Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет105/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

11-ТАРАУ


АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ


    1. Ақпаратты сақтау үдерісі


Ақпараттық үдерістер мен ақпарат ұғымдары информатика курсының негізгі ұғымдары болып табылады. Ақпараттық үдерістер ретінде ақпаратпен орындалатын кез келгенəрекет түсіндіріледі. Бізге күнделікті кездесетін ақпараттық үдерістер мысалдары: баспасөз ақпарат құралдарынан ақпарат алу, оқыту, басқару шешімдерін қабылдау, техникалық жобаны дайындау, кəсіпорындағы құжат алмасу, емтихан тапсыру жəне т.б. Кез келген күрделі үдерістерде құраушы ретінде кездесетін ақпараттық үдерістердің үш негізгі типі бар. Бұл ақпаратты сақтау, ақпаратты тасымалдау, ақпаратты өңдеу. Алдымен бұл үдерістерді компьютерге қатыссыз қарастыру керек, яғни адамның қолданысы тұрғысынан. Содан соң, ЭЕМ архитектурасын оқып-үйренуде компьютерлік ақпараттық тех- нологиялар, ЭЕМ көмегімен ақпараттық үдерістерді жүзеге асыру туралы сөз болуы керек.


Ақпаратты сақтаумен келесі ұғымдар байланысты: «ақпаратты тасымалдаушы (жады)», «ішкі жады», «сыртқы жады», «ақпаратты сақтау орны».
Ақпаратты тасымалдаушы – бұл ақпаратты сақтайтын физикалық орта. Адам үшін ақпаратты негізгі тасымалдаушы өзінің биологиялық жады болып табылады (адам миы). Адамның жадын оперативті жады деп атауға болады. Мұнда «оперативті» сөзі
«жылдам» сөзінің синонимі болып табылады. Жинақталған білімді адам бірден айтады. Біз өз жадымызды «ішкі жады» деп айта аламыз, оның тасымалдаушысы – ми.
Ақпаратты тасымалдаушылардың барлық басқа түрлерін сыртқы деп атауға болады (адамға қарым-қатынас). Бұл тасымалдаушылардың түрлері уақыт өтуіне байланысты өзгереді: ертеде тас, ағаш, папирус, тері жəне т.б. Б.э.д. ІІ ғасырда Қытайда қағаз жасалып шықты. Бірақ Еуропаға ХІ ғасырда келді. Содан бері қағаз негізгі ақпаратты тасымалдаушы болып табылады. Ақпараттық
техниканың дамуы магнитті, оптикалық жəне басқа қазіргі ақпарат тасымалдаушылар түрлерін жасауға əкелді.
Ақпаратты сақтаушы – бұл сыртқы тасымалдауда арнайы ұйымдастырылған, ұзақ уақыт сақтауға жəне күнделікті пайдалануға арналған ақпарат. Сақтаушы мысалдары құжаттар мұрағаттары, кітапхана, анықтамалықтар, картотекалар болып табылады. Сақтаушының негізгі ақпараттық бірлігі арнайы физикалық құжат болып саналады: сауалнама, кітап, іс, жинақ, есеп жəне т.б. сақтауды ұйымдастыру ретінде арнайы құрылымның болуы түсіндіріледі, яғни реттелген, сақталынатын құжаттардың жіктелуі. Мұндай ұйымдастыру сақтауды енгізудің ыңғайлылығы үшін қажет: жаңа құжаттармен толтыру, керек еместерін алып тастау, ақпаратты іздеу жəне т.б.
Ақпаратты сақтаушының негізгі қасиеттері: сақталынатын ақпараттың көлемі, сақталу беріктілігі, қолжетімділік уақыты (яғни, қажетті мəліметтерді іздеу уақыты), ақпаратты қорғаудың болуы.
Компьютер жады құрылғысында сақталынатын ақпаратты мəліметтер деп атау келісілген. Компьютерде мəліметтерді сақтаудың сипаттамасы үшін тасымалдаушы, мəліметтерді сақтаушы, мəліметтерді ұйымдастыру, қолжетімділік уақыты, мəліметтерді қорғау ұғымдары пайдаланылады. Компьютердің сыртқы жады құрылғысында мəліметтерді ұйымдастырылған сақтаушыны база жəне мəліметтер қоры деп атау ұсынылған.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:

  • «ақпараттық үдеріс», «ақпарат тасымалдаушы», «берілгендер»

ұғымдарын, «ақпаратты тасымалдаушылар» түрлерін білуі керек;

  • əртүрлі ақпарат тасымалдаушыларға мысалдар келтіре білуді

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау