53
Тұжырымдама - Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде
мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетіне, білім мазмұнының
негізгі бағыттарына сай пəнді оқытудың əдіснамалық негіздерін: парадигмаларын,
ұстанымдары мен қағидаларын, бағыттарын айқындай отырып, пəнді оқытудың мақсаты
мен міндеттерін белгілейтін, оларды іске асыру шарттарын анықтайтын базалық-
нормативтік құжат.
Білім стандарты - пəн бойынша оқушылардың барлығы қол жеткізуі тиіс білім
мазмұнының минималды көлемін, оқу жүктемесі көлемін жəне білім, білік, дағдыларына
қойылатын талаптарды құзіреттілік тұрғысынан анықтайтын базалық-нормативтік құжат.
Білім беру жүйесіндегі индикатор – білім алушының білім, білік, дағдыларын
бағалау өлшемдері.
Қазақстан Республикасының қазақ тілді емес жалпы білім беретін ұйымдарында
«Қазақ тілі» пəнін деңгейлік оқыту нəтижесін бағалау индикаторы – тіл
үйренушінің тілді меңгеру деңгейін бақылау мен бағалаудың өлшемдері.
Оқу бағдарламасы – оқу пəні бойынша меңгертілуге тиісті білім мазмұнын, білім,
білік жəне дағдылар көлемін, сағат мөлшерін, сондай-ақ, оқыту жылдары бойынша
бөлінген тақырыптарды анықтайтын нормативтік құжат.
Қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгертудің
оқу-əдістемелік кешені
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі пəніне арналған оқу-əдістемелік
кешен: бағдарлама, оқулық, мұғалім кітабы, дидактикалық материалдар, лексикалық
минимум, диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, оқушылардың тілін дамытуға арналған
хрестоматиялар, сынақ, емтихан сұрақтары, тест жинағы, деңгейлік тапсырмалар жинағы,
сөздік, суреттер, тірек-сызбалар, кеспе қағаздар жинағы, қызықты грамматика
материалдары, т.б.
Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың жүйелік-
құрылымдық сипаты. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолы жəне оқулықтағы теориялық
жəне практикалық материалдардың берілуінде сəйкестіктердің сақталуы. Мемлекеттік тіл
ретіндегі қазақ тілі оқулықтарының ерекшеліктері. Лексикалық жəне теориялық
материалдардың берілу логикасы. Лингвистикалық материалды оқу мақсатына сəйкес
лингводидактикалық тұрғыдан меңгерту негіздері. Жаттығуларды, тапсырмаларды
оқулықтарда орналастыру желісі.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде
“Қазақ тілі” пəні арқылы меңгертілетін құзіреттіліктер
Құзіреттілік түрлері: лингвистикалық құзіреттілік, қатысымдық құзіреттілік,
лигвомəденитанымдық құзіреттілік, ақпараттық құзіреттілік, проблемалардың шешімін
табу құзіреттілігі.
Ақпараттық құзіреттілік – тіл үйренушінің қатысымдық жəне танымдық
мақсатқа байланысты өзіне қажетті ақпаратты табу, түсіну, оның мазмұнын жеткізу,
талдау, өңдеу, сақтау, тапқан ақпаратты өзінің қажетіне қарай пайдалана алу жəне жаңа
ақпараттық технологияларды игеру біліктілігі.
Коммуникативтік құзіреттілік – түрлі əлеуметтік-өмірлік жағдаяттарда қазақ
тілінде ауызша жəне жазбаша түрде қатысымға түсу, қатысымдық міндеттерді шешу,
өзінің ойын, пікірін, көзқарасын білдіре алу жəне диалогтік, полилогтік тілдесімге
қатысып, əлеуметтік ортада өзін таныта алу біліктілігі.
Проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі – күнделікті өмір жағдаяттарында
өз алдына мақсат қойып, оны жүзеге асыруда тілден игерген білім, білік, дағдыларын
ұтымды қолдана алу біліктілігі.
54
Лингвомəденитанымдық құзіреттілік – қазақ тілін меңгеру барысында қазақ
халқының қатысымдық-сөйлесімдік ерекшеліктерін ескеру, тілдің лингвомəдени
нормаларын сақтау, мəдениаралық қатынасты жүзеге асыру біліктілігі.
Қазақ тілін оқыту əдістемесінің жүйесі
Қазақ тілін оқыту əдістемелік жүйесі: оқытудың мақсаты, міндеті, білім мазмұны,
оқыту формалары, əдістері, күтілетін нəтижелердің бірлігі. Қазақ тілін деңгейлік оқыту
дегеніміз – əр білім алушының қазақ тілінде сөйлеу деңгейін анықтай отырып, əркімнің
сұранысы мен тілді білу деңгейіне сəйкес қазақ тілін коммуникативтік-танымдық
тұрғыдан меңгерту; деңгейлер бойынша ауызша/жазбаша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру; тіл үйренушінің түсіну, сөйлеу, жазу, тілдесу дағдыларын қарапайымнан
күрделіге бағытталған талаптар бойынша дамыту.
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың түпкі нəтижелері ретінде Қазақ тілін деңгейлік
меңгерту – қазіргі кезеңде өзекті мəселелердің бірі. Себебі қазақ тілін оқытуда оқушының
қазақ тілін білу деңгейін анықтап, əр оқушының тілді білу дəрежесіне сəйкес қазақ тілін
үйрету маңызды. Қазақ тілін деңгейлік меңгертудің мақсаты – қазақша тілдік қатынасқа
қажетті ережелер мен қатысымдық бірліктерді таңдап қолдану арқылы тіл үйренушіні өз
деңгейінде ойын дұрыс, түсінікті жеткізе білуге үйрету. Қазақ тілінде тыңдағанын жəне
оқығанын түсінуге дағдыландыру, сөйлеуге, жазуға үйрету. Осы тұрғыдан келгенде
студенттерге тілдік қатысым теориясын, тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан оқыту
əдістерін игерту көзделеді.
Тіл үйретудегі тиімді əдістерді классификациялау туралы түрлі көзқарастар.
Лингвистикалық əдістер жəне олардың қазақ тілін меңгертуде қолданылуы. Қазақ тілінде
оқытпайтын мектептерде мемлекеттік тілді оқыту əдістері, олардың түрлері мен маңызы,
ерекшеліктері.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуде тілді белгілі бір заңдылықтар
жүйесі ретінде ұсына отырып, қарым-қатынас құралы ретіндегі практикалық мəніне
басымдылық беру. Тілді оқытудағы (меңгертудегі) негізгі əдіс – қатысым əдісі. Қатысым
əдісі – тілдің қарым-қатынастық табиғатынан туындайтын жетекші əдіс. Қатысым əдісінің
ұстанымдары, өзіндік белгілері.
Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы инновациялық технологялар: түрлері,
ерекшеліктері, сипаты
Қазақ тілін деңгейлік оқытуда нəтижелі болуы инновациялық технологияларды
саралап пайдалануға байланысты. Оқытудың əдістерін бір мақсатқа жұмылдыра
ұйымдастыруда оқыту технологияларын талғап қолдану маңызды. Тілді оқытуда ең жиі
қолданылатын технология – оқытудың коммуникативтік технологиясы. Сөйлесім
əрекетінің түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) қатысымдық
бағытта өзара сабақтастыра қолдану, білім алушының қазақша дұрыс сөйлеуі мен
сауатты жазуына ықпал етеді. Бұл технологияның мақсаты – білім алушының тілдік
қарым-қатынастағы тілдесім шеберлігін қалыптастыру. Аталған технология оқу
үдерісінде монологтік, диалогтік, полилогтік тілдесімге қажетті жағдайларды туғызады.
Дамыта оқыту технологиясы жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту; теориялық
білімнің жетекші рөлі; оқу материалын жеделдете оқыту; оқу үрдісін студенттің сезінуі;
барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу тəрізді ұстанымдарды
басшылыққа алады. Бұл технология білім алушыны бағдарлама бойынша тапсырманы
орындай білуге, берілген тапсырманы жаттап алуға емес, оның мазмұны мен мағынасына
мəн беруге үйретуді көздейді.
Оқу жəне жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Бұл
технологияның мақсаты - білім алушының теориялық жəне шығармашылық ойлау
қабілеттерін дамыту.
Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы. Ол оқыту мен тəрбиелеу үдерісінде білім