Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет7/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36

бүгінгі  күнге  дейін  созып  келді. Не  себепті  төлемей  келгені  белгісіз,
сылтаулары əр түрлі.
Осыған орай, ҚР-сы  Ата Заңының 13 бабының  2 тармағын, 24 бабының 1
тармағын, 76 бабының 3 тармақтарын  басшылыққа  ала  отырып, жоғарыда
айтылғандардың негізінде өтінемін:
 а) менің моральдық құқығыма  жəне
 ə) материалдық жағдайыма қиындықтар туғызып,
 б) 1,5 жыл  бойғы  еңбек ақымды  төлемегені  үшін  менің  1 млн. 200 мың
теңге мөлшеріндегі жалақымды өндіріп берсін.
Куə ретінде сотқа  У.Қадыров, Г.Салимова, Н. Айдосов, О.Надыроваларды
шақыруыңызды сұраймын.
Қосымша құжаттарды ұсынып отырмын:
1. Есептелген, бірақ төленбеген жалақының мөлшері туралы анықтама;
2. ҚР  Ұлттық  банкінің  қайта  қаржыландыру  ставкасы  туралы  анықтама
жəне өсімпұлдық есебі;
3. Талап арыз көшірмесі;
4. Мемлекеттік салықтың төленгендігі туралы түбіртек.
Қолы__________                       Күні: 06.10.2011
30-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.
Заявитель, краткое содержание письма, срок исполнения,  дата передачи на
исполнение, расписка  в  получении  документа, факты  подтвердились, решено
положительно, результат рассмотрения заявления, характер задания.
2-апта. 3-сабақ
31-тапсырма. Қазақ іс қағаздары тілінің тарихының алғашқы басталу
кезеңінен мəлімет алыңыздар.
32-тапсырма. Тарихи деректерге сүйеніп, мəтінді толықтырыңыздар.
33-тапсырма. Мəтінге  жоспар  құрып, жоспар  бойынша  əңгімелеп
беріңіздер.
VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба
 ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы
Қазақ  іс  қағаздары  тілінің  тарихы VI-XIII ғасырлардағы  көне  түркі  жазба
ескерткіштерінен  басталады. Осы  ғасырлардағы  көне  түркі  жазба
ескерткіштеріндегі  іс  қағаздарының үлгілері қазіргі  іс  қағаздарына  қойылатын
талаптардың бірқатарына жауап береді.
Орта  түркілік  дəуірде  жазылған  хан  жарлықтары  ресми  іс  қағаздарының
стилімен  жазылған  мұра  ретінде  танылады. Бұл  құжаттардың  мазмұнында,
грамматикалық  құрылысында, стилінде  қазіргі  өкілеттік, анықтамалық-
ақпараттық  деп  бөліп  жүрген  құжаттармен  сəйкестік  көп. Орта  түркілік
дəуірден  бізге  жеткен құжат  үлгілері сан жағынан өте аз  болғанымен, жарлық


мəтіндерінің тілі сол дəуірдегі іс қағаздарының тілі мен өзіндік стилінің  қандай
болғанын көрсете алады.
XV-XVII  ғасырларда  жазылған  армян  жазулы  қыпшақ  тіліндегі
құжаттарда  іс  қағаздары  терминдері  қалыптаса  бастаған. Істің  мазмұнының
тақырып  ретінде  ірі əріптермен  беттің  ортасында жазылуы, құжатқа  тақырып
беру, оны  жолдың  ортасында  жазу XVI ғасырда  жазылған  кейбір  құжаттарда
ғана  көрсетіліп, кейін  əр  мəтіннің  атын  жолдың  ортасына  жазудың  жүйелі
сипат ала бастауының қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
Қазақ  тіл  білімінде  қазақ  əдеби  тілінің  тарихына  байланысты  жазылған
зерттеу  еңбектерінің  ресми  іс  қағаздары  тақырыбына  да  қатысы  бар  екендігі
даусыз. Бұл  еңбектерде  ресми  іс  қағаздарының  тарихы  көне  түркі  жазба
ескерткіштері 
жазылған 
кезеңнен 
басталып 
қарастырылғандықтан,
ескерткіштер  тілін  зерттеуге  арналған   Ғ. Айдаров, Ə. Құрысжанов, М.
Томановтардың еңбектерінің түркі тілдері тарихын, оның ішінде қазақ ресми іс
қағаздары тілінің тарихын зерттеуде өзіндік маңызы бар екендігі сөзсіз.
34-тапсырма. Мəтіннің мазмұны  бойынша  берілген сұрақтарға  жауап
беріңіздер.
1. Қазіргі  іс  қағаздары  тілі  қай  кезеңнен  басталады? 2. Мұра  ретінде  не
танылады? 3. Орта  түркілік  дəуірдегі  құжаттардың  мазмұнында  қай
құжаттармен сəйкестіктер кездеседі? 4. Сол дəуірдегі іс қағаздарының   тілі мен
стилінің  қандай  болғанын  не  көрсете  алады? 5. Қазіргі  іс  қағаздарының
құрылымының  ерте  ғасырларда-ақ  қалыптасқандығына  қай  тілдегі  мəтіндер
дəлел  бола  алады? 6. Құжаттарда  іс  қағаздары  стиліне  тəн  не  қалыптаса
бастады? 7. XVI ғасырда  жазыла  бастаған  құжаттарда  ненің  қалыптаса
бастағандығын  көрсетеді? 8. Қазақ  əдеби  тілінің  тарихына  байланысты
жазылған зерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздарына қандай қатысы бар?
35-тапсырма.  Мəтінді  үш  мағыналық  бөліктерге  бөліп,  əр  бөлігіне
тақырып қойыңыздар.
36-тапсырма. Мəтіннен  ресми  іс  қағаздарына  қатысты  сөздерді  теріп
жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Көне; көне түркі;  көне түркі ескерткіштері. VI-XIII ғасырлардағы
көне түркі жазба ескерткіштеріндегі іс қағаздары үлгілері қазіргі іс қағаздарына
қойылатын талаптардың бірқатарына жауап береді.
2-апта. 4-сабақ
37-тапсырма. Сенімхат  пен  қолхаттың  қызметтері  қандай, олар
қандай жағдайларда жазылады? Берілген мəліметті меңгеріп алыңыздар.
С Е Н І М Х А Т.    Қ О Л Х А Т
Сенімхат – белгілі  бір  тұлғаның, құжат  иесінің  басқа  біреуге, екінші  бір
тұлғаға  бір  істі  атқаруға, нақты  бір  мəселеге  байланысты (көбінесе  мүлік


сипатындағы) өз  өкілеттігі  мен  құқығын  пайдалануға  рұқсат  беретін
құжаттарының, іс қағаздарының бір түрі.
Сенімхат  кез  келген  төлем  түрлерін, атап  айтқанда, жалақы, шəкіртақы,
зейнетақы, алимент, ақша  аудару,  сондай-ақ  мүлікті  ортақ  пайдалану, көлік
құралдарын иемдену,  мұрагерлік құқы туралы куəлік алу үшін, сату, сатып алу,
үй  ауыстыру, сыйлық  алу, автокөліктерді  ауыстыру , сату  жəне  т.б. толып
жатқан жағдайларда беріледі.
Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куəландырылады. Нотариалдық кеңседе
сенім  беруші  мен  сенім  алушы  тұлғалардың  жеке  куəліктері  арқылы  жеке
бастары анықталып, іс-əрекетке қабілеттілігі тексеріледі.
Сенімхат бір дана болып дайындалады,  оның мазмұнына мыналар кіреді:
1. құжаттың  аты;
2. жазылған жері мен уақыты;
3.  сенімхат берушінің жəне сенімхат алушының тегі; аты-жөні,
      мекен-жайы  қоса көрсетілген негізгі мəтін;
4. ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын  жазба.
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай. Мүлікті
пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл. Егер мүлікті
пайдалануға  берілген  сенімхатта  жарамдылық  мерзімі  көрсетілмесе,  онда  ол
қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.
38-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Сенімхат  қандай  мақсатта  жəне  қандай  жағдайларда  жазылады? 2.
Сенімхатты  кім  куəландырады? 3. Сенімхат  қандай  мерзімге  беріледі? 4.
Сенімхатқа кімнің қолы қойылады? 5. Сенімхатта жазылу мерзімінің көрсетілуі
қажет пе?
39-тапсырма. Сенімхаттың жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.
С  Е  Н  І  М  Х  А  Т
Ү л г і:
Қазақстан Республикасы                                         Алматы
қаласы
Он бесінші ақпан, екі мың он бірінші жыл
Мен, Мамекеева  Ырыскүл  Құсайынқызы, мекен-жайым  Алматы  қаласы,
Əуезов көшесі 48 үй, 26 пəтер. Осы  сенімхат арқылы  Алматы қаласы  Төле би
көшесі 15 үйдің 41 пəтерінде  тұратын  Қайназаров  Алмат  Омарбайұлына
өзімнің атыма жазылған пəтерді  мекен-жайы Алматы қаласы, 3 ықшамаудан,  7
үй, 26 пəтер, сеніп тапсырамын.
Қайназаров  Алмат  Омарбайұлы  қай  кезде, қандай  жағдайда  болмасын
аталған  пəтерді  қалаған  бағасына  сатуға, жалға  беруге, ауыстыруға, сыйға
тартуға,  мұраға  қалдыруға  байланысты  кез  келген  құжатты  менің  атымнан


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау