45
Алғы сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша Оқу-əдістемелік бірлестігінде
ДАЙЫНДАЛҒАН жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен БЕКІТІЛГЕН жəне
ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ 30.06.2016 ж., № 2
хаттамасымен бекітілген)
4. Пікір берушілер:
Сүлейменова Ж.Н. - п.ғ.д., профессор, ҚазМемҚызПУ
Бейсенбаева Г.Т. - п.ғ.к., доцент,Абай атындағы ҚазҰПУ
5. ҚР БҒМ Републикалық Оқу-əдістемелік Кеңесі мəжілісінде ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
30.06.2016 ж., Хаттама № 2.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»
тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға
болмайды.
46
Түсінік хат
«Қазақ тілін оқыту əдістемесі» курсы - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі
қазақ тілі пəні мұғалімін даярлайтын “Қазақ тілі мен əдебиеті” мамандығы бөлімінде
оқылатын негізгі пəндердің бірі. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін
оқыту əдістемесі бойынша қазақ тілі мұғалімдеріне теориялық білім мен практикалық
дағдыларды жетік меңгерту көзделеді. Жоғары оқу орнында өтілетін “Қазақ тілін оқыту
əдістемесі” пəнінің мақсаты – қазақ тілінің əлеуметтік, танымдық, практикалық
қызметтерін түсінетін, мемлекеттік тілді қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан
оқытудың əдістемесін меңгерген кəсіби білікті, интеллектуалды маман дайындау.
Болашақ мұғалім қазақ елінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі маңызы мен рөлін
түсіне отырып, оқушы бойында қазақ тілін үйренуге мүдделілік сезімін оята алуы аса
маңызды. Осы жолда өзге тілді тілді білім беру ұйымдарында оқушыларды мемлекеттік
тілді меңгеруге ұмтылдырудың тетігі ретіндегі жас жəне психологиялық ерекшеліктері
мен мүмкіндіктеріне сай əдістемелік жұмыстарды жүргізу жолдарымен танысады.
Келешек маман теориялық білімі терең, тіл үйретудің тиімді əдіс-тəсілдерін меңгерген,
практикалық іскерлік қасиеті жоғары білікті мұғалім болуы үшін олардың бойында əрекет
етуге қабілеттілік пен шеберлікті дамытатын құзіреттерді қалыптастыру өзекті болып
отыр.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім алушылардың тұлғалық, коммуникативтік,
мəдени-танымдық қабілеттерін қалыптастыру үдерісінде мемлекеттік тілдің атқаратын
рөлі ерекше. 2014 жылы «Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» жүйесіндегі
мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты дайындалды. Алғаш рет қазақ тілін
деңгейлік оқытудың базалық нормативтік біртұтас жүйесі ұсынылды. Бұл типтік
бағдарлама осы құжатты басшылыққа алып жетілдіріліп отыр. Қазақ тілін деңгейлік оқыту
үдерісінде білім алушылардың қоғамдық-əлеуметтік ортада өмір сүруіне қажетті,
олардың интеллектуалдық қасиетінің көрсеткіші саналатын тілдік-танымдық құзіреттері
мен елжандылық рухын қалыптастыру көзделеді. Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерін
біріктірудің факторы болып саналатын мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың ғылыми
негіздерін тілдік қатынас, қатысымдық-когнитивтік, сөз мəдениеті жəне функционалдық
сауаттылықты қалыптастыру теориялары құрайды. Жоғары оқу орнында болашақ қазақ
тілі мұғаліміне берілетін білім мен қалыптастырылатын кəсіби білік аясын стандарт
талаптарына сəйкес белгілеу көзделді. Сондықтан қазақ тілін өзге тілді мектептерде
оқытуды жетілдіруге негіз болып отырған жаңа тенденциялар парадигмалар, қағидалар,
ұстанымдар ескерілді жəне білім мазмұнына енгізілді.
Өге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту əдістемесі психолингвистика, білім
философиясы, педагогика, физиологияның т.б. ғылым салаларының тұжырымдарын
негізге алады. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тəжірибелерін талдап-тану арқылы
тиімді əдістер мен тəсілдер жүйесін зерделеп, оны студенттерге меңгертуді көздейді.
Осылардың негізінде, қазақ тілінің табиғатына сай қатысымдық тұрғыдан оқытуға
басымдылық беріп, оның болашақтағы даму жолдарының алғышарттарын анықтай білуге
студенттерді үйретеді.
Қазақ тілін оқыту əдістемесі студенттерге ойлау мен сөйлеудің нəтижесінде
қоғамдық-əлеуметтік құбылыс тілдік қатынастың жүзеге асатынын меңгертеді. Қазақ тілін
меңгерту отандық жəне шетелдік тəжірибедегі озық үлгілерді саралауға жəне оларды өз
кəсібінде пайдалануға үйрете отырып, оқушыларға сөйлесім əрекетінің түрлері:
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесімді меңгертудің тиімді жəне
инновациялық технологияларын үйретуді міндет етіп қояды.
Қазақ тілі елдің тұтастығын, ұлттың бірегейлігін сақтаудың кепілі болғандықтан,
оны оқушыға мемлекеттік тіл ретінде меңгертуде қазақ тілі мұғалімінің орны ерекше.
Себебі ұстаздыққа тəрбиелеу – тіл үйретудің қыр-сырын меңгертумен қатар болашақ
маманның жалпы дүниетанымын кеңейтуге, қатысым мəдениетін жетілдіруге,