10
Мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың қажеттілігі.Орта
мерзімді жоспар. Қысқа мерзімді жоспар. Ұзақ мерзімді жоспар. Оқу бағдарламасы.
Пəндік мазмұн.Жұмыс сызбасы. Тізбектелген сабақтар. Жеке абақ. Ұзақ мерзімді,
орта мерзімді жəне қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс. Түйінді
идеялар. Табыс критерийлері. Ресурстар. Модуль. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының
құрылымы. Орта мерзімді сабақ жоспарының құрылымы. Ұзақ мерзімді сабақ
жоспарының құрылымы.
Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың
мақсаты:
• жұмыс кезеңдерінің дəйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
• оқыту тəжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру;
• əрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;
• оқу нəтижелерін өлшеу əдістемесін анықтау;
• осы нəтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын
көрсету;
• оқудың əрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын
қамтамасыз ету;
• барлық оқушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау.
Оқу мақсаты мен оның нəтижелері. Оқу нəтижелері:
- оқушыға бағытталуы;
- оқушының игерген дағдысын сипаттау;
- оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы.
Тізбектелген сабақтар топтамасын оқытудың маңызы.Тізбектелген сабақтар
топтамасын жоспарлау, оқыту жəне ол бойынша рефлексия жүргізу.Тізбектелген сабақ
жоспар үлгілері.
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау ( формативті бағалау немесе оқыту үшін бағалау).Оқыту
үшін бағалау (ОүБ) кезінде қолданылатын қадағалау,интерпретация жəне
өлшемдер.Реформалау тобының (2002а) оқыту үшін бағалауға берген анықтамасы.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі. Білім алушылардың өз білімін
арттыру үшін бағалауды үйренуі.Оқушылардың өзінің оқуын жақсарту үшін кері
байланыс арқылы алынған ақпаратқа сəйкес жұмыс істеуі. Түсінушілік, қызығушылық
жəне ықыласпен əрекет етуге қажеттілігі. Тұжырымның оқыту мен оқу тəжірибесі үшін
маңызы, өзектілігі.
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
• Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі
бағалауға қатыстырады.
• Бағалау нəтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
• Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едəуір ықпал
ететіндігі, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
• Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай
алуын қамтамасыз ету жəне өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Ішкі жиынтық бағалау
Жиынтық ( суммативті немесе оқуды бағалау).Оқуды бағалаудың мақсаты - оқушы
қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау.Оқуды бағалау кезіндегі бірдей жастағы
оқушылар тобының қол жеткізген деңгейі мен арақатынасы.Мұндай қорытындының
стандартқа,балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сəйкес/сəйкес емес» деген
нысанда жасалуы. Жиынтық мəліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану.
Жинақталған жиынтық мəліметтердің ықпалы. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау
11
жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) жəне ЭЫДҰ. «Мəліметтерді» жинау.
Жиынтық бағалау жетістіктері мен деңгейі. Балл мен деңгейлерді анықтау үшін
ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер.Орындалған тапсырманың негізгі
аспектілеріне қатысты сапалы ақпараттың оқушылармен кері байланыс үшін
қолданылуы. Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалаудың оқыту үшін
бағалауға ауыстырылуы.
Оқу үшін бағалаудың маңызы.Бағалаудың мəні.Бағалаудың түрлі нысандары: тест
жұмыстары. Бағалаудың сипаттамалары:
• қадағалау;
• алынған мəліметтердің интерпретациясы;
• бұдан арғы іс-əрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Қадағалау.Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін жəне не
істей алатындығын, қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау.
Жазбаша тапсырма немесе тест,ауызша сұрақтың тиімділігі. Оқушының сұрақтарға
берген жауаптарының бақылануы. Бағалайтын тұлғаның алынған мəліметтердің мəнін
анықтай білуі.
Интерпретация. Интерпретацияның ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту
түрлеріне қатысты жүргізілуі. Мұндай өлшемдердің критерий деп аталуы, олардың оқу
мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызылуы.
Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттау.Интерпретация - логикалық
қорытынды.
Қорытынды.Мəліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады,
ол бағалауды көздейді. Бағалау үдерісінің түрлі мақсаттарға жəне алынған ақпарат,
қолданылатын міндеттерге байланысты əртүрлі нысанда жүруі.
Бағалау үдерісі
Бағалау үдерісі. Мұғалімнің бағалаудағы рөлі: мұғалім тəлімгер ретінде, мұғалім
жетекші ретінде, мұғалім есепке алу маманы ретінде, мұғалім баяндамашы ретінде.
Пікірлер парағы: бағалаудың негізгі сипаттамасы, сабақ беру жолдары, үлгілер, оқытуға
ықпал ету. Оқытуды бағалау стратегиялары. Өзара бағалау жəне өзін-өзі бағалау.Баға
қою жөніндегі кері байланыс.Бағалар жөнінде түсініктеме беру үшін
жасалатын қадамдар: Бірінші қадам: жетістік критерийлері туралы айту. Екінші қадам:
бастапқы жоспар дайындау. Үшінші қадам: жетістікті анықтау. Төртінші
қадам:алдағы жұмыстарды жақсарту үшін мақсатты анықтау.
Бесінші қадам:берілген
түсініктемеге қатысты оқушының ойлануы мен жауабы.
Алтыншы қадам: деңгейлерін
анықтау жəне оқушыларға жұмыстарын қайтару. Жазбаша жұмыстарды топтық бағалау.
Оқушы портфолиосы
«Портфолио» əдісі жəне оның шығу тарихы.
20 ғасырдың 80-90 жылдары АҚШ-та, содан кейін Еуропа, Жапония жəне басқа да
елдерде портфолио əдісі оқытуда, яғни студенттердің жеке оқу жетістіктерін бағалау əдісі
ретінде қолданыла бастауы.
Портфолио - мұғалімнің тапсырмалары бойынша студенттің бір немесе бірнеше
əдістердің аясында оқыту əрекетін жүйелейтін тақырыптық материалдар жинағы.
Портфолио –- жүйелі, тұрақты процедуралық жұмыс болып табылатындығы.
Портфолионың білім алушыға өздігінен білім алуға жəне өз кəсіби қызметінің,
оқудың, зерттеу нəтижелерінің сапасын бағалауға мүмкіндік беретіндігі. Портфолио əдісі
ақпараттық
технологиялардың
дамуы
негізінде,
оның
ішінде
компьютерлік
бағдарламалармен оқуды басқару кезіндегі рөлі.
«Портфолио» əдісі - оқытудың ең нəтижелі əдісі. Портфолио – оқушының тоқсан
немесе оқу жылы жасаған жұмыстары жəне жетістіктерінің айғағы мен дəлелі.