сей Федерациясының Оқу министрлігі ұсынған эксперименттік оқу жоспарларында [17] көрініс тапты, олар информатиканы үздіксіз оқыту тұжырымдамасының бастамасы еді.
Жинаққа енгізілген бағдарламалардың ішінен екі бағдарламаны қарастыруға аламыз: Роботландия программалық-əдістемелік жүйеге негізделіп, бастауыш мектептердегі информатика курсының бағдарламасы жəне орта мектептің базалық буынына арналған ин- форматика курсының бағдарламасы.
Бұл бағдарламаларға жасалған талдау, оқыту мазмұнының қалыптасуына сол кездерден-ақ қалыптасқан сатылап оқытудың алынғанын, сондай-ақ əртүрлі жастағы оқушыларды информатикаға оқыту мазмұнын қалыптастыруға қандай тенденция керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған информатика курсының бағдарламасы. Бағдарламаны жасағандар: (А. М. Гольцман, А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин).
Бұл курстың мақсаты – есептерді шешудің алгоритмдік тəсілдерін дамыту, əлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру, іс-əрекет құралы ретінде компьютерді іс жүзінде меңгерту. Бағдарламаның мазмұны курстың барлық тақырыптарын қамтитын негізгі төрт бағыттың төңірегінде жасалды:
Дүниетанымдық (ақпарат – сөзі төңірегінде). Бұл жерде ақпарат жəне ақпараттық үдерістер (ақпаратты өңдеу, сақтау жəне беру) туралы түсініктер қарастырылады. Нəтижесінде дүниенің ақпараттық мəнін көре білуді, ақпараттық үдерістерді танып, талдай білуді қалыптастыру қажет.
Практикалық (компьютер сөзі төңірегінде). Мұнда компьютерді əмбебап ақпараттық машина ретінде таниды, ЭЕМ қолданылатын жерлері қарастырылады, балалар машинамен жұмыс істеуге дағдыланады.
Алгоритмдік (негізгі сөз – алгоритм, орындаушы, программа). Бұл курста кең таралған программалау тілі оқытылмайды. Роботландияның программалау шыңы – орындаушыларды басқару тілі, дамыған тілдердің негізгі құрылымдары бар болса да, қарапайымдылығы сақталады. Бұл шыңға жету алгоритмдік есептерді шығару арқылы, қарапайым атқарушыларды программалау арқылы жүзеге асырылады. Нəтижесінде алгоритмдер, оны жазу жəне орындау туралы түсінік қалыптасады.
Зерттеу бағыты (негізгі сөз-шығармашылық). Курстың мазмұнымен əдістемесі шығармашылық, зерттеушілік сапасын қалыптастыруға бағытталған.
Курс аптасына 2 сағаттан алғанда екі жылға жоспарланып, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған. Курстың ерекшелігі
оның қолданбалы бағытында. Роботландияның бағдарламалық құралдарымен таныса отырып, балалар өз қолдарымен, яғни компьютерлік қабырға газеті, өз шығармаларынан кітаптар, машинада салынған суреттерден вернисаж, музыкалық редактордың сүйемелдеуімен концерттер т.б. қызықты объектілер жасай алады. Балалардың жасын ескеріп, оқытудың ойын түріне көбірек орын берілді. Оқытудың екінші жылында оқыту жобалар жүйесін қолдану ұсынылады – жеке немесе топтық тапсырмаларды балалар ұзақ мерзімде (тоқсанда, жарты жылда) мүмкіндігі бар оқу құралдары
мəтіндік редактор, графикалық жəне музыкалық ақпарат жəне басқа да Роботландияға кірмейтін қолданбалы бағдарламаларды пайдаланып орындайды.
Осы екі жылдық курсты бітірген оқушылар басқа пəндерді оқу барысында компьютерді еркін жəне сауатты пайдалана алады деп есептелген.
Жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарына арналған информатика курсының бағдарламасы. (Құрастырғандар: А. Г. Гейн, Е. В. Линецкий, М. В. Сапир, В. Ф. Шолохович).
Бағдарлама үш жарты жылдыққа, аптасына 2 сағаттан, барлығы
102 сағатқа есептелген, оның жартысына жуығы оқушылардың компьютермен жұмысына қаралған. Курс жалпы білімдік бастамалар негізінде құрылды. Бір жағынан, теориялық базаны құрайтын жалпы мəдениет элементтері алынса, екінші жағынан – белгілі бір практикалық дағдылары есепке алынды.
Авторлар курстық теориялық базасына оқушылардың ЭЕМ көмегімен есеп шығарудың жалпы принциптері туралы білуін, есептерді қоя білуін жəне компьютерлік модельдер құрастыруды түсінуін, алгоритмдеудің негізгі тəсілдері туралы білуін, сондай-ақ ақпарат пен ақпараттық жүйелертуралы жалпы түсінікті, ЭЕМ құрылу принципі жайлы білуін жатқызды. Практикалық дағдылар ЭЕМ-мен, соның ішінде дайын программалық құралдармен, ақпараттық-іздеу жүйелермен, мəтіндік жəне графиктік редакторлармен, электрондық кестемен жəне басқа да қолданбалы программалармен жұмыс істеу үдерісінде жинақталады деген тұжырым жасады.
Оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері:
І-бөлім. ЭЕМ-мен танысу.
Кіріспе. ЭЕМ негізгі құрылымдарының қызметімен танысу. Пернетақта жəне монитор. Графиктік редактор. Электрондық кесте. Компьютерлік модель түсінігі.
ІІ-бөлім. Алгоритмдер жəне атқарушылар. Негізгі түсініктер. Тармақталу. Циклдар. Көмекші алгоритмдер. Мəліметтер қоры. Программалау тілінің негіздері.
ІІІ-бөлім. Ақпарат жəне ЭЕМ – оны өңдеу құралдары. Ақпарат. Ақпараттың өлшем бірліктері. Ақпараттық – ізденіс жүйесі. Қолданбалы программалар. Есептеу техникасының негіздері.
Бағдарламада компьютер – атқарушының мазмұнды-əдістемелік желісі, алгоритмдік желі, ақпараттық үдерістерді модельдеу желісін белгілеу жəне ақпараттың түсініктері айқын қарастырылады.
Бұл бағдарламада жүзеге асырылған басты əдістемелік жетістігі – мазмұнының кіріспелік таныстыру сипаты ұғымдардың күрделілігіне қарай құралады, курстың пайдалылығы айқын бағдарланады. Ол басқа пəндерді оқу барысында компьютерді саналы жəне тиімді
пайдалануына жол ашады. Осының бəрі – мектептің орта буыны үшін базалық курстың жаңа салалары.
1990 жылдардың бірінші жартысында информатиканы мектептердегі үздіксіз курсын оқыту идеяларын дамытушы тұжырымдамалар мен оқу бағдарламалары пайда бола бастады [18, 19, 16, 20]. Информатика негіздерін меңгеру жəне мектептер- де оқыту үдерісінде ақпараттық мəдениетін қалыптастыру үшін үш кезеңге бөліп оқыту қажет деп есептелді. Бірінші кезең (I-VI кластар)
насихаттаушы – танысу, екінші кезең (VII-IХ кластар) – базалық курс, үшінші кезең (Х-ХI кластар) бағдарлы курстар. Информатика курсын оқудың нəтижесінде мектептегі барлық оқу пəндерін оқу барысында ақпараттық технология құралдары мен əдістерін жүйелі қолдану мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар, оқушылардың информатикалық білім мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайтын маңызды құжат «Информатика бойынша мектептегі білім мазмұнының негізгі компоненттері» қабылданды [21].
«Негізгі компоненттердің» мазмұны курстың мазмұндық- əдістемелік желісін анықтайтындай төмендегідей қысқаша түрде жинақталды:
Ақпараттық үдерістер, ақпараттың берілуі.
Алгоритмдер жəне программалау.
Компьютер жəне программамен қамтамасыз ету.
Формальдау мен модельдеу негіздері.
Ақпараттық технология.
«Негізгі компоненттермен» бірге сол кезде ішінара тəжірибеден өткен оқу-бағдарламалық кешендерді де ұсынылды. Мысалы, А. А. Кузнецов жасаған информатиканың базалық курсы [21], А. Л. Семенов пен Н. Д. Угринович [21] жəне Е. Я. Коган мен Ю. А. Первин [21] ұсынған орта мектептердегі информатиканың үздіксіз курсының екі түрлі нұсқасы болды.
1990 жылдардың соңына қарай информатиканың үздіксіз курсы мазмұны тұжырымдамасы барынша жинақталған түрінде арнайы
«Информатика 1-11 сынып» атты бағдарламалық-əдістемелік ма- териалдар жинағында берілді. Оған 1-6 жəне 5-7 сыныптар үшін информатиканың пропедевтикалық курсының екі бағдарламасы, 8-9 сыныптарға арналған базалық курс бағдарламасы, негізгі мектептің 7-9 сыныптар үшін базалық курстың екі бағдарламасы, 8-11 сынып-
тар үшін информатиканы тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлы курс бағдарламасы жəне жалпы білім беретін мекемелердегі 1-11 сыныптар үшін «Ақпараттық мəдениет» эксперименттік курсының бағдарламасы енгізілді. Жалпы орта білім берудің 1-ші сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін аралығын қамтитын бұл бағдарламаның маңызды ерекшелігі оқу материалдарын параллель жəне жинақы оқыту болып табылды.
Мемлекеттік білім беру стандарты негізгі білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын, оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, мектеп бітірушілердің дайындық деңгейіне талаптар белгілейді. Жаңа білім беру бағдарламалар бойынша жұмыс барысында жалпы білім берудің мемлекеттік стандартындағы мемлекеттік компоненттер тұжырымдамасы қаралды.
Информатикадан жалпы білім беру стандарты төмендегідей талаптарды:
мектептердің базалық оқу жоспарындағы информатика кур- сын;
білім беру саласы мазмұнының міндетті минимумы ретінде информатиканың базалық курсы мазмұнын;
білімділік, біліктілік, дағды жəне ғылыми ұғымдары түрінде оқушылардың дайындық деңгейін;
жалпы білім беру стандартында қойылаған талаптарға сай оқушылардың білімін бағалау жəне тексеру құралдары мен техноло- гиясын анықтайтын нормативті құжат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |