Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
бет7/20
Дата29.05.2018
өлшемі0,57 Mb.
#18283
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 18-сі   

 

компоненті 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ComboBox  компоненті  TComboBox  класына  жатады.  ComboBox  комбинирленген 

тізімі  ListBox  тізімінің  және  Edit  редакторының  комбинациясын  көрсетеді,  сондықтан 

оның көптеген қасиеті мен әдістері сол компоненттерден алынған. 

Компоненттің Style қасиетімен анықталатын бес модификациясы бар

csSimple 

csDropDown 

csDropDownList 

csOwnerDrawFixed 

csOwnerDrawVarit 

бірінші  жағдайда  тізім  әрқашан  ашық,  ал  қалғандарында  ол  редактордың  оң 

жағындағы  кнопканы  басқаннан  кейін  ашылады.    csDropDownList  модификациясында 

редактор  таңдауды  көрсету  режимінде  жұмыс  істейді  және  оны  жаңа  жол  енгізу  үшін 

пайдалануға болмайды (қалған модификацияларды ол мүмкін).  csOwnerDrawFixed және 

csOwnerDrawVariable  модификациялары  csDropDown  модификациясын  программалық 

суреттеу  үшін пайдаланылады.  Ол  үшін  пайдаланылатын қасиеттер  мен  әдістер  ListBox 

қасиеттері мен әдістеріне толықтай сәйкес келеді.  

 

Бақылау сұрақтары 

1.  CheckBox компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер? 

2.  RadioButton компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер? 

3.  RadioGroup компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер? 

4.  ListBox компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер? 

5.  ComboBox компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер? 

Әдебиеттер: (1) 302-317 б. 

 

6 апта 



7  тақырып.  Меню  құру.  Standard  бетінің  компоненттері:  MainMenu, 

PopupMenu, Memo 

Дәріс жоспары 

1.  Меню  құру.  Standard  беті  компоненттерінің  міндеті:  MainMenu,  PopupMenu. 

Қасиеттері. Оқиғалары. Әдістері. 

2. Memo компонентінің міндеті. Қасиеттері. Оқиғалары. Әдістері.  



Style қасиеті csSimple 

мәніне ие 



Style қасиеті 

csDropDown 

(тізім жабық) мәніне 

ие 

Style қасиеті 

csDropDown 

(тізім ашық) мәніне 

ие 



 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 19-сі   

 

 



Дәрістің қысқаша мазмұны 

 

1. Қосымшаның менюін құру 

Меню  компоненттер  палитрасының  Standard  бетінің  MainMenu  компоненті 

көмегімен  құрылады.  Формаға  MainMenu  компонентінің  бірнешеуін  орналастыруға 

болады,  бірақ  форманың  жоғарғы  бөлігінде  меню  полосасында  олардың  тек  форманың 



Menu қасиетінде тұрғаны ғана көрсетіледі.  

Меню пунктерін құру 

Формаға  MainMenu  компонентін  қойғаннан  кейін  оның  опциясын  құру  қажет.  Ол 

үшін  компонентке  тышқанның  сол  жақ  кнопкасымен  екі  рет  шерту  керек,  немесе 

тышқанның оң жақ кнопкасын басу арқылы контексті менюді шақырып,  Menu Designer 

командасын таңдау, немесе Объекттер инспекторының Items жолының оң жағын шерту. 

Содан  кейін  меню  конструкторы  терезесі  ашылады.  Меню  пункттерінің  атауы  бос 

тікбұрыштарда енгізіледі. 

Компоненттер –меню пункттері 

Менюдің  барлық  пункттері  TMenuItem  класына  жатады.  Бұл  компоненттер 

компоненттер  палитрасында  жоқ,  оларды  меню  конструкторы  терезесінде  ғана  құруға 

болады. Меню конструкторында пункттер атауы толтырылса, онда компоненттер – меню 

пункттері үшін Caption және Name қасиеттерін анықтау жүреді. Егер меню пункті ұлтық 

алфавит әріптерімен аталса немесе "-" символынан тұрса, онда Name қасиеті N1, N2 және 

т.с.с. ретінде анықталады. Компоненттер  – меню пункттері құрылғаннан кейін олардың 

барлық қалған қасиеттерін орнату үшін қарапайым компоненттер үшін сияқты Объекттер 

Инспекторын пайдалануға болады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Суретте келесі элементтер номерлермен белгіленген: 



1.  Бөлгіш. 

2.  Акселераторлы перне. 

3.  Жедел пернелер. 

4.  Меню командаларының тобы. 

5.  Тармақталған меню. 

 








 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 20-сі   

 

Менюге бөлгіштер қосу 

Бөлгіш  топтарға  логикалық  бөлінген  меню  пункттері  арасындағы  горизонтальды 

сызық  түрінде  болады.  Бөлгішті  қосу  үшін  меню  пунктінің  атауы  ретінде    (-)  дефисті 

анықтау қажет.  

Акселераторлы пернелерді анықтау 

Менюден  элементтерді  тез  таңдау  үшін  акселераторлы  пернелерді  беруге  болады 

(тез таңдау пернесі).  

Меню  пунктінің  атауында  символды  акселераторлы  перне  ету,  оның  алдына  & 

(амперсант) символын енгізу қажет. Меню пункті атауының ішінде акселераторлы перне 

асты сызылуымен ерекшеленеді. 

Бұл  перне  ашық  меню  пунктін  таңдау  үшін  пайдалануы  мүмкін.  Егер  бас  меню 

пункті үшін акселераторлы перне анықталса, онда Alt+акселератор комбинациясын сол 

менюді ашу үшін пайдалануға болады. 

Менюде жедел пернелерді қосу 

Жедел  пернелер  меню  командаларына  жедел  кіруді  қамтамасыз  етеді. 

Акселераторлы  пернелерден  негізгі  айырмашылығы,  олар  жабық  меню  командаларын 

орындауға мүмкіндік береді.  

Меню  пунктіге  жедел  кіру  пернесін  анықтау  үшін  Объекттер  Инспекторы  арқылы 

ShotCut  қасиетінің  мәнін  орнату  керек.  Таңдап  алынған  пернелер  менюде  сәйкес  меню 

пунктінің қатарында көрсетіледі.  



Тармақталған меню құру 

Тармақталған меню құру үшін, яғни меню командалары командалардың жаңа тізімін 

шақыратын,  меню  пунктін  шерту  және  Ctrl+



  пернелерін  басу  немесе  меню  пунктіне 

тышқанның оң жақ батырмасын шерту және Create Submenu командасын орындау қажет.  

Меню пункттерін редактрлеу 

1.  Меню  пунктінің  атауын  өзгерту  үшін  Объекттер  Инспекторы  арқылы  Caption 

қасиетінің мәнін өзгерту керек. 

2.  Меню  пунктін  жою  үшін  оны  меню  конструкторында  ерекшелеу  және  Delete 

пернесін басу керек. 

3.  Менюдің  жаңа  пунктін  қосу  үшін  меню  конструкторында  Insert  пернесін  басу 

керек. 

4.  Меню  пунктін  меню  конструкторында  жұмыс  істей  отырып,  тышқан  көмегімен 



орнын ауыстыруға болады. 

Меню пунктіне рұқсат беру және рұқсат бермеу 

Егер  меню  пунктінің  Enabled  қасиетіне  False  мәнін  меншіктесек,  онда 

программаның  орындалуы  кезінде  бұл  пункт  сұр  түсте  көрсетіледі  және  орындауға 

жіберілмейді. 



Менюде белгі мен маркерлердің көрсету 

Егер  меню  пунктінің  Checked  қасиеті  True  мәнін  қабылдаса,  онда  қосымшаның 

орындалуы  кезінде  сол  элементтің  жаңында 



  түріндегі  белгі  пайда  болады.  Белгілер 

көмегімен менюдің белгілі бір пункттерін қосуға немесе өшіруге болады. 

RadioItem  қасиеті  меню  пунктінің  жаңында  маркердің  пайда  болуын  анықтайды, 

сонымен қатар Checked қасиеті True мәнін қабылдау керек. 



GroupIndex қасиеті RadioItem қасиетімен бірге меню пункттерінің тобын құру үшін 


жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау