ЖАҢА БАҒДАРЛАМА-САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Алимкожаева А.К., Жакауова А.Р.
Алматы қаласы,
Медеу ауданы, №35 гимназиясының
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімдері
Қазақстан 2050 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық
моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік
білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-
мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік
кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-
заман талабы болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша
көзқарас пайда болды. Елбасының тапсырмасы бойынша Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспар
қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын
іске асыруда маңызды механизмдердің бірі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп
жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Адамның
жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Жастарды оқытуға
оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен
мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде
жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға
бағдарланған. Білім жетістіктерін өмірлік жағдайларда қолдана білуге
арналған тест тапсырмалары, сондай-ақ халықаралық TIMSS, PISA, PIRLS
зерттеулерінің бақылау-өлшеу материалдарында да кездеседі. Логикалық
сипаттағы тесттерді емтихандарға (ҚА және т.б.) арнайы дайындала
алмайтын, бірақ жоғары оқу орындарында білім алу қабілеттері жоғары
оқушыларға тең мүмкіндік беру мақсатында ұлттық емтихандарда қолдану
болады. Сонымен қатар аталған зерттеу қазақстандық оқушылардың
халақаралық зерттеулердегі көрсеткіштерін арттыруға негізделген.
«Сауаттылық» термині білім, білік, дағды мазмұнын бағалаудың кеңдігін
көрсетеді. Оқушы өз деңгейін табу үшін, қаншалықты білім мен білікті
меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта
жүргізіледі:
-
оқудағы сауаттылық
-
математикалық сауаттылық
-
жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.
Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы
бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық
сауаттылығы да артыру. Жаратылыстану пәндерінің басты мақсаты –
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық сипаттағы
тесттер оқушылардың білімді жете меңгеру мен оларды өмір жағдайларында
қолдана білу қабілеттерін анықтауға арналған. Жаңа технологияны
қолданудың маңызы зор. Бастауыш, жоғарғы сынып оқушыларында кейбір
балаларда сабақта білмегенін сұрап алу,түсінбегенін мойындау дағдысы
50