нұсқау талаптарына қайшы келетін заңсыз іс-əрекеттеріне, рұқсат қағазынсыз
сырттан келетін тапсырмаларды орындауына байланысты, басшылықтың
рұқсатымен келіп жатқан тапсырыстар уақытында орындалмай, жұмыстың
орындалу көрсеткіші төмендеп кетті.
Бөлім бастығының атқарып отырған жұмысына лайықты еместігін, əр
түрлі заңсыздықтарға барып отырғандығын айта келіп, арыз бойынша тексеріс
жүргізіп, шара қолдануыңызды сұраймын.
Басқарма бастығының
орынбасары ____________ Н.С.Күдеринова
қолы
18.02.2011
* * * * *
Т ə р т і п т і к ж а з а б е р у т у р а л ы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы»
Заңының 94 бабының 1 тармағына сəйкес жоспарлы кеңестердегі берілген
тапсырмаларды бірнеше рет орындамағаны, аудан аумағының санитарлық
тазалығы мен көріктендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша
жұмыстарды нашар ұйымдастырғаны үшін коммуналды шаруашылық бөлімінің
бастығы Қожакеев Мақсат Əбікенұлына ескерту ретінде тəртіптік жаза
берілсін.
Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат директоры
Аңламасова
Аяулым Бегалиқызына жүктелсін.
Негіздеме: 2009 жылдың 12 қазанындағы М.Ə. Қожакеевтің жазбаша
түрде берген түсініктемесі.
Жетісу ауданы əкімінің ___________ Ілесова Қынагүл
орынбасары қолы Əбілқасымқызы
* * * * *
Орындалуға міндетті жұмысты жүктеу туралы
Ұйымдастыру-кадрлар ісі бөлімінің бастығы Бердиллаева Меңдіқыз
Бексұлтанқызының еңбек демалысы кезіндегі міндетін атқару 2010 жылдың
28 мамырынан ұйымдастыру-кадрлар ісі бөлімінің бас маманы Шимаева
Салтанат Мұсаханқызына жүктелсін. Жұмыс көлемінің ұлғаюына
байланысты С.М.Шимаеваға қызметтік жалақысының үстіне 50 % мөлшерінде
үстеме ақы төленсін.
Негіздеме: Өндірістік қажеттілік, Қазақстан Республикасының «Еңбек
туралы» Заңының 72 бабы.
Ұйымдастыру-кадрлар
ісі бөлімінің меңгерушісі __________ Монтаева Ажархан
қолы Молдаханқыз
17-тапсырма. Əр түрлі заңсыз мəселелермен байланыстырып, үш
түрлі арыз жазыңыздар.
18-тапсырма. Іс қағазының бір түрі – өтініш қалай жəне қандай
жағдайда жазылатындығымен танысып, жазылу үлгісін меңгеріп
алыңыздар.
Ө Т І Н І Ш
Өтініш – өздеріне берілген түрлі құқықтарды, заңмен бекітілген түрлі
мүмкіншіліктерді пайдалану мақсатында, жеке тұлғаның немесе ұйымның
атынан жазылатын іс қағаздарының бір түрі.
* * * * *
Өтініш көбінесе жеке адамдардың атынан жазылады. Үлкен ұжымның
мүддесін көздейтін ұжымдық өтініш түрлері де кездеседі. Өтініш белгілі бір
себеппен ғана жазылады. Əдетте бір ғана мəселе көтеріледі. Өтініш онда
айтылған мəселені шешуге құқы жəне өкілеттілігі бар адамның атына
жазылады.
Өтініш төмендегідей мақсаттарда жазылады:
1. Жұмысқа қабылдау; 6. Материалдық көмек сұрау;
2. Жұмыстан босату; 7. Пəтер беруді сұрау
3. Басқа жұмысқа ауыстыру; 8. Балабақшадан орын бөлуді сұрау;
4. Кезекті демалыс алу; 9. Жалақыны көтеруді сұрау жəне т.б.
5. Кезектен тыс демалыс сұрау;
Өтініш құрылымы жəне өтініште көрсетілетін негізгі мəліметтер:
1. Құжат адресациясы (кімнің атына жəне кімнен жазылғаны);
2. Құжат аты; 7. Өтініш мазмұнымен
3. Негізгі мəтін; келісушілердің қолы (егер бар болса)
4. Қосымша боса, оған сілтеме; 8. Қосымша тіркелетін құжаттар
5. Жазылу мерзімі; тізбесі (егер бар болса) жəне т.б.
6. Өтініш иесінің қолы;
Өтініш жазуға себеп болып отырған жағдайларды төмендегідей
құрылымдар арқылы беруге болады:
· Алматы қаласында үй-жайым болмағандықтан;
· Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты;
· Отбасы жағдайыма байланысты;
· Денсаулығыма байланысты;
· Ғылыми еңбектің баспаға дайындалуына байланысты, т.б.
Өтініштің жазылу мақсатын төмендегідей құрылымдар арқылы беруге
болады:
· Жатақханадан орын беруіңізді сұраймын;
· Кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын;
· Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын;
· Жұмыстан босатуыңызды сұраймын;
· Басқа жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын;
· Рұқсат етуіңізді сұраймын;
· Материалдық көмек беруіңізді сұраймын;
· Айтылғандарды ескере отырып, шешім қабылдауыңызды сұраймын, т.б.
19-тапсырма. Өтініштің үлгілерімен танысыңыздар.
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
Қ.И.Сəтбаев атындағы
ҚазҰТУ ректоры, профессор
Ж.М.Əділовке
Алматы қаласы, Əуезов көшесі № 125 үй,
14 пəтер тұрғыны А.Д.Қайыровадан
Ө т і н і ш
Ү л г і:
Мені Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Тау-кен институтының
«Материалтану» кафедрасына Матералтану пəнінің оқытушысы ретінде
жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын. Қажетті құжаттар бірге тіркеліп отыр.
23.05.2011 _____________ А. Д. Қайырова
қолы
* * * * *
Грант бөліміне ауыстыру туралы өтініш
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Мұнай-газ ісі иститутының директоры
Т.А.Енсепбаев мырзаға
шифры 5В 070800 НДб-10-4р. тобының
студенті Қасымова Жадырадан
Ө т і н і ш
Ү л г і:
Мені 2010-2011 оқу жылының II семестрінен бастап мемлекеттік білім
грант бөліміне ауыстыруыңызды сұраймын. Мен қысқы сессияның барлық
емтихандарын «5»-ке тапсырдым.
Достарыңызбен бөлісу: |