Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»


КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІ МҰҒАЛІМ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет54/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІ МҰҒАЛІМ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ 
ДАМЫҒАН МҰҒАЛІМ 
 
Танатарова П.Б. 
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы ЖОБ ПҚ БАИ 
тренері, Тараз қ. 
 
«Еліміздің ертеңі мен бүгіні - жас ұрпақтың қолында, 
 
ал жас ұрпақтың тағдыры –  ұстаздардың қолында»  
Н.Назарбаев 
 
 
Қазіргі  заман  мұғалімінің  міндеті  ғылым  мен  техниканың  қарқынды 
дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - 
өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті 
және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі 
жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.  
Мұғалім  қаншалықты  білімді,  шығармашыл  болса,  оның  құзыреттілік  аясы 
да  соғұрлым  кең  болмақ.  «Құзыреттілік»  ұғымы  педагогика  саласында 
тұлғаның  субъектілік  тәжірибесіне  ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде 
ендіріліп отырған ұғым. 
Құзырлылықтың  латын  тілінен  аудармасы  «сомпетенс»  белгілі  сала 
бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай 
да  бір  сұрақтар  төңірегінде  беделді  түрде  шешім  шығара  алады  дегенді 
білдіреді» деп көрсетеді.  
Ресей  ғалымы  Н.Кузьминаның  көзқарасы  бойынша,  «Құзырлылық 
дегеніміз  –  педагогтің  басқа  бір  адамның  дамуына  негіз  бола  алатын 
білімділігі мен абыройлығы», – дейді.  
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен 
шығармашылық  әлеуетін  дамыту  қабілеті»  -  деп  түйіндейді  белгілі 
оқымысты  Т.  Г.  Браже.  Сондықтан  бүгінгі  ұстаз  тек  кәсіби  білімін 
толықтырып  қана  қоймай,  үнемі  шығармашылықпен  жұмыс  жасауы  қажет. 
Кәсіби құзыреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған 
стандарттар  мен  нормаларға  сәйкес  өзінің  кәсіби  педагогикалық  қызметін 
атқаруға  дайындығы  мен  қабілетін  анықтайтын  кәсіби  білімдер  жиынтығы 
немесе жекелік-кәсіби сипаттама.  
Мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың шарттары: 
1. Әдістемелік құзыреттілік – оқытудың әр түрлі әдістерімен қарулану, 
дидактикалық  әдістерді  білу,  оларды оқыту  процесінде  білім  мен  іскерлікті 
меңгерту үшін қолдана білу;  
2. Зерттеушілік құзыреттілік – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, 
құрылымы  туралы  жаңа  білімді  жасау  үшін  педагогикалық  құбылысты, 
актілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;  
3.  Басқарушылық  құзыреттілік  -  өз  қызметі  мен  оқушы  қызметін 
басқару тәсілімен, әдісімен қарулану; 
118 
 


4.  Ақпараттық  құзыреттілік  –  қазіргі  ақпараттық  технология  –  мен 
қарулану, қажеттісін пайдалану; 
5. Коммуникативтік құзыреттілік - өзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, 
жеке және қоғамдық өмірді дамыту. 
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық 
шеберлігімен,  оқытудың  жаңа  әдістерін  меңгерумен  өлшенеді.Мұғалімнің 
кәсіби  құзіреттілігі  –  бүгінгі  ғасыр  талабына  сай  белгілі  бір  нәтижеге 
бағытталған білім берудің негізі болмақ. 
Кәсіби құзыреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге 
мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады 
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары: 
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. 
2.  Қызметтің  эканомикалық,  әлеуметтік,  құқықтық,  адамгершілік, 
психологиялық аспектілерін меңгеруі. 
3.  Қызметті  жаңа  жағдайға  бейімдеудегі,  басқару  шешімін  қабылдаудағы 
дайындығы. 
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті 
5.  Нақты  жағдайларға  байланысты  қандай  да  бір  әдістерді  пайдалану 
біліктілігі. 
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті. 
«Ұстаз  қандай  болса  қоғамы  сондай»  деген  бұлжымас  заңдылық  қай 
қоғамда  да  көкейкесті.  Сондықтан  да  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  - 
педагогтердің құзыреттілігін үздіксіз дамыту.  
Өздігінше  еркін  ойлау  қабілеті  бар,  тәрбие-білім  беру  үрдісін 
модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің технологиялары мен жаңа 
идеяларын  өздігінше  іске  асыра  алатын  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігінің 
деңгейін  арттыру  -  өзекті  мәселе,  себебі,  біріншіден,  кәсіби  құзыретті 
мұғалім мектептің тәрбие-білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың 
қалыптасуына  дұрыс  әсер  етеді;  екіншіден,  өзінің  кәсіби  қызметінде  жақсы 
нәтижелерге  қол  жеткізе  алады;  үшіншіден,  кәсіби  мүмкіндіктерінің  іске 
асуына ықпал жасайды. 
Қазіргі  таңда  мұғалім  құзыреттілігін  үздіксіз  жетілдіруде  мынандай 
міндеттер жүктеліп отыр: 
1. 
Мамандығы бойынша негізгі дайындығының болуы; 
2.  Адамдардың  адамға,  қоғамға  қатынасын  реттейтін  құқықтық  және 
этикалық нормаларын білуі; 
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы 
және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі; 
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі; 
5.  Ғылыми  іскерлік,  қоғамдық,  саяси,  және  тұрмыстық  тілдер 
ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі. 
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана 
қоймай,  өзін-өзі  жан-жақты  дамытуға  қол  жеткізеді.  Әлеуеттің  дамуы 
нәтижесінде    мұғалім  педагогикалық  әлемді  шығармашылық    әрекетпен  
өзгерте отырып, тұлға  ретінде  өзі  де   өзгереді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби 
119 
 


құзіреттілікке  қол  жеткізеді.  «Әлеует»  –  жасырын  жатқан  мүмкіндіктер  
немесе белгілі  бір  мәселелерді шешуде  іске  қосылатын  ішкі  күш - қуат,  
қор.  
Білім  –  адамзаттың  терең  және  үйлесімді  дамуын  бекітетін 
құралдардың  бірі,  прогрестік,  әлеуметтік  тұрақтылық  пен  ұлттық 
қауіпсіздіктің  маңызды  факторы.  Қазіргі  білім  беру  үрдісі  адамның  ішкі 
табиғи  мүмкіндіктерін  ашып,  әр  адамның  өзінің  «Менін»  сезінуге, 
толықтыруға  көмектесетіндей,  сыртқы  әлеммен  әлеуметтік  қарым-
қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік 
танытуға  ықпал  етуі  тиіс.  Бүгінгі  таңдағы  қоғам  кәсіби  білімі  жетік, 
құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.  
Қазіргі  оқытудың  жаңаша  технологиясын  меңгерудің  өзі  ұстаздан 
шығармашылықты  талап  етеді.  Ал,  шығармашылықпен  жұмыс  жасау  үшін 
мұғалім  өзінің  кәсіби  біліктілігін  арттырып  отыруы  қажет.  Мұғалімнің  өз 
кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік 
жұмыстарды  иновациялық  бағытта  ұйымдастырып  өткізудің  ықпалы  мол. 
Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби 
және әдіснамалық деңгейін жоғарылатады, психологиялық – педогогикалық 
сонымен  қатар  әдістемелік  сауаттылығын  жетілдіреді.  Ең  бастысы  бұл 
білімдер  мен  білік  дағдыларды  құзырлылық  ұстанымдарының  талаптарына 
сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, 
шығармашылығын  өнертапқыштығын,  рефлексиялық  машығының  дамуына 
жол ашады. 
Сол  кезде  ғана  мұғалімнің  өзіне-өзі  баға  беру  деңгейі  артып,  өзін-өзі 
анықтап,  үздіксіз 
өзін-өзі 
дамытуға 
деген 
қажеттілік 
туады. 
Білім  –  мұғалім  үшін  оның  шығармашылық  әлеуетін  дамытудың  үрдісі. 
Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім 
шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзыреттілік аясын кеңітеді. 
           
Еліміздің  дамуының  алғы  шарты  білім  дедік,  яғни  «Үшінші 
мыңжылдықтың  жастары  қандай  болмақ?»  деген  сұрақ  туындайды. 
Жауапкершіліктің  биігінен  көрінуі  де  жас  ұрпаққа  берілетін  білім  сапасын 
мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін 
әлемдік  білім  кеңістігіндегі  стандарттарға  сай  келтіру  түптеп  келгенде, 
мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне 
тікелей  байланысты.  Жас  ұрпаққа  жоғары  сапалы  білім  беру  ісін  тек  қана 
мәдениетті,  шығармашыл,  жаңашыл,  инновациялық  тұрғыда  ойлап,  қызмет 
жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады. 
 
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. 
Күн  сайын  адамға  көптеген  ақпарат  тасқыны  келеді.  Ал  оқу  мазмұны  мен 
оқыту  әдістері  ескі  сарында  қалып  қоюда.  Сондықтан  білім  берудегі 
әлеуметтік  қажеттілік  пен  ол  қажеттілікті  қанағаттандырудың  арасындағы 
қарама  –қайшылық  білім  беру  саласының  дағдарысына  әкеліп  соғуда.  Сол 
себепті  мектеп  мұғалімдерінің  әдістемелік  шығармашылығын  дамытуды 
педагог-мамандардың  біліктілігін  жетілдіру  жүйесінде  ұйымдастыруды 
олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. 
120 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау