Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет26/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Бiрiншi кезең (І-VI) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын программаларын жəне қарапайым компьютерлiк жаттықтырушыларды математика, физикада жəне т.б. сабақтарында қолдануда ақпараттық мəдениеттiң алғашқы элементтерi қалыптасады.

  • Екiншi кезең (VII-IX) – негізгі курс, информатика- дан оқушылардың мiндеттi, жалпы бiлiм берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етедi. Ол оқушылардың есептердi шешудегi ақпараттық технологияның əдiс-тəсілдерiн меңгеруге, кəсіптік, оқу əдiстерiне компьютердi тəртiптi жəне саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

  • Үшiншi кезең (X-XI) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты жəне кəсiптiк дайындық бағыттары көлем бойынша кəсіптік сараланған оқыту ретiнде бiлiмнiң жалғасуы [34, 18-19 б.].

    Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуiне байланысты мектептегi барлық оқу пəндерiн оқып-үйренуде жаңа ақпараттық технологияның əдiстерi мен тəсiлдерiн жүйелi қолдану мүмкiндiгi жоғарылайды деген тұжырымға келді.
    Мiне, бұл фактор информатика саласында оқушыларға бiлiм берудiң мақсатын қайта бөлу мəселесiн қамтамасыз етедi. Сондықтан кiшi сыныптардан бастап компьютердi барлық пəндердi оқытуға қолдану оқушылардың компьютерлiк сауаттылық икемдiлiктерi жалпы оқыту сипатына ие болады жəне ол тек информатика курсын- да ғана емес, барлық оқу пəндерiнде қалыптасады. Айтылғандардан шығатыны, информатика курсы төмендегенде компьютерлiк сауаттылықтың көптеген компоненттерi ерте, əрi басқа пəндер арқылы қалыптаса бастайды, сонда компьютерлiк сауаттылықтың өзi тек информатика курсымен байланысты “тұтас бөлiнбейтiн” мақсат ретiнде қарастырылмайды.
    Жаңа тəсiл мектептегi информатика курсының меншiктi мақсатының маңыздылығы айқын көрiнетiн мiндеттердiң оның ор- нын өзiндiк мектеп пəндерi сияқты берiк жəне ұзақ мерзiмге созылған іргелі, жалпы бiлiм беру негiзiне сəйкес жаңа түрде қарастырды. Осыған байланысты мекеме шешiмi мектеп информатика курсының
    ары қарай дамуы бұл курстың жалпы бiлiм беру қызметiне зор назар аударудың айқын тенденцияларына, оқытудың жалпы мiндеттерiн шешуге арналған потенциалдық мүмкiндiктерiне байланысын белгiледi. Басқа сөзбен айтқанда қолданбалы есептерден бастап бағалы, жалпы бiлiм беру оқу пəнiне компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру. Мектепте оқытудан компьютерлiк сауаттылық пен ақпараттық мəлiметтi қалыптастыру мақсатының бөлiнген сипатта- масы оқу-əдістемелік қамтамасыз ету жүйесiн құруға жаңа тəсiлдi қажет етедi. Бұл мекеменiң шешiмiмен қалыптасқан, сол уақытта жекеше мақұлданған оқу бағдарламалық кешендерi ұсынылды, олар: А. А. Кузнецовтың информатикадан базалық кешенi [34, 20- 23 б.] сол сияқты, орта мектепке арналған үздіксіз курстың А. Л. Семенов пен Н. Д. Угриновичтың [34, 23-29 б.], Е. Я. Коган мен Ю. А. Первиннің [34, 29-36 б.] жасаған екі нұсқасы болды.
    Информатика саласынан оқушыларға бiлiм берудiң іргелі, жалпы бiлiм беру негiзiн iздеу мiндетiне ерекше көңiл аудару тағы да осы мəселенiң қарапайым емес екендiгiн растады [35]. 1990 жылдардың екiншi жартысында талқылауға арналған келесi мəселе, яғни инфор- матикадан жалпы бiлiм берудiң дамуына, мектеп информатикасының іргелі негiзiне сүйенiп – информатиканы оқытудың мазмұнын
    «технологияландырудың» етек алу қаупi шиеленiстi.
    Бұған алғашқы себеп, дербес компьютерлерде жүзеге асы- рылатын, практикалық iс-əрекеттiң əртүрлi салаларында кеңiнен таралымға ие болған ақпараттық технологиялар (АТ) болды. Со- нымен қатар қоршаған ортаның қолдауына ие болған, жастарды АТ қолданудың практикалық дағдыларына оқыту оқушылардың жəне олардың ата-аналарының қызығушылығын тудырды.
    Бiрақ бұл шын мəнiнде позитивтi үдерістер, аса прагматикалық тұжырымдамасы оқушыларға арналған информатикадан оқу құралдары мен жекелеген мектеп бағдарламаларының мазмұнына керi əсер етуiне алып келдi [35, 36]. Нəтижесiнде информатика сала- сынан іргелі, жалпы бiлiм беретiн негiзiн мектепте бiлiм беру сала- сынан «ығыстыру» қаупi пайда болды, ал мектептегi оқу жоспарын- да бiлiм берудiң жаңа саласы «Технология»-ның пайда болуымен мектептегi жеке информатика пəнi толығымен жоғалып кеттi.
    «Дөңгелек үстелге» қатысушы педагогтардың пiкiрлерiнен
    «мектептегi информатика пəнiнiң болашағы – оның іргелі компоненттерiнiң дамуы, ақпараттық технологиялар саласына ба-
    туында емес» деп қорытынды жасауға болады. Қатысушылардың iшiндегi ең өктем, жоғарыда айтылған көзқарастарды жақтайтын пiкiрлердi келтiрейiк.

    жүктеу 5,38 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   241




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау