ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 10-сі
bsSizeable – қарапайым терезесі бар.
bsSizeToolWin – терезеде жүйелік меню кнопкасы жоқ, сонымен қатар Свернуть
және Развернуть кнопкалары жоқ, терезе өлшемін өзгертуге болады.
bsToolWindow – терезеде жүйелік меню кнопкасы жоқ, сонымен қатар Свернуть
және Развернуть кнопкалары жоқ, терезе өлшемін өзгертуге болмайды.
bsDialog – диалогтік терезе, өлшемін өзгертуге болмайды, Жабу кнопкасы бар.
3. Icons – терезе значогын анықтайды.
4. Position – программа жүктелгеннен кейін терезенің орналасу реті анықталады.
5. WindowState – программа жүктелгеннен кейін терезенің өлшемін анықтайды.
Form компонентінің кейбір әдістері
1. Close – форманы жабу.
2. Show – форманы модальды емес көрсету.
3. ShowModal – форманы модальды көрсету.
4. Hide – форманы жасыру.
2. Компоненттермен жұмыс
Компонент – бұл белгілі бір қасиеті бар және программистпен форма терезесіне
орналастырылатын функционалды элемент.
Қосымшаны құру процесі қажетті компоненттерді таңдауға және баптауға
негізделеді.
Компоненттер Компоненттер палитрасында орналасады, бұл компоненттер
витринасы болып табылады және өздерінің белгілері бойынша топтарға жинақталған.
Компоненттер визуальды, қосымшаның жұмысы кезінде көрінетін және визуальды
емес, белгілі бір қызметші функцияларды орындайтын болуы мүмкін. Визуальды
компоненттер жобалау процесінде экранда сіз қойған күйде, қосымшаны орындауға
жіберу кезінде пайдаланушыға көрініп тұрады. Визуальды емес компоненттер жобалау
процесінде формада значоктар түрінде көрініп тұрады, бірақ пайдаланушы орындауға
жіберу кезінде олар көрінбейді.
Компоненттер атауы
Формада әрбір компоненттің әмбебап аты болуы керек, сондықтан Delphi
компоненттер атаулары үшін кейбір ережелерді пайдаланады және оларға реттік
номерлер береді. Мысалы, егер формада үш кнопка пайдаланылса, онда Delphi оларға
рет бойынша Button1, Button2, Button3 атауларын береді. Формаға қойылған
компоненттер атауларын өзгертіп, оларға мәнділік беруге болады.
Компоненттерді редактрлеу
Компоненттерді редактрлеу командалары Edit менюінде орналасқан. Мысалы, Copy,
Cut және т.б.
Компонентпен операция орындау алдында ол белсенді (ерекшеленген) болуы керек.
Бірнеше компоненттерді ерекшелеу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып және
тышқанмен шерту керек.
Компоненттер қасиеті
Әрбір компоненттің белгілі бір қасиеті болады. Қасиеттердің мәнін Объекттер
инспекторы арқылы қолмен (тышқан көмегімен) беруге, сонымен қатар программаның
ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 11-сі
орындалу барысында анықтауға болады.
Программаның орындалу барысында компоненттер қасиеттеріне мәндер беру
Компонент қасиетіне қатынасу программада былайша жүреді:
Label1.Caption — Labell компонентінің Caption қасиетіне қатынасуы
Edit1.Text —Edit1 компонентінің Text қасиетіне қатынасуы.
және т.с.с.
Программаның жұмыс істеуі барысында компоненттер қасиеттеріне мән беру үшін
мәндерді меншіктеу операторы пайдаланылады.
Мысалы:
1. Формаға қызыл түс береді
Form1.Color:=clRed;
2. Кнопка енін 70 пт қояды
Button1.Width:=70;
3. Меткада (этикеткада) 'Привет!' фразасын шығару
Label1.Caption:='Привет!';
Компонеттердің көбі әр түрлі және әртүрлі есептерді орындау үшін қажет
болғандығына қарамастан, олардың көбінің бірдей қасиеті бар. Төменде көптеген
компоненттерде кездесетін қасиеттер сипатталған.
Оқиға және оқиғаны өңдеуіш
Оқиға программалардың компьютердің аппараттық қамтамасымен әрекеттесуі
нәтижесінде операциялық жүйемен генерацияланады. Windows оқиғалар туралы
мәліметтерді орындалатын программаларға берілетін хабарлардың үлкен санын құрайды.
Оқиға компонентке тышқанмен шерту, пернетақта клавишасын басу және т.с.с. болуы
мүмкін.
Delphi-де оқиғаға реакция оқиға өңдеуіш деп аталатын оны өңдеу процедурасы
сияқты өңдіріледі. Демек, программист міндеті қажет оқиға өңдеуіштер жазудан тұрады.
Оқиға өңдеуіш құру үшін келесі команданы орындау қажет:
1. Оқиға өңдеуіш құрылатын компонентті белсенді ету керек.
2. Объекттер инспекторы терезесінде Events вкладкасына көшу.
3. Қажет оқиға атауының оң жағына (бос өрісте) екі рет шерту керек.
Нәтижесінде программаның Код редакторы терезесі процедура макетімен – оқиға
өңдеуішпен ашылады. Delphi автоматты түрде өңдеуішке екі бөліктен тұратын атау
меншіктейді. Бірінші бөлігі оқиға өңдеуіші құрылатын компоненттен тұратын форма
анықталады. Атаудың екінші бөлігін компоненттің өзі және оқиға анықтайды.
Мысалы, егер кнопка бойынша (Button1) «тышқанмен шерту» оқиға өңдеуіші
құрылса, онда процедура атауы келесідей болады: TForm1.Button1Click.
Бақылау сұрақтары
1. Басты компонент – форма рет бойынша қандай атауға ие?
2. Форманың сыртқы түрін өзгерту үшін қандай қасиет пайдаланылады?