Құжат көшірмесі (копия документа) – түпнұсқалық құжаттың
толық мазмұны ешқандай өзгертусіз толық жазылып, оның ақиқаттығын
растайтын лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөнінің басқы əріптері мен қызметі
жазылып, қолы қойылып, мөрмен бекітілген құжат.
5-тапсырма. Сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын
меңгеріп алыңыздар.
– Құжат деген не?
– Құжат дегеніміз кейбір фактыны, бір жағдайды немесе затқа
қатысты
адамның құқығын растайтын іс қағазы.
– Заң деген не?
– Заң – мемлекеттің қаулысы, əр адам орындауға міндетті ережелер.
– Іс қағаздары деген не?
– Іс қағаздары дегеніміз əр азаматтың өзіне қатысты талаптарын заңға
толық сəйкестендіріп толтыратын құжаттар.
6-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Іс қағазы, құқықтық мемлекет, адам құқығы, заң орны, термин сөздер,
қаулы, міндет, кəсіби мамандық, жекеменшік.
7-тапсырма. Етістіктерден болымсыз етістік жасап, олармен
сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Құқық қорғау – құқықты қорғамау. Мысалы: Республикада
кейбір заң орындары жеке адамдардың құқығын толық қорғамайды.
Заңды білу, іс жүргізу, іс қағаздарын толтыру, заңға толық сəйкестендіру,
азаматтық істерді қарау, құқықтық мемлекет принциптері, заңды орындау.
8-тапсырма. Шетелге
сапарыңыздың
мақсатын
көрсетілген
жолдарға қазақ тілінде жазыңыздар.
Туристическая поездка......................................................................................
Командировка....................................................................................................
Служебная командировка.................................................................................
Участие во всемирном симпозиуме.................................................................
По служебным делам........................................................................................
Учеба, стажировка............................................................................................
9-тапсырма. Төмендегі сөз жəне сөз тіркестерінің антонимдерін
тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Көне дəуір, өтінішті қанағаттандыру, рұқсат беру, қатысу, қалыптасу,
кепілдік беру, мəжіліске шақыру.
10-тапсырма. Термин жəне терминологиядан қысқаша мəлімет
алыңыздар.
– Термин деген не?
– Термин – ғылым, техника, өнер жəне сол сияқты тұрмыстың белгілі бір
саласындағы ұғымдарды дəл айту үшін қолданылатын сөздер мен сөз
тіркестері.
– Терминология деген не?
– Терминология деген атаулардың жиынтығы.
– Термин сөздер деген не?
– Термин сөздер бір немесе бірнеше сөздердің жиынтығынан тұрып,
белгілі ұғымды білдіретін сөздер.
11-тапсырма. Төмендегі берілген терминдерді ғылым, техника, өнер,
сəулет, жалпы ғылымдық салаларға бөліп жазыңыздар.
Ү л г і: Мұнай, металл, машина жасау – техника ғылымының
терминдері.
Телемеханика, компьютерлендіру, ақпараттандыру, есептеу, геология,
эстетика, этика, шығармашылық, безендіру, ғылым, өнер, мəдениет, өнерпаз,
драматург, білім, қоғам, тау-кен, картография, қайраткер, өнертапқыш, өлең, əн,
би, əнші, биші, ақын, құрылыс, экономика, мұражай.
1-апта. 2-сабақ
12-тапсырма. Берілген іс қағаздарынан мəлімет алып, оның
толтырылуына берілген түсініктемені меңгеріп алыңыздар.
Ө Т І Н І Ш. А Р Ы З. Т А Л А П А Р Ы З
* * * * *
А Р Ы З
Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын құқықтары ескерілмей, оны
қалпына келтіру туралы талап қойылған жағдайда, əлеуметтік əділетсіздік
орын алғанда, заңды тұлға өзінің құқығын қорғау керек болғанда, тəртіпсіздік
пен қылмысқа қарсы шара қолдануға шағым айта, жалпы келеңсіз жағдайлар
жайлы жазылатын іс қағаздарының бір түрі.
* * * * *
Арыз – азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда,
аталған мəселені шешуге құқығы бар мекеме басшысының атына жазылады.
Арыз иесі орын алып отырған келеңсіздікті ретке келтіруді, жөндеуді,
заңсыздыққа байланысты шара қолдануды талап етеді. Арызда жеке тұлғаның
заңсыз іс-əрекеттері туралы мəлімет беріледі. Сол бойынша шара қолдануды
талап етеді.
Арыз белгілі бір себеппен көбінесе жеке адамның атынан жазылады.
Арыздың реквизиттері: кімге жолдағаны, кім жазғаны, құжат аты,
мазмұны, қолы, жазылу мерзімі.
Арыздың құрылымы: 1. Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
2. Құжат аты; 3. Негізгі мəтін; 4. Қосымша болса, оған сілтеме; 5. Жазылу
мерзімі; 6. Қолы; 7. Арыз мазмұнымен келісушілердің қолы (егер бар болса).
Арыздың мəтінінің соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін
қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы:
· Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын;
· Нұсқау беруіңізді сұраймын;
· Мəселені қарастыруыңызды сұраймын;
· Қалыптасқан жағдайға байланысты шара қолдануыңызды сұраймын;
· Заңдық күші бар құжаттар негізінде іске асыруыңызды сұраймын;
· Белгілі тəртіпті жолға қоюыңызды сұраймын;
· Арыз бойынша тексеріс жүргізуіңізді сұраймын жəне т.б.
13-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Арыз қандай жағдайда жазылады? 2. Арызға кім қол қояды? 3. Арыз
бірнеше адамдардың атынан жазылуы мүмкін бе? 4. Арызда жазылған
мəліметтер тексеріле ме? 5. Арызда жазылған мəліметтердің растығына кім
жауап береді? Арыз иесінің аты-жөні көрсетілмеуі мүмкін бе? 7. Арызда
жазылған мəліметтердің барлығы əрқашан шындыққа негізделе ме?
14-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Письменная жалоба. Письменная жалоба – служебный документ,
предназначенный для доведения до сведения должностного лица (как правило
высшестоящего) информации узкой направленности в малом и среднем
объеме. Жалоба в абсолютном большинстве случаев пишется персонально (то
есть от имени одного лица ).
15-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыздар.
Құқық, азаматтардың құқығы, арыз бойынша тексеріс жүргізуіңізді
сұраймын, қызметкердің заңсыз əрекеті, арызда көрсетілген мəлімет, арыз жазу,
қалыптасқан жағдайға байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.
16-тапсырма. Берілген құжаттардың үлгілерімен танысыңыздар.
Алматы қалалық халыққа қызмет
көрсету басқармасының бастығы
Қадырқұлова Розы Баймолдақызына
басқарма бастығының орынбасары
Н.С.Күдериновадан
А Р Ы З
Ү л г і:
Менің арыз беру себебім, аталған мекеменің тапсырыс арқылы қызмет
көрсету бөлімінің бастығы Ж. Сəрсеновтың бөлім ережесі мен қызметтік
Достарыңызбен бөлісу: |