Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет10/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36

 60-тапсырма. Əр  түрлі  мəселелермен  байланыстырып, 2-3
телефонхат жазыңыздар.
61-тапсырма. Сөз 
жəне 
сөз 
тіркестерімен 
сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Телефонхат, мəлімет, жауапты қызметкер, кеңсе қағаздары, телефон
байланысы, телефонхаттың құрылымы.
62-тапсырма. Төмендегі  жағдайлармен  байланыстырып,
телефонхат жазыңыздар.
1. Сіз  Тау-кен  институтының  директорысыз. Институттағы  барлық
кафедра меңгерушілеріне телефонхат жіберіңіз. Қандай мəселеге байланысты
телефонхат жібересіз?
  2. Сіз қазақ тілі кафедрасының меңгерушісіз. Кафедра оқытушыларына
қандай мазмұнда  телефонхат жібересіз?
Ү л г і:
Қ.И.Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ-дың  барлық  иституттарының
директорларына!
Үстіміздегі  жылдың 26 күні  сағат 16-дан 18-ге  дейін  барлық
иституттарға қарасты ғимараттарда электр қуатын беру тоқтатылады. Институт
директорларының  осы  уақыттағы  сабақтардың  өткізілу  мəселесін  шешуі
сұралынады.
Қол қойған: ҚазҰТУ ректоры Ж.М. Əділов.
Жіберген хатшы: Бакиева Айгүл Əдікенқызы, тел.: 292-04-71.
2010 жылдың 25 маусымы, сағат 12.00.
63-тапсырма. Жеделхат  қандай  қызмет  атқаратын  құжат? Мəлімет
алыңыздар.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
* * * * *
Ж  Е  Д  Е  Л  Х  А  Т
Жеделхат – телеграмма; жеделхат  жіберу – послать  телегармму;
жеделхат алу – получить телеграмму.
Жеделхат:
1. Телеграф арқылы берілетін, жеткізілетін ресми құжат.
2. Жеделхатты əр адам немесе əр мекеме бір-біріне жібере алады.
3. Жеке адам немесе мекеменің қабылдаушысы жеделхат алғаны үшін
қол қояды.
4. Жеделхатта құпия ақпарат берілмейді.
5. Жеделхатта қате кетпеуі үшін, цифрлар сөзбен жазылады.
6. Жіберілген жеделхаттың сағаты, минуты, күні анық көрсетілуі тиіс.
7. Жеделхат  тиісті  уақытында  жеткізілмесе, оған  пошташы  жауап
береді.


Жеделхаттың құрылымына төмендегілер кіреді:
– қай  категорияға  жататыны  туралы  белгі (үкіметтік, халықаралық,
жедел, категориясы  жоқ, кезектен  тыс, шторм, байланыс, табиғат
немесе əр түрлі апаттар жəне т.б.).
– индексі; республикасы; елі туралы;
– мекен-жайы, мəтіні, мəтінге қол қойған лауазымды адамның аты жөні;
– жіберуші лауазымды адамның қолы, мөр, айы, күні.
– жиі  қолданылатын  сөздер: жіберіңіз, шешім  қабылдаңыз,  салып
жіберіңіз, алдым, жеткізілді, келеді, орындалады, барады жəне т.б.
Жеделхаттар  арнайы  баспахана  қағаздарына  толтырылады. Оның
мəтініне  ерекше  телеграф  стилі  тəн:   кіріспе, көмекші  сөздер,
жалғаулықтар, тыныс  белгілері  қойылмайды. Жеделхаттың  мəтіні  қысқа, дəл,
анық болуы керек.
Халықаралық  жеделхаттар  орыс  жəне  латын  шрифтерімен, жаңа
жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.
Халықаралық  жеделхаттың 
мекен-жайы 
бөлімінде 
жеделхаттың
категориясы  туралы  белгі, қабылдаушының  аты, жіберілген  елдің  атауы
көрсетіледі. Мəтінге ұйым басшысының қолы қойылады.
Халықаралық  жеделхаттың  сол  жақ  төменгі  бұрышында  нөмірі, күні,
орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.
64-тапсырма. Жеделхаттың үлгілерімен танысыңыздар.
Ж   Е  Д  Е  Л  Х  А  Т
Ү л г і:
480013, Алматы, Пушкин 22, ҚР  ҰҒА  Ядролық  физика
институты. Директорға.
Сынақтың  екінші  кезеңі  сəтті  аяқталды. Зерттеу  жұмысын
жалғастыру  талаптарын  күтемін. Материалдарды  мына мекен-жайға  жіберіңіз:
Атырау, Абай 7, Өмірбеков А.
* * * * *
480020, Алматы, Сəтбаев 22, ҚазҰТУ. Ректорға
Қазақ  ұлттық  техникалық  университетінің  ашылғанына 70 жыл  толу
мерекесімен  бүкіл  университеттің  ұжымын  құттықтаймын! Жас  кадрларды,
инженер мамандарын даярлауда үлкен жетістіктерге жете беріңіздер.
ҚР Білім жəне Ғылым
                                                                    министрлігінің министрі
                                                                    Б.Т. Жұмағұлов
65-тапсырма. ҚР-ның  Президентіне, ҚазҰТУ  ректорына, өздеріңіз
оқитын  институттың  директорына  жұмыстағы  ірі-ірі  жетістіктерімен
құттықтау мəтінін  құрастырып, жеделхат жазыңыздар.


4-апта. 7-сабақ
66-тапсырма. XIV  ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттеуінен
қысқаша  мəлімет алып, өзара пікір алысып, ой  бөлісіңіздер.
67-тапсырма. Мəтіннің  мазмұнына  сұрақтар  қойып, оларға  жауап
дайындаңыздар.
68-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.
Бұйрық-жарлық құжаттары
* * * * *
XIV ғасырда жазылған жарлықтар
тілінің зерттелуі
Түркі  тілдері, оның  ішінде  қазақ  тілінің  тарихы  үшін  де  өте  құнды
деректердің  бірі  болып  табылатын XIV ғасырда  жазылған жарлықтар   тілін
зерттеуге  арналған  А.Ибатовтың  «XVI ғасырдағы  хандар жарлықтарының
тілі» еңбегі  де  іс  қағаздары  тілінің  қалыптасу  кезеңін  көрсететін, нақты
материалдарға  ғылыми  талдау  жасаған  құнды  зерттеу  жұмысы. А.Ибатов:
«Жарлықтар  сан  жағынан  өте  аз  іс  қағазы  болғандықтан, көлемі  жағынан  да
шағын  болып  келеді. Бірақ  соған  қарамай, онда  қолданылған  сөздер  мен
олардың  неше  алуан  өзіндік  ерекшеліктері – қазіргі  тілдердің  қалыптасып
тұрақталу тарихын байыптап   аңғару   ісінде  бірден-бір қажет материалдар»,  –
деп, жарлық  мəтіндері  тілінің  қазіргі  ресми  іс  қағаздары  тілінің  қалыптасу
тарихын зерттеуге қажетті, құнды материал екендігін атап көрсетеді.
Қазіргі  қазақ  тілінде əмір, бұйрық, мағынасын  беретін  ресми  іс
қағазының бір түрінің атауы ретінде қолданылатын жарлық сөзі Орхон-Енисей
жазба  ескерткіштер  тілінде
йарлық  формасында  кездеседі.  Ол  осы  күнгі
жарлық сөзінен өзгеше емес.
XIV ғасырда  жазылған  хан  жарлықтарын  қазіргі  қазақ  іс  қағаздары
тілімен тікелей тарихи байланысы бар мұра ретінде қарастырады. Бұл жөнінде
А. Ибатов: «Жарлықтар  тексті  болса, сол  орта  ғасыр  жазба  əдеби  тілінің
стильдік  бір  тармағы  ретінде, іс  қағаздарының  стилімен  жазылған  мұралар
қатарында танылуы қажет», – деп жазады.
XIV ғасырда жазылған  хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана.
Жарлықтар  бір  бет  көлемінде  болып  келеді. Зерттеуші  А.Ибатовтың  пікіріне
сүйенсек, жарлық  мəтіндерінде  шамамен 350-дей  түрі  жəне  туынды  сөздер
қолданылған. Ол сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне тəн сөздер болғандықтан,
түркі  тілдес  ұлт  өкілдері  жарлықтардың  мазмұнын  қиындықсыз-ақ  түсіне
алады.
Жарлық  мəтіндерінде  түсініксіз  сөздер  де  кездеседі. Олардың  біразы
монғол  тілімен  байланысты  болса, біразы  араб  сөздері. Жарлық  мəтіндерінде
жер-су, кісі аттары жиі кездеседі.
XIV ғасырда  іс  қағаздарының  əлі  жеке  іс  қағазы  болып  қалыптаса
қоймағандығы  байқалады.  Ондағы  грамматикалық  ерекшеліктер  араласа
беріліп отырған. Бірақ  жарлықтың өзінде анықтамалық-ақпараттық құжаттарға
тəн ерекшелік – баяндауыштың ашық райда берілуі. Ал өкімдік құжаттарға тəн


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау