7
Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы
педагогика және психология кафедрасының
меңгерушісі, пс.ғ.к.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет
Қызылорда қ.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ДАЯРЛАУ
Инклюзивті білім беру (фр. inclusif - включающий в себя - өзіне
қосушы; лат. include-заключаю, включаю - құрамына кіру, енгізу,
инклюзивті – inclusive – қосылушы – включающее. Inclusion - включение –
қосылу) - ерекше қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім берудің
қолжетімділігін қамтамасыз ететін, барлығының әртүрлі мұқтаждығына
бейімдеу жоспарындағы білімнің баршаға арналған жалпы, кәсіби орта
және жоғары білім берудің даму үдерісі.
Сонымен қатар, инклюзивті білім беру – барлық білім алушы
жастардың жалпы және кәсіби орта, жоғары білім беру үдерісіне енуі,
әлеуметтік бейімделуі, жасына, жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне
қарамастан баланың жеке қажеттілігіне коррекциялық-педагогикалық,
отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсету, белсенді отбасының ықпалын
қамтамасыз ету болып табылады. Барлық білім алушыларға білім алуға
жағдай жасау - дене бітіміндегі, интеллекттік, эмоциялық, әлеуметтік,
тілдік дамуындағы ерекшелігіне қарамастан оларды педагогикалық
үдеріске қосу.
Инклюзивті білім беру оқытуда әртүрлі қажеттілігі бар білім
алушыларды индивидуум ретінде мойындауға бағытталған әдіснаманы
дамытуға тырысады. Инклюзивті білім беру оқытуда әртүрлі қажеттілікті
қанағаттандыру үшін орамды болуды көздейді. Сонымен қатар, қалыпты
дамып келе жатқан құрдастарының, яғни өзінің сыныныптастары,
топтастары, достары мен ауласындағы балалар арасында қалыпты сезінуге
мүмкіндік беретін жағдайда білім беру мекемелерінде оқыту болып
табылады.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше» балалар оқитын жағдайлар:
арнаулы (коррекциялық) оқу орындары;
үйде оқыту;
арнаулы мектеп-интернаттар;
коррекциялық мектептер және мектепке дейінгі мекемелер;
оңалту орталықтары болып табылады.
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту мәселесін шешудің
бірден бір нұсқасы төмендегідей:
-
ерекше қажеттілігі бар білім алушыларды білім беру үдерісіне
тарту;
-
қазіргі қоғамда мүгедек балаларды әлеуметтендіру;
8
-
қазіргі қоғамға өзін сенімді бағыттау үшін мүгедек балалардың
белсенді мінез-құлық ыңғайлануын құру;
-
өзінің бойындағы ақауларды абыройға айналдыру;
-
ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатынасты өзгерту.
Инклюзивті саясат - бұл ата-ананың мектеп таңдауға құқығы
болуының саясаты.
Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізуде шешілмеген
төмендегідей мәселелер мен кедергілерді де айта кеткен жөн:
-
ерекше қажеттілігі бар білім алушыларға жаңылыс қатынас-
олар туралы адекватты көзқарас болмағандықтан біз қорқақтаймыз;
-
арнайы дайындалған педагогикалық құрамның болмауы-
дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы мектептерде оқытуға дайын
емес. Мемлекет бұл орайда маман дайындауда жоғары педагогикалық
білім беру стандарттарын өзгертуі қажет;
-
білім
беру
ұйымдарында
материалды-техникалық
жабдықталудың өз деңгейінде болмауы. Білім алушылар үшін арнайы
қондырғалардың және оқу материалының болмауы, сонымен қатар,
педгогтар үшін әдістемелік құралдың жеткіліксіздігі;
-
мемлекеттік стандарттың қатаң талаптары. Интеллект деңгейі
бойынша артта қалушы білім алушылардың жетістігін бағалауда кең
ауқымды түрлендіру жүйесін енгізу маңызды болып табылады.
Мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі ең алдымен
ғылыми-педагогикалық қауым арасында ақпараттық-ағартушылық жүргізу
болып табылады. Бұл үдеріс бірашама жылдар көлемінде орын алып
келеді. Әсіресе, нормативтік-құқықтық база құру, оқылатын материалдар
мен оқытушы құрамын дайындау, инклюзивті білім беруді енгізу бойынша
алыс-жақын шетелдің тәжірибесін талдау Қазақстанға оқытудың сауатты
жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Мамандар инклюзивті білім беру жүйесін жоспарлы дамытуды
көздейді. Осы орайда, олар арнайы мектептерде толықтай жауып, барлық
қабілеті ерекше білім алушыларды жалпы мектепке ауыстыру мүмкін
еместігін баса айтады.
Кейбір адамдардың қалыпты балаларды оқыту сапасының төмендеу
мүмкіндігін назарға алып, инклюзивті білім беруге қауіппен
қарайтындығын да айта кету қажет.Дегенмен, мамандар инклюзия білім
беру үдерісінің барлық қатысушыларын қанағаттандыру мақсатында
оқытудың жоғары сапасын ықыластанған деген пікірді алға тартады.
Жоо-да инклюзивті оқытудың басты міндеті - әрбір студенттің
қажеттілігін қанағаттандыру жүйесін құру болып табылады. Инклюзивті
жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларға, тек мүгедектер ғана
емес, жетістікке жетуге, қауіпсіздігін сезіну, ұжымда болу құндылығына
мүмкіндік беретін қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беруді дамытуды ғылыми-әдістемелік
және кадрлық қамтамасыз ету өзектілігін жоғалтқан жоқ. Инклюзияға