312
профессиональных знаний до такой степени, когда ими необходимо делится.
Дерзайте, и пусть девизом вашей профессиональной карьеры станет
сентенция: «Уходя оставить свет - это больше, чем остаться».
Литература:
1. Роберт Кольер «Тайна веков. Как стать счастливым и преуспевающим»:
Центрполиграф, Москва, 2013.
2. С.В. Кульневич, В.И. Гончарова, Т.П. Лакоценина «Управление
современной школой». Выпуск II. Организация и содержание методической
работы: Практическое пособие для школьной администрации, руководителей
методических объединений, методистов, учителей, студентов педагогических
учебных заведений, слушателей ИПК. -Ростов-н/Д: Изд-во "Учитель", 2003.
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚТ-НЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Таскараева Қалбибі Ахметовна,
Жайлаубаева Алия Курбаналиевна,
«ӚРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
АҚ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушылары,
Шымкент қаласы, Kalbi_2003@mail.ru
Қазіргі таңдағы ӛндірістік қоғам дамуының маңызды сипаты - ақпараттық
технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде білім
беру саласына енуі білім беру ісінде елеулі ӛзгерістердің енуіне әсер етті.
―Оқытудың ақпараттық ортасы‖ термині ақпарттық ортаны пайдаланудың
сапалық ӛзгерісіне байланысты ӛзекті болып отыр. Ақпарттандыру ұғымы
компьютерлік технология және компьютерлендірумен тығыз байланысты.
Ақпараттық технологияның компьютерлік технологиясыз іске асуы мүмкін
емес. Барлық дамыған елдерде оқытудың компьютерлік технологиясы
пайдаланылады. Себебі, біріншіден, оқытуда бұл технологияны пайдаланбау
оқыту процесінің қарқындылығының тӛмендеуіне әсер етсе, екіншіден, қазіргі
уақыттағы ақпарат кӛлемінің ұлғаюына байланысты [1].
«Білім берудегі жаңа технология» АҚШ-та 40-жылдары пайда болды.
Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал жабдықтарды оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану мағынасында қолданылып жүрсе, кейінірек «оқыту технологиясы»
ретінде ғылым мен техниканың жетістері негізінде оқыту қызметін
оңайландыру мағынасына ие болды.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық
қызметінде іске асатын басты моделі болып отыр, яғни оқытудың тиімді
жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың негізгі мақсаттары айқындалған,
атап айтсақ:
Біріншіден, адамдардың ӛмірінің әртүрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға
жағдай жасау;
313
Екіншіден, адамдардың ӛз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен
қызмет етіп, тез ӛзгергіш ӛмірге бейімделуіне жағдай жасау;
Үшіншіден, оқушылардың жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру
және жаңалықтарды ӛмірде қолдана білуге үйрету.
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі
болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының
негізгі алғы шарты. Ал, осы мәселені шешудегі басты рӛл мұғалімдерге де
жүктелді [2].
Қоғамдағы жаңа ӛзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму
жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі ӛзгертіп, қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына тӛмендегідей
міндеттерді қойып отыр:
білім сапасын арттыру;
әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
білімді ақпараттандыру;
ғаламтор жүйесін пайдалану;
электрондық оқулықтар;
қашықтықтан басқару.
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп ӛз алдына мынадай
мақсат қойып отыр: ―Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын
жаңарту‖. Осы мақсатқа сай бүгінгі мұғалімдер білімділікпен қоса, ӛзіндік
пікірі бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас
ұрпақты ―ақпараттық қоғамға‖ тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие үрдісінің
заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық,
сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда кӛптеген оқыту
технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі - жаңа ақпараттық
коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла
бастағанда ―оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары‖ термині пайда болды.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы - ақпаратты оқушыға компьютер
арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде
есептеуіш техника құралдарының рӛлі мен орны. Білім саласында
компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген
танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Ноосфералық даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-
тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар, белсенді оқыту әдістері,
оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылады. Дәстүрлі оқыту
жүйесінде мұғалім білім беруші рӛлін атқарып, оқыту құралы ретінде қызмет
атқарады. «Оқушы -оқу ортасы -технология» жүйесін пайдалануды ұсынып
отырмыз. Осы жүйе негізінде оқушы ӛздігінен білім алады. Алайда, оқушының
іс-әрекетін тым қатал басқару оның ӛзіндік ой-пікірі мен ӛз бетінше жұмыс
істеу қабілетінен айырады. Бұл технологияның ӛзектілігі қоғамның
ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады [3].
314
География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім
мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ
сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. География
пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ,
оны тӛмендегідей атап ӛтуге болады:
1. Мәтіндік редакторы - географиялық құжаттарды құру құралы (реферат,
таблицалар);
2. Графикалық редактор - шығармашылық сабақтардың жұмысын құру
құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың
кӛрінісі, температураның, жауын- шашынның, желдің графигін сызу);
3. Мультимедиялық редактор - сабақта табиғи процестерді құру құралы
(геологиялық, климаттық);
4. Презентациялық - елдің, объектінің презентациясын жасау;
5. Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта,
анықтамалық, энциклопедия);
6. Локальдық тестілеу;
7. Ғаламтор жүйесіне кіру. Әлемнің кез-келген жеріне виртуалды саяхат
жасау;
8. География ғылымы бойынша ӛзінің ғаламтор қорын құру, тәжірибе
алмасу, тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары тууралы мәлімет алу;
9. Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар
жӛнінде ой бӛлісу, жаңалықтар алмасу;
Жаңа технологияның тиімді жақтарына тоқталып кетсек:
- білім мазмұнының заман талабына сай болуы;
- қажетті білімді толығымен алу;
- білімді ӛздігімен меңгеру;
- ӛзін-ӛзі бағалау;
- жалған ақпарат алу қаупінен құтылу;
- жалған бағадан арылу.
Жаңа технологияларды қолдана отырып географиялық білім беру
барысында адамдардың ӛмірінің әртүрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға
жағдай жасау мен адамдардың ӛз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен
қызмет етіп, тез ӛзгергіш ӛмірге бейімделуіне жағдай жасау. Оқушыларды
жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру және жаңалықтарды ӛмірде
қолдана білуге үйрету [4].
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы географиядағы білім
сапасын арттыруға ерекше кӛңіл бӛле отырып, тӛмендегідей жетістіктерге қол
жеткізу мүмкіндігі туады:
- Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
- Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға
тәрбиелеу;
- География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы
білім мазмұнын жаңарту.
Достарыңызбен бөлісу: |