Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
13-дәріс. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі
Жоспар:
1. Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру.
2. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі.
3. Жай сөйлемнің түрлерін түсіндіру.
4. Жай сөйлемді талдау әдістемесі.
Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жақты және жақсыз сөйлемдерді оқыту және олардың стильдік қызметіне назар аудару. Толымды және толымсыз жай сойлемдерді оқыту және оларды қатысым синтаксисі тұрғысынан меңгерту әдістемесі. Атаулы сөйлемді оқыту және оны логикамен байланыстыру жолдары. Жай сөйлемді талдау әдістемесі.
Жай сөйлемді оқыту барысында мұғалім ең алдымен сөйлемнің басты қасиеттеріне ерекше тоқталғаны жөн. Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдерді оқытқанда, оқушыларға бұл сөйлемдердің әрқайсысының қандай жағдайда, қандай мақсатпен қолданылатынын және олар ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазбаша мәтіндерде қандай мән беретінін, мағынасын жеткізе түсіндіру керек. Осыған орай, сол сөйлемдердің айтылуындағы тиісті дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп, нақышына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға, оларды оқудың интонациясы сөйлемнің бүкіл мазмұны мен мағынасына сай келуі жағына айрықша көңіл бөлінуі тиіс.
Сөйлемнің қалай түрленетінін мұғалімнің өзі жақсы білуі шарт. Сөйлемнің түрленуін түсіндірген кезде оқушылардың сөйлемді дұрыс оқуына мән беруіміз қажет.
Сөйлемді интонациясына қарай түсіндіргенде бір сөйлем алып, сол сөйлемді әртүрлі интонациямен айтып, сөйлемнің түрін байқатып, интонацияның мәнін, ерекшелігін байқатып түсіндірген тиімді. Сөйлем мүшелерін талдау тәртібін әр уақытта ескеріп отыру керек. Синтаксисті өту арқылы оқушы жазу тілі мен ауызекі сөйлеу тілінің маңызын игере түседі. Оқушыға сөйлемдегі сөздердің бәрі грамматикалық байланысқа түсе бермейтінін, сөйлемді талдағанда оқшау сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтынын жете түсіндірген жөн. Синтаксистік талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді саналарында берік қалыптастыруға күш салу керек. Сөйлем мүшелерін өткенде, мұғалімнің бір назар аударатыны сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі үлкен рөл атқарады. Баяндауыш және анықтауыш мүшелердің орны тұрақты болады да, басқа мүшелердің орны ауыса береді.
Достарыңызбен бөлісу: |