52-тапсырма. Берілген мəселелер бойынша қолхат жазыңыздар:
–
қарызға ақша алу;
–
мекеменің автокөлігін уақытша пайдалануға алу;
–
жекеменшіктегі пəтерді уақытша пайдалану;
–
мекеменің бухгалтериясынан несие алу.
3-апта. 5-сабақ
53-тапсырма. Қазіргі іс қағаздары құрылымы бөліктерінің
қалыптасу кезеңдерін сабақ барысында талқылаңыздар.
54-тапсырма. Мəтіннің мазмұнын тарихи деректерге сүйеніп
толықтырыңыздар.
55-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп,
мазмұндаңыздар.
Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері
XV-XVII ғасырлардан бастау алады
Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII
ғасырларда-ақ қалыптасқандығына XV-XVII ғасырларда жазылған армян
жазулы қыпшақ тіліндегі құжат мəтіндері дəлел бола алады. Құжаттарда іс
қағаздары стиліне тəн стандарт тілдік бірліктер қолданылып, əр құжаттың
датасы мен билердің аты-жөндері көрсетілген. Ант ішкен адам (присяжный),
төреші, сот, қолхат сөздерінің қолданылуы жəне іс қағаздарын жүргізу
мəдениетінің сол дəуірдің өзінде қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттар тілін Алтын
Орда дəуірінде қолданыста болған əдеби тілдің, зерттеушілер еңбегінде хан
жарлықтарының тілі деген атпен беріліп жүрген іс қағаздары тілінің жалғасы
деп тануға болады. Сондықтан да бұл құжаттар бір ғасыр бойы хатқа түсіп,
ресми іс қағаздарына тəн өзіндік стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздары
үлгісі ретінде бағалау керек.
Қазақ іс қағаздары тілінің негізі – XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары.
Бұл дəуірде жазылған іс қағаздарының, атап айтқанда Ресеймен арадағы қарым-
қатынасқа байланысты жазылған құжаттардың көпшілігінің Ресей архивінде
сақталып, кейіннен жинақ болып баспадан шығуы сол кездегі іс қағаздары
тілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандардың,
батырлардың, старшиналардың патшаға жəне орыс əкімшілік орындарына
жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары сол кезеңдегі саяси-құрылыс
туралы жəне т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі
қазақ даласының саяси, əлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар,
XVIII ғасырда қазақ іс қағаздары тілі қандай болғанын да көрсете алады.
56-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVIII
ғасырларда қалыптасқандығына не дəлел бола алады? 2. Құжаттарда не
қолданылған? 3. Əр құжаттың нелері көрсетілген? 4. Сол дəуірде қай сөздердің
қолданылуы қалыптаса бастаған? 5. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне
жататын құжаттардың тілін ненің жалғасы деуге болады? 6. Қазақ іс қағаздары
тілінің негізі қай ғасырда жазылған? 7. Сол кездегі іс қағаздары тілінің қандай
сипатта болғандығын анықтауға не мүмкіндік береді? 8. Кімдерге жазған
хаттар сол кездегі іс қағаздарына жатады?
3-апта 6-сабақ
57-тапсырма. Хаттың түрлері – телефонхат жəне жеделхатпен мұқият
танысып, берілген мəліметті есте сақтаңыздар.
Т Е Л Е Ф О Н Х А Т
Телефонхат (телефонограмма) – мазмұны телефон немесе радио арқылы
жеткізілетін жедел сипатты құжат.
Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы – сіз өз ақпаратыңызды
телефон немесе радио арқылы тікелей мəлімдей аласыз. Мекеменің екі
лауазымды адамы бір-бірімен тікелей сөйлесе алады. Лауазымы төмен адамға
тапсырма бере алады. Байланыстың екінші жағында тұрған адам сіз
телефонмен айтқан ақпаратты жазып алады, сағат қаншада қабылдап алғанын
журналға тіркейді, ал телефонхат мəтіні аса күрделі болмауы керек.
Телефон арқылы жіберілген ақпараттың, хабардың тақырыбы, нөмірі,
жіберілген күні жəне қабылданған уақыты жөніндегі мəлімет, байланыс
жүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефонның немесе рацияның
нөмірі тіркеледі.
Телефонхат, радиохат мəтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға
жазылып алынады, оған мекеме немесе жауапты қызметкер қол қояды.
Бұл құжаттың ерекшелігі – оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі.
Телефонхаттар басқа қызметтік хаттар сияқты есептеледі, қабылданады,
сақталады.
Телефонхат құрылымына төмендегілер кіреді:
1. Адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон немесе радио
арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен, мекен-жайы
көрсетілмейді;
2. Негізгі мəтін (1000 белгінің шегінде болуы керек, 9-10 сөйлем);
3. Жіберушінің аты-жөні;
4. Ақпаратты телефон арқылы жіберуші адамның аты-жөні, телефонхат
жіберілген телефонның нөмірі;
5. Телефонхат жіберіліп болған уақыт жəне айы, күні, жылы.
Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға
телефонхаттың келгендігі туралы бірден мəлімдейді. Телефонхатты жіберуші
адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып алады.
Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы
«Телефонхаттар журналы» болады. Ол екі бөліктен тұрады: Бірінші бөлікте
мекемеге келіп түскен телефонхаттар жазылады. Екінші бөлігі жіберілген
телефонхаттар мəтіндерін жазуға арналады.
58-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап
беріңіздер.
1. Телефонхат қандай қызмет атқаратын құжат? 2. Телефонхаттың
жеделхаттан айырмашылығы неде? 3. Телефонхат қалай, не арқылы беріледі? 4.
Телефон арқылы жіберілген хабар қалай тіркеледі? 5. Телефонхатты қалай
қабылдап алады? 6.Телефонхаттың құрылымына не кіреді? 7.Телефонхаттың
қабылданған уақытын не үшін көрсетуге тиіс?
59-тапсырма. Телефонхаттың үлгілерімен танысыңыздар.
Т е л е ф о н х а т
Ү л г і:
№ 4 зауыт өндіріс бөлімінің бастығы Аспандияр Өмірбековке!
Желтоқсанның 25-сі күні сағат таңертеңгі 9.00-дан 16.00-ға дейін өндіріс
цехы мен зауытқа қарасты № 3, 4, 6, 7 тұрғын үйлерге ыстық су беру
тоқтатылады. Осы мəліметті зауыт əкімшілігі мен № 3, 4, 6, 7 тұрғын үй
кооперативтерінің төрағаларына жеткізуіңізді сұраймыз.
Қол қойған: № 3 ЖЭС бастығы Ілесова Қынагүл Əбілқасымқызы.
Жіберуші: Абилмажинова Əсел Қуанышбекқызы тел. 395-46-80.
Желтоқсанның 24-і, 2010 жыл, сағат 16.00.
Т е л е ф о н х а т
Ү л г і:
20.07.2010
№ 18
ҚР-сы шығармашылық ұйымдарының жетекшілері – Ақмарал
Итемирова, Мағжан Карамендина, Гүлдария Рыскелдиеваларға!
2010 жылдың 23 шілде күні сағат 11.00-де Республика сарайында ҚР-сы
шығармашылық
ұйымдары
жетекшілерінің
Халықаралық
конкурсқа
кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады. Бас қосуға белсенділік
танытуларыңыз сұралынады.
Тағайындалатын күнге сіздердің қарамағыңыздағы ұйым мүшелерінен
кандидатураларды қатыстыру мəселесін ұйымдастырыңыздар.
Қол қойған: Республикалық шығармашылық ұйымдар бірлестігі
ақпарат
бөлімінің бастығы Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы.
Жіберген хатшы: Қалықова Əлия Жұманқызы.
20.07.2010 күні сағат 9.00-да қабылдап алған
Абилмажинова Əсел
Қуанышбекқызы.
Достарыңызбен бөлісу: |