Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет189/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

19-ТАРАУ


ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ


    1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту ерекшеліктері


Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» пəнін меңгеруде информатиканың барлық бөлімдері, атап айтқанда, теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар, əлеуметтік информатика тақырыптары олардың гуманитарлық қызмет саласында қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады.


Осы мақсатқа сəйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда «Информатика» пəнінің құрылымында оның теориялық бөлімі ақпараттық үдерістен ақпараттық технологияларға (ақпарат- тық үдерістердің орындалуын жүзеге асыратын алгоритмдерді құру, кез келген ақпаратты екілік кодтау түрінде көрсету мүмкіндіктері жəне т.б.) өту шартын ашу негізге ала отырып анықталады.
Ал тəжірибелік бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырумен қатар оқу пəндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, пəнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыру үшін қажетті ақпараттық технология құралдарын пайдалану дағ- дыларын меңгеруіне бағытталады. Осыған байланысты материал- ды оқып-үйрену реті бүкіл оқу үдерісінің тиімділігін жəне оқу себебін жоғарылату үшін оқушыларға маңызды міндеттерді ше- шуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың барынша кең ауқымын ертерек қолдану мүмкін болатындай етіп құрылуы қажет. Мысалы, «ақпарат» ұғымы ең алдымен технологиялық ортаға қатыссыз, алайда бірден бейнесін жəне дыбысын жазу арқылы практикалық жұмыста бекітіледі. Содан кейін ақпаратты компьютерде өңдеудің тəжірибелік мəселелері қарастырылады, оқушылардың əр түрлі ақпараттық объектілер жайлы түсініктері толықтырыла түседі. Мұнда ақпараттық объект ұғымы оқушыларға алдағы уақытта кездесетін əр түрлі объектілер: мəтін, дыбыс, бейне жəне т.б. үшін жалпылау ретінде пайдаланылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» пəнінің теориялық жəне тəжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бойын- ша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 ми- нут теориялық бөлімге, ал 25 минут тəжірибелік бөлімге бөлініп, оқытылады.
Мəтіндік жəне графикалық ақпаратты өңдеудің ақпараттық технологияларымен танысқаннан кейін, информатиканың тағы бір маңызды ұғымы – модельдеу қарастырылады. Бұл кезеңге дейін оқушылар бізді қоршаған əлемді модельдеудің көрінісі мен сипаттаудың жалпы идеяларын меңгеруге жеткілікті түрде дайын болады.
Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – ал- горитм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-схемалардың жəне құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.
Пəннің соңғы бөлімдерінде ақпараттық-коммуникациялық тех- нологиялары жəне АКТ-ны қолдану арқылы ұжымдық жобалық іс- əрекет технологиялары игеріледі.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» пəні қоршаған ортадағы ақпаратты қабылдай алу біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған: іздеу, талдау, сыни тұрғыдан бағалау, ақпаратты сұрыптау; ақпаратты ұйымдастыру; ақпаратты тасымал- дау; объектілер мен үдерістерді жобалау, өз іс-əрекетін жоспарлау; жоспарлар құру, жүзеге асыру жəне оған түзету енгізу.
Информатиканы жоғары мектепте базалық деңгейде оқып үйрену негізгі мектепке қарағанда информатиканың мазмұнын іргелі ғылыми пəн ретінде анағұрлым толық ашуға негізделеді. Осыған байланысты жүйелік көзқарас тұрғысынан қарағанда оқып үйренудің басым объектілері ақпараттық модельдеу жəне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болып табылады. Бұл келесілерге мүмкіндік береді:

  • информатика курсының басқа да оқу пəндерімен сабақтасты- ғын қамтамасыз ету;

  • негізгі мектепте информатика пəнінен алынған білімдерін жүйелеу;

  • таңдалынған оқыту бағдарына байланысты білімді тереңдету;

  • болашақтағы кəсіби өсуінің негізін салу.

Мазмұны жағынан қарастырғанда қоғамдық-гуманитарлық
бағыт үшін «Информатика» пəні əлемді жүйелі түрде көруге, ақпараттық модельдеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасай- ды, бұл өз алдына информатиканың басқа да мектеп пəндерімен пəнаралық байланыстарының кеңейіп тереңдеуін қамтамасыз етеді. Іс-əрекет тұрғысынан қарастырғанда қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» пəні негізгі ақпараттық үдерістерді талдау əдіснамасын құруға жəне көрсетуге мүмкіндік береді, атап
айтқанда:

  • ақпарат массивтерін сақтау (мəліметтер қорын басқару жүйелері, ақпараттық-іздеу жүйелері, геоақпараттық жүйелер);

  • ақпаратты өңдеу (жүйелік программалық жабдық, құрал- саймандық программалық жабдық, автоматтандырылған жұмыс орны, офистік пакеттер);

  • ақпаратты тасымалдау (желілер, телекоммуникациялар);

  • басқару (автоматты басқару жүйелері, автоматтандырылған басқару жүйелері, операциялық жүйе компьютерді басқару жүйесі ретінде).

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда ин- форматиканы оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау жəне қолдану үдерістері жайлы мағлұматты жан-жақты, əрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету жəне соның негізінде əлемдік бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің мəнін ашу, АКТ-ның қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы рөлін көрсету, АКТ құралдарын өздерінің оқу əрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, əрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» оқу пəнінің

міндеттері:


  • əлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестердің мəнін айқындайтын информатиканың білімдерін меңгерту;

  • мектеп пəндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық тех- нология құралдарын қолдана отырып, ақпараттық модельдерді нақтылы обьектілер мен үдерістерді түрлендіру, талдау жəне оны қолдана білу дағдыларын игерту;

  • түрлі мектеп пəндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары мен информатиканы оқыту əдістерін оқушының өзіндік танымдық іс-əрекетін жəне шығармашылық қабілетін дамыту.


жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау