Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет62/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   122

шығуға деген талпыныстан туған жауапты қадам. Фундаментальды білімнен 
функционалды білімге ауысу кезеңінде әрине, көзқарастар қайшылығы орын 
алатыны  айқын.  Дегенмен  бүгінгі  күннің  талабы  осы.  Қаншалықты  күрделі 
үдеріс  болғанымен,  бірақ  осы  өзгерістер,  түбегейлі  жаңарулар  -  қажеттілік. 
Білім  мазмұнының  жаңаруы  өзге  ұлт  өкілдеріне  қазақ  тілі  мен  әдебиетін 
оқытудың  жаңа  механизмдерін,  озық  тәсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік 
беріп отыр. Бүгінгі біздің дөңгелек үстел басындағы сұхбатымызға жаңарған 
білім  мазмұны  бойынша  өзге  ұлт  өкілдеріне  қазақ  тілі  мен  әдебиетін 
оқытатын  пән  мұғалімдері  қатынасып  отыр.  Еліміздегі  білім  беру  саласы 
жаңа  жүйеге  көшу  барысында  ұлтымыздың  болашағына  тірек  болар 
азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе 
алатын,  туындаған  мәселелерді  шеше  білетін  және  шынайы  өмірге  бейім 
жаңашыл  ұрпақ  тәрбиелеуді  басты  фактор  ретінде  қарастырып  отыр. 
Сонымен  қатар  мемлекеттік  тілдің  зор  әлеуетін  сезіну  міндеттілік  деп 
танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі 
парыз.  Біз,  жаз  айында  1  ай  көлемінде  қазақ  тілін  жаңа  мазмұнда  оқыту 
бойынша  дәріс-тренингтер  тыңдап,  көптеген  оқу  стратегияларын,  тілді 
үйретудің  әдіс-тәсілдерін,  алған  білімдерін  тәжірибеде  қолдана  білудің 
егжей-тегжейін  үйрендік.  Сонымен  қатар  бұл  курста  білім  мазмұнын 
бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аудардық... 
Көңіл  қойып,  ой  түйетін  маңызды  сәттер  ерекше:  шиыршықты 
оқытудың  мазмұны,  жаңа  бағдарлама  бойынша  әр  сабаққа  қысқа  мерзімді 
жоспар  құрастыру,  аудармасыз  оқытудың  тәсілдері,  төрт  дағды  бойынша 
(айтылым,  тыңдалым,  жазылым,  оқылым)  оқып  үйренген  тренингтер  біздің 
педагогикалық  білімімізді  тереңдете  түсті.  Білім  алудан  еш  жалықпадық. 
Өзге  ұлттың  баласы  неге  қазақ  тілін  білмейді  деген  сауалдың  жауабын 
тренеріміздің «Мұғалім өзіне де, оқушыға да талап қоя білгенде ғана білімде 
сапа  болады»,  -  деген  пікірінен  тапқандаймыз....Жалпы  оқушылар 
бағдарламаны өте жақсы қабылдап жатыр. Оларға қолданған тренингтер мен 
әдіс-тәсілдер  өте  қызықты  әрі  ұнайды.  Сабаққа  күнде  қызығушылықпен 
келеді. Шамалары келгенше жауап беруге тырысады.Жалпы жаңа бағдарлама 
қолдауды  да  күрделі  сұрақтарды  да  тудыратыны  анық.  Бағдарламаны 
оқушылардың қалай қабылдағаны өзімізге байланысты. Ең алдымен, жалпы 
бағдарламаға педагогикалық қауымдастық, оқушылар оң көзқарас танытуда. 
Жаңа  бағдарлама  бастауыш  сынып  оқушыларына  тілді  сөйлесім  әрекеттері 
арқылы  мәдениетаралық  қатынасым  құралы  ретінде  меңгертіп,  сыни 
тұрғыдан  ойлау  дағдыларын  қалыптастыруға,  түрлі  әлеуметтік  ортада  өзін 
еркін  ұстауға  үйретуге  бағытталған.  Оқушылар  жаңа  бағдарлама  арқылы 
бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлға болып, кез келген қауымдастықта тіл 
табыса  білуге,  өзгелермен  бірлесе  отырып,  туындаған  мәселелер  мен 
міндеттерді шеше білуге үйренеді.  
Жалпы  оқушылар  жаңа  бағдарламаны  дұрыс  қабылдау  үшін  қазақ  тілі 
сабақтарында оқыту әдісін дұрыс таңдау - ең басты мақсаттардың бірі. Мен 
бағдарламаның  практикалық  мазмұнына  тоқталғым  келеді.Қазақ  тілі 
сабағында  сөздік  құзыреттілікті  дамыту  үшін  мынадай  әдіс-тәсілдерді 
138 
 


қолданамыз:  сұрақ-жауап,  түсінігін  айтқызу,  көрнекілік,  кітаппен  жұмыс, 
суретпен  жұмыс,  аудио-бейне  тәсілдері,  интерактивті  әдістер.  Жаңа 
бағдарламаны  балалар  әр  түрлі  деңгейде  қабылдап  жатыр.  Бұл  балалардың 
балабақшадан  келген  дайындық  деңгейлеріне  де  байланысты.Сабағымызда 
әдіс-тәсілдері,  яғни  стратегияларды  шеберлікпен  тиімді  қолдану  қажеттігін 
өзіміз  де  әлі  үйреніп  жатырмыз,  бұрынғы  дәстүрлі  сабақтардағыдай  дайын 
идеяларды  ұсынып,  өзіміз  түсіндіріп,  сыныпты  басқарып  жатқан  жоқпыз, 
оқушылардың  өздеріне  білім  мен  идеяларды  құруыларына  мүмкіндік  беріп 
жатырмыз.Оқушылардың  айтылым,  тыңдалым,  оқылым  дағдыларын 
дамытуға  жаңа  оқу  бағдарламасының  қосымша  беріліп  отырылған  дискісі, 
жұмыс  дәптері  ықпалын  тигізіп  жатыр.  Дәстүрлі  әдістен  айырмасы  жаңа 
материалды оқушы көріп, танысып, оқып, тыңдап меңгереді. Оқушылардың 
қызығушылығы  мен  қажеттілігі  суреттердің  ұсынылуымен  және  жұмыс 
дәптеріндегі 
тапсырмалар 
жүйесімен 
ескерілген. 
Білім,  дағды,  іскерліктің  қалыптасуының  бастамасы–бастауыш  саты. 
Келешекте  арнаулы  мамандықтарға  талпынудың  іргетасы  да  осы 
бастауыштан  басталмақ.  Жас  бүлдіршіндердің  ой-қиялын  біліммен 
нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетін–ұстаз шеберлігі. Бұл бағдарлама 
алдымен, сабақ мақсатынан бастап өзгергендігінде. Сабақтың мақсатын қоя 
отырып, « мен осы сабақтан не күтемін; менің оқушыларым сабақ соңында 
қандай  жетістікке  жетеді;  осы  мақсатқа  жеткізетін  әдіс-тәсілдерді  қалай 
қолданамын;  нәтижесінде  өз  мақсатыма  жеттім  бе,  менің  оқушылардан 
күткеніме олар жетті ме?» деген мәселеріне көңіл аударамын. Тілді үйренуде 
жетістікке жету білім мен түсінік бірлескен уақытта ғана қолжетімді болады. 
Яғни ішкі түсінік, қажеттілік қалыптаспайынша тіл меңгеру қиынға соғады. 
Қазіргі  уақытта  үш  тілді  қатар  алып  жүру  қажеттілігі  туындап  отыр.  Орыс 
тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттары- тіл 
үйренудің төрт дағдысына баса назар аудартуы. 
Бұл 
дәстүрлі 
әдістерден 
қарағанда 
оқушылардың 
білімге 
қызығушылығын  арттыруда  үлкен  септігін  тигізеді,  оқушылар  өз  ойларын 
айқын  айтуға  үйренеді.Бағдарламада  тілдік  дағдыларға  ерекше  назар 
аударылған.  Тілдік  дағдылар  дегеніміз  -  ол  өмір  сүруге  қажетті  дағдылар. 
Адам тыңдайды, оқиды, сөйлеседі, жазады. Аталған дағдылар адамның өмір 
сүруі  бойында  еш  қиындықсыз  кәдеге  жарауы  тиіс.  Қазақ  тілінің  оқу 
бағдарламасы  мен  оқу  жоспары  аясында  оқушылардың  аудио-бейне 
материалдарға қатысты сұрақтарды тыңдап, жауап беруге мүмкіндіктері бар. 
Қазақ  тілі  оқулығында,  түрлі  талаптарға  сай  тапсырмалар  берілген.  Бұл 
тапсырмалардың бәрі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай және біртіндеп 
келіп,  күрделенеді.  Аталған  жаттығулар  не  сабақты  бастауда 
ынталандыратын,  не  идеяны  жинақтау  мүмкіндігі  ретінде  орны  бар.  Жаңа 
идеялар  ұсынуда  және  жаңа  мүмкіндіктерді  көруде,  мәселелерді  шешуде 
ұжымдық  оқыту  технологиясының  маңызы  зор.  Оқылым,  жазылым, 
тыңдалым  және  айтылым  дағдылары  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланыста 
кешенді түрде оқытылады. 
139 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау