1-сабақ
Тақырып: «Негізгі мектептің информатика сабағында ақпарат жəне ақпараттық үдерістерді оқып-үйрену əдістемесі».
Дидактикалық мақсаты: ақпарат жəне ақпараттық үдерістерді оқып-үйренудің əдістемелік аспектілерін бейнелейтін жалпы кəсіби дайындықтың білімдік компонентін игеру.
Оқытуды ұйымдастыру формасы: сараланған-топтық.
Оқыту технологиялары мен əдістері: ситуациялық есептерді шешу əдісі.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиеттер [3, 7, 10-11].
Студенттердің алдын-ала дайындығы: ақпарат жəне ақпараттық үдерістерді оқып-үйренудің əдістемелік тəсілдерімен танысу.
Теориялық мəліметтер
Информатика пəні бойынша жаңа білім, біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру сабағы келесідей құрылымға ие:
1) ұйымдастыру кезеңі; 2) жаңа білімді беру-меңгеру; 3) бекіту – білім, біліктілік жəне дағдыларды болжау; 4) тақырып бойынша əрі қарай жұмысқа нұсқау жəне үйде, кітапханада өзіндік жұмысқа арналған нақты тапсырмалар.
«Информатика» курсының жеке тақырыбын оқып-үйренуді аяқтау білімді бекіту, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру сабағын өткізуді талап етеді. Ол келесі құрылымды қамтиды:
ұйымдастырукезеңі; 2) өткенматериал бойыншакүрделілігіəртүрлі жаттығулар; 3) оқушылардың жасалынған жұмыстарының нəтижесін демонстрациялау; 4) мұғаліммен жұмыс қорытындысын шығару. Бұл мағынада жаттығуларды жоспарланған ұйымдастырылған қайталанған əрекетті орындау арқылы білімді меңгеру мен оның са- пасын арттыру мақсатындағы оқыту əдісі ретінде қарастыру керек.
Жаттығулар келесідей талаптарға жауап беруі тиіс: оқушылардың іс-əрекет сапасын арттыру мақсатындағы саналы бағытталғандығы; саналы есеп жəне орындалуы қажет шарттарының бақылануы; алынған нəтижелерге есеп; қайталауға уақыт бөлінуі. Оқушыларға берілетін жаттығулардың дидактикалық тізбектілігі: 1) білімді меңгеруге арналған, оқу материалын есте сақтауға бағытталған жаттығу; 2) білім сапасын тексеруге арналған жаттығу – меңгерілген
материалды көрсетуді ұсынады; 3) практикалық іс-əрекетінде білімді қолдану арқылы біліктілікті қалыптастыруға арналған жаттығу; 4) іздеу іс-əрекетінде бұрыннан бар білімді өз бетімен қолдануды талап ететін шығармашылық типтегі жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |