Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf просмотр
бет18/32
Дата22.05.2018
өлшемі1 Mb.
#15907
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

47 

 

ұлтжандылық,  адамгершілік  қасиеттерін,    тұлғалық  мəдени  болмысын  дамытуға  жол 



ашатын  білім  мен  біліктердің  жиынтығы  ретіндегі  құзіреттіліктерді  қалыптастырудың 

жолы.  


Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі  қоғамдық  мəнін  дұрыс  түсіндіру, 

Қазақстанның  əрбір  азаматының  қазақ  тілін  меңгеруі  оның  басты  борышы  екендігіне 

оқушы назарын аудара отырып, қазақ тілін үйренуге деген жауапкершілік сезімін арттыру 

–  мұғалімнің  кəсіби  мамандық  міндеті.  Аталған  міндеттерді  студент  коммуникативтік 

дағдыларды  меңгертуге  қажетті  əдістемелік  жүйені  (оқыту  мақсаты,  міндеттері,  білім 

мазмұны, оқыту түрлері, оқыту əдістері, оқыту нəтижесі) қолдана отырып жүзеге асыруы 

керек.  Қазақ  тілін  меңгертудің  əдістемелік  жүйесін  белгіленген  бағытқа  лайық  оқыту 

сөйлесім  əрекетінің  түрлерін:  тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым,  тілдесімді  əр 

сабақта  жүйелі,  кешенді  түрде  іске  асырылғанда  нəтижелі  болады.  Қазақ  тілінде 

оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  мамандығына  арналған  «Қазақ  тілін 

оқыту  əдістемесі»  пəні  тіл  үйрету  əдістемесінің  ғылыми-теориялық  негіздері  мен 

тəжірибесін жан-жақты қамтуға бағытталған.  



 

Пəннің тақырыптық жоспары 

1.

 



Қазақ тілін деңгейлік оқыту əдістемесі: əдіснамалық негіздері. 

2.

 



Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытудың  жаңа  тенденциялары,  парадигмалары, 

қағидалары мен бағыттары. 

3.

 

Қазақ тілін деңгейлік оқытуға негіз болатын базалық-нормативтік құжаттар. 



4.

 

Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытудың  оқу-əдістемелік  кешені:  мазмұндық-



құрылымдық жүйесі мен ерекшеліктері жəне өзара тұтастығы. 

5.

 



Күтілетін нəтижелер - “қазақ тілі” пəні арқылы меңгертілетін құзіреттіліктер.  

6.

 



Қазақ тілін деңгейлік оқытудың əдістемелік жүйесі. 

7.

 



Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытудағы  инновациялық  технологиялар:  түрлері, 

ерекшеліктері, сипаты. 

8.

 

Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы интерактивтік əдістер. Қазақ тілін оқытудың 



формалары. 

9.

 



Сөйлесім əрекеті – қазақ тілін деңгейлік оқытудың тетігі.  

10.


 

Тыңдалым əрекетін қалыптастырудың əдістемесі. 

11.

 

Оқылым əрекетін қалыптастырудың əдістемесі. 



12.

 

 Жазылым əрекетін қалыптастырудың əдістемесі. 



13.

 

 Айтылым əрекетін қалыптастырудың əдістемесі. 



14.

 

 Тілдесім əрекетін қалыптастырудың əдістемесі. 



15.

 

 Грамматиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту əдістемесі. 



16.

 

Қазақ  тілінен  меңгерген  білімді  бағалау  жүйесі  мен  өлшемдері 



(индикаторлар). 

 

Болашақ маман меңгеретін құзіреттіліктер  

«Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі»  пəнін      оқыған  студент  төмендегідей 

құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс:  

лингвистикалық құзіреттілік – сөйлесім əрекетінің түрлерін меңгеру жəне тілдік 

бірліктерді қолдана  алуы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық); 



кəсіби  құзіреттілік  –  өзін-өзі  дамытуы  (рефлексия),  өз  пəнін  терең  меңгеруі, 

психологиялық  жəне  педагогикалық  терең  білімінің  болуы,  оқытудағы  дəстүрлі  жəне 

инновациялық əдістерді, жаңа технологияларды  қолдана алуы; 

қатысымдық  құзіреттілік  –  əлеуметтік-қоғамдық  ортада  сөз  мəдениетінің 

талаптарына сай ауызша жəне жазбаша қатысымға түсуі, қатысымдық міндеттерді шешу, 

өзінің көзқарасын жүйелі білдіре алуы жəне пікірлесушінің көзқарасын тыңдап, түсінуі;  

лингвомəденитанымдық  құзіреттілік  –  тілде  көрініс  тапқан  ұлттық,  мəдени-

тарихи құндылықтарды меңгеру жəне оларды тілдік қарым-қатынаста пайдалана алу;   




48 

 

ақпараттық  құзіреттілік  –  қатысымдық  жəне  танымдық  мақсатқа  байланысты 

өзіне  қажетті  ақпаратты  табу,  талдау,  өңдеу,  сақтау,  оның  мазмұнын  жеткізу,  ақпаратты 

өзінің қажетіне қарай пайдалану жəне жаңа ақпараттық, педагогикалық технологияларды 

игеруі;   

проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі  кəсіби жəне өмір жағдаяттарында 

кездесетін  проблемаларды  шешуде  тілдік  дағдыларды  өз  мақсатына  қарай  орынды 

қолдана алуы.   

 

Пəннің пререквизиттері  

«Нормативті  қазақ  тілі»,  «Қазіргі  қазақ  тілі»,  «Тіл  біліміне  кіріспе»,  «Тілдік  қатынас 

негіздері», «Кəсіби қазақ тілі», «Психология», «Педагогика», «Əлеуметтану». 

 Пəннің постреквизиттері 

«Əлеуметтік  лингвистика»,  «Этнолингвистика»  «Стилистика»,  «Қазақ  тілін  оқытудың 

қатысымдық-танымдық əдісі», «Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту». 

Негізгі бөлім 

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде  

“Қазақ тілін оқыту əдістемесі”   курсының мақсаты мен міндеттері 

“Қазақ тілін оқыту  əдістемесі” пəнінің мақсаты – қазақ тілінің əлеуметтік, танымдық, 

практикалық  қызметтерін  түсінетін,  мемлекеттік  тілді    қатысымдық  (коммуникативтік) 

тұрғыдан  деңгейлік  оқытудың  əдістемесін  меңгерген  кəсіби  білікті,  интеллектуалды 

маман дайындау. 

Қазақ тілін оқыту əдістемесі курсының міндеттері

 

студенттерге қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін деңгейлік меңгерту 



əдістемесінің əдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту;  

 



студенттердің  лингвистикалық,  педагогтік,  психологиялық  білімдерін  жетілдіру, 

оны мектеп қабырғасында пайдалануға дағдыландыру; 

 

тілдік  қатынас  теориясы  бойынша  алған  білімдерін  қазақ  тілін  үйрету  үдерісінде 



қолдануға төселдіру;  

 



тілдік жəне қатысымдық бірліктерді меңгертудің ұтымды жолдарын игерту; 

 



қазақ  тілін  үйретуде  тиімді  жаңа  педагогикалық  технологияларды  пайдалануға 

үйрету;   

 

болашақ  мұғалімдерге  өзге  тілді  мектепте  қазақ  тілін  деңгейлік  оқыту  жүйесін 



меңгерту;    

 



ғылыми-əдістемелік əдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білуге дағдыландыру; 

 



оқу-əдістемелік  құралдарды  оқу,  тіл  үйретуге  тиімділігі  тұрғысынан  саралай  білу, 

оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру; 

 

педагогика  мен  əдістемедегі  жаңашыл  əдістемелерді  талдай  білуге,  олардың 



практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білуге дағдыландыру; 

 



мектеп мұғалімінің озық тəжірибесін жинақтауға, талдауға, таратуға дағдыландыру. 

 

 



Қазақ тілін оқыту əдістемесі курсының мазмұны мынадай мəселелерді қамтиды: 

 



Қазақ тілін деңгейлік оқытудың əдіснамалық негіздері. 

 



Қазақ тілін деңгейлік оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары 

мен бағыттарының маңызы. 

 

Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытуға  негіз  болатын  базалық-нормативтік  құжаттардың 



ерекшеліктері. 

 



Қазақ тілін деңгейлік оқытудың оқу-əдістемелік кешені. 

 



Күтілетін  нəтижелер:  коммуникативтік,  ақпараттық,  проблемаларды  шешу, 

мəденитанымдық құзіреттіліктер.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау