Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет138/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   147

315 
 
Қорыта  келсек,  үздіксіз  даму  кезеңінде  география  пәні  мұғалімдерінің  іс-
тәжірибесінде  оқытудың  дәстүрлі  әдістерімен  қатар,  белсенді  оқыту  әдістері, 
оқытудың  инновациялық  технологияларды  пайдаланудың  мүмкіндіктері  зор 
болып отыр. 
Әдебиеттер: 
1. «Білім  беру  мекемелері  қызметкерлерін  ақпараттық  –  коммуника-
цикалық  технология  саласы  бойынша  біліктілігін  кӛтерудің  ғылыми- 
әдістемелік негіздері». Алматы - 2006 
2. «Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е. Т. 
Акитбаев., 2006ж 
3. «География  және  табиғат»  ғылым  педагогикалық  журналы.№1,  2,  3, 
2015. 
4. Бәкелестікке 
қабілетті  тұлға  тәрбиелеу.  Қ.  Жүнісханов.  2008. 
«Оқыту - тәрбиелеу технологиясы» журнал.№3, 5, 2015 ж 
 
 
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН 
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
 
 
Таумаханова Гульназ Маратовна, 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚФ 
Қызылорда облысы бойынша 
ПҚ БАИ кафедра аға оқытушысы 
altyn2050@mail.ru 
 
Әлемдік кеңістікке еркін қанат қақтыратын ағылшын тілін меңгеру ұлттың 
бәсекеге  қабілеттілігін  шыңдай  түсуде.  Уақыт  талабына  орай  ағылшын  тілін 
оқыту  бірінші  сыныптан  бастап  енгізілуде.  Бастауыш  сыныпта  ағылшын  тілін 
оқытудың  негізгі  мақсаты  коммуникативтік  іс-әрекет  негізінде  оқушылардың 
тілдік  қарым-қатынас  құзырлығын  қалыптастыру  болып  табылады.  Ағылшын 
тілін  оқытудың  барлық  үдерісі  айтылым,  оқылым,  тыңдалым,  жазылым 
дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған  коммуникативтік  негізден  құралады. 
Тапсырмалар  ағылшын  тілінде  болғандықтан  коммуникативтік  мақсаттарға 
бағытталған  құзырлылыққа  тапсырмалар  кешенді  сипатта  ұсынылғаны  тиімді 
болады. Әр сыныпта ӛтілген тілдік материалдар аясында: 
- айтылымдық, ырғақтық ережелерге сәйкес оқуы;  
- оқыған шағын мәтіндердің негізгі мазмұнын сӛздіктер кӛмегімен түсінуі;  
- қарапайым  сӛйлемдерді  қолданып,  мәтін  мазмұны  бойынша  түсінік 
айтуы;  
- әңгімелеу  барысында  тіркестерді  қолдануы,  баяндау  барысында 
суреттерді,  графикалық  сызбаларды,  ым-ишараны  қолдана  алуы  секілді 
нәтижелер күтіледі.  


316 
 
Сонымен қатар оқушылардың жеке дара жұмыс жасағандарынан гӛрі ӛзара 
әңгімелесу,  сұрақ  қою,  диалог  жүргізу  кӛмегімен  ӛз  келісу/келіспеу,  қуану, 
ӛтіну,  нәтижемен  бӛлісу  сияқты  тілдік  дағдыларды  дамытуға  жетелейтін 
қарапайым  қатынас  жағдайында  оқытуға  қатты  мән  беріледі.  Осындай 
жұмыстарды  кӛмегімен  ғана  балалар  дайындықтарын  күнделікті  жетілдіруге 
мүмкіндік  алады,  олар  оқыған  немесе есте  сақталған  ақпараттарымен  бӛліседі, 
заттарды,  суреттерді,  мазмұнды  сипаттауларға  қатысады.  Ақпараттарды 
қысқаша  ұсынуға,  мәтіндерді  жазу  рамкаларында  бейнелеу  дағдыларын 
дамытуға машықтанады[1.39].  
Бастауыш  сыныпта  ағылшын  тілін  оқыту  балалардың  коммуникативті 
даму біліктілігін арттыру арқылы шет тілін меңгеруге қызығушылығын оятуға 
мүмкіндік береді. Ағылшын тілін оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап 
түсіну,  сӛйлеу,  оқу  және  жазу  іскерліктері  мен  дағдыларын  жетілдіріп  қана 
қоймайды,  оларды  ӛзін  қоршаған  айналасындағы  адамдармен  қарым  қатынас 
мәдениетіне  де  үйретеді.  Шетел  тілі  арқылы  оқушылар  әлемді  таниды,  тілін 
оқып  жатқан  елдің  мәдениетімен,  ӛмірімен  танысады.  Оқушылардың 
дағдыларын  дамытудағы  ӛте  маңызды  аспектілердің  бірі  -  оқушы  әрекетін 
мұғалімнің  дұрыс  қабылдауы  -  қателерін  түзету,  ескертпелер  және 
түсініктемелер  беру.  Оқушының  ӛз  ойын  еркін білдіруге  мүмкіндігі  болу  тиіс, 
ол  жағдайды  оқушыға  ұстазы  жасайды.  Қолданыста  жүрген  әдіс-тәсілдерді 
нақты мақсатта күтілетін нәтижеге бағыттап жоспарлауды үйрену маңызды.  
Оқудың  басында  оқушы  тілдік  материалды  қиындықсыз  меңгеріп  кетуі 
мүмкін,  ал  уақыт  ӛте  материалдың  күрделенуіне  байланысты  оқушы  әртүрлі 
қиыншылықтармен  кезігеді.  Уақытында  оқыту  үдерісінде  тиісті  кӛмек 
берілмесе  проблемар  кӛбеюі  мүмкін,  қиыншылықтардан  шығу  үшін  мұғалім 
тиімді әдіс табу қажет. 
Қиыншылықтан  шығудың  тиімді  әдісінің  бірі  интербелсенді  оқыту 
әдістерін  пайдалана  білу,  ойын  арқылы  үйрету,  оқушының  оқу  үдерісіндегі 
рӛлін  белсендіру,  қалыптастырушы  бағалау  арқылы  ынталандыру.  Әрине 
ағылшын  тілін  оқып  үйрену  аз  уақытта  қалыптаса  алмайды.  Ӛз  ана  тілін  әлі 
толық меңгермеген бала үшін ағылшын тілін үйрену оңайға соқпасы анық, бұл 
істе  мұғалімге  үлкен  жауапкершілік  жүктеледі.  Бастауыш  сыныптарда  баланы 
ағылшын  тіліндегі  дыбыстарды  дұрыс  айтуға,  буындарды,  сӛз  тіркестерін, 
сӛйлемдерді  дұрыс  меңгеріп  негізгі  грамматикалық  категориялардан  жалпы 
мағлұмат беріледі. 
Мысалы:  алғаш  дыбыстарды  үйрету  барысында,  балаларға  дыбыстың 
қалай  айтылуын  меңгерту  үшін  мынадай  әдіс  қолдануға  болады:  Ертеде  әдемі 
бір  үйшік  болыпты,  оның  ауласы  аппақ  қаз-қатар  тастармен  қапталған.  Ол 
үйшікте ӛзі батыр, ӛзі кемеңгер адам тұрады екен. Ол - Mr.Tongue. Ол бірнеше 
тілде сӛйлей алады. Бір күні ол шаршап ұйықтап кетеді. Қандай дыбыс шықты? 
-  «һ-һ-һ».  Енді  ол  таңертең  ұйқысынан  тұрып  керіледі  -  «о-о-о».  Беті  қолын 
жуып  ас  үйге  кіріп  шай  ішкісі  келсе,  шай  ыстық,  шайды  суытамыз  -  «u-u-u». 
Жұмысқа  асығып  бара  жатып,  айналасындағы  адамдармен  «Hello!»  -  деп 


317 
 
амандасады  -  дегендей,  одан  әрі  әңгімелерде  сӛздер  мен  тіркестерді  есте 
сақтаудың ерекше тәсілдерін ұсынып отыру.  
Ағылшын  тілін  үйретуде  алғашқы  кезде  балалардың  кӛздерімен  кӛріп, 
ағылшын  тілінде  тыңдау  арқылы  -  тыңдау  мен  сӛйлеуге  үйрету  маңызды. 
Сыныпта  мысалы:  есікке  -  DOOR,  терезеге  -  WINDOW,  тақтаға  - 
BLACKBOARD  немесе  WHITEBOARD,  қабырғаға  -  WALL,  гүлге  -  FLOWER, 
сӛрені - SHELF, партаны - DESK, орындықты - CHAIR деп жазып қойса, оқушы 
есікті кӛріп тұрып оның қалай жазылатынын кӛзбен кӛру арқылы есінде сақтай 
алады.  
Барлық балалардың қабілеттері бар, дарынды десе де болады. Тек олардың 
қабілеттері  әртүрлі,  бәрінің  бірдей  тілдік  дағдылары  дамыған  деп  айту  қиын. 
Кейбір  оқушыларда  тіл  меңгеруде  қиындықтар  болуы  мүмкін.  Оқушы 
бейімділіктерін  ескере  отырып,  оларға  бірлесе  оқуға,  жаттығуға,  қайталау 
тәсілдері арқылы үйренуге жағдай жасалуы керек.  
Оқушыларға  әңгімелесу  үшін  жағдай  жасалғаны  және  қарапайым 
тақырыптар  ұсынылғаны  тиімді.  Міндетті  түрде  тақтада  немесе  басқа 
ресурстарда тірек сӛздер берілгені дұрыс. Әр тақырыпқа таңдау жасау арқылы 
түйін сӛздер кӛмегімен мәтін құрастыруға баулуға да болады.  
1. My family: members of my family and their jobs. 
2. Forms of addressing people older than me in my country. 
3. My house, (flat) my room. 
4. What time is it? My working day. 
5. I help my mother with shopping. 
Сондай-ақ келесі құзырлы тапсырманы ұсынамын: 
Timur and Berik bring their pets to school to show and tell.  
Read what they said, pay attention how they did it.  
Which  student  was  the  better  speaker?  Use  hints  to  be  a  better  speaker.  Put 
down the name of the best speaker and give your reason orally[2]. 
Тимур  мен  Беріктің  ӛз  асыранды  жануарларын  мектепке  әкеліп  кӛрсетеді 
және олар туралы  хабарлама жасайды. Хабарлама мәтіні бойынша балалардың 
ӛз әрекеттерін ӛзара  талдауға, бағалауға, түзетуге және бір-біріне кеңес айтуға 
тартқан  жақсы  нәтиже  бере  алады.  Жұмыс  барысында  бір-бірін  тыңдауға, 
айтқандарын  зерделеуге,  жаңа  сӛздер  мен  тіркестерді  қолдану  жүйесі  жайлы 
тереңірек меңгеруге мүмкіндіктер алады.  
Мысалы,  Тимур:  This  is  my  pet rabbit, Happy.  I  got  him  when  he  was  a  tiny 
baby. Now he weighs six pounds. He is white, his nose is pink. He eats cabbage and 
special food. He is so good pet. 
Берік: Um, this is my guinea pig… Um, well, I like having a guinea pig… for a 
pet. He, ah, does lots of things... He is pink. He, um, that‘s all. 
Бағалау критерийлері:  
Хабарлама берілген тақырыпқа сәйкес 
2 балл;  
Хабарламада тілдік қателер жоқ  
2 балл; 
Сӛз сӛйлеуші сӛздерді анық және дұрыс айтады 
1 балл; 
Сӛз  сӛйлеуші  қатты  болмаса  да,  басқаларға  естілетіндей  дауыспен 
сӛйлейді  
1 балл; 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау