|
4 дәріс. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу
|
бет | 1/2 | Дата | 20.10.2022 | өлшемі | 26,21 Kb. | | #39751 |
| 4 апта Жумагалиева Карақат 4 дәріс. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу
Компьютер жадысы (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі. Жады 1940-ыншы жылдардан бері орталық процессор секілді, компьютердің маңызды бөліктеріне жатады. Есептеуіш құралдардағы жады иерархиялық құрылымды болады және ол әртүрлі қасиеттері бар бірнеше сақтағыштарды (жаттағыш) қолдануды білдіреді. Көбінесе персоналды (жеке) компьютерлерде «жады» деп оның бір бөлігі - кездейсоқ рұқсатты (DRAM) динамикалық жадыны - қазіргі уақытта жеке компьютерлер жедел жады ретінде қолданылатын жадыны айтады.
Компьютерлік жады замануи компьютерлер ең басты функция - ақпараттарды ұзақ сақтау қасиетін беріді. Шамамен барлық компьютерлер негізі болған принципі - Нейман архитектурасының басты рольдерін орталық процессор мен сақтағыш құрылғы атқарады. Алғашқы компьютерлер сақтағыш құрылғыларын тек қана өңделіп жатқан деректерді сақтау арналған болатын. Олардың бағдарламалары алда атқарылатын тізбектерден жасалынған. Қайта программалау көп уақытты, жаңа документацияларды, блоктарды қайта құруды, құрылғыларды дайындауға арналған үлкен көлемді қол жұмысын талап етті. Нейманның компьютерлік бағдарламаларды және деректерді ортақ жадыда сақтау архитектурасын қолдану, жағдайды түбегейлі өзгертті. Кез келген ақпарат бит ретінде өлшенуі мүмін, өйткені қандай физикалық принцип арқылы жасалғанына және сандық компьютердің қандай есептеу жүйесінде қызмет ететініне, тексттік ақпаратына, суретіне байланассыз есептеліне алады. Оған себеп барлық ақпарат екілік өлшеу жүйесіне көшіріле алады. Бұл компьютерге деректермен басқаруға көмектеседі.
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары оның интерфейсіне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған. Арналуы бойынша сыртқы құрылғыларды төмендегідей бөлуге болады:
деректерді енгізу құрылғылары
деректерді шығару құрылғылары
деректерді сақтау құрылғылары
деректерді алмасу құрылғылары
Монитор ақпаратты компьютер экранына шыгару қүрылғысы. Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы. Мониторларды екі белгілері бойынша жіктеуге болады:
Принтерлер ол басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.
Матрициалық принтерлер — бұл карапайым басу құрылғынары. Деректер қағазға инелгрдің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер турінде шығарылады.
Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.
— Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінін нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Бояудың микротамшылары басу бастиегіндегі қысыммен шығарылады. Басу сапасы лазерлік принтерлерге қарағанда біршама төмен және ол тамшының көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді.Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады.
Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы — «Маус» манипуляторымен жабдықталған.
Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі олі — сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі: ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Маус — бұл манипуляторлык, типті енгізу қүрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда жылжытуга (қозгалтуға) және объектілерді басқаруға арналған. Трекбол — бул маустыц функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданшатын құрылғы.
Әдеттегі маустан басқа да манипулятордың түрлері бар, трекболдар, маустар, инфрақызыл маустар:
— Трекболдың маустан айырмашылығы, ол тұрақты түрде орналастырылады және оның шаригі алақанмен қозғалысқа келтіріледі.Трекболдың артықшылығы ол беті тегіс жерді
қажет етпейді, сол себепті олар портативті компьютерлерде колданынады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|