Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122

қалай  жүзеге  асырған?  Кешкілік  уақыттарда  ауыл  ақсақалдарының 
кеңестеріне  балалар  қатыстырылған.  Қазақ  балалары  түнді-түнге  ұрып 
айтылатын жыр-дастандарды тыңдаған. Сөйтіп, ұлттық тәрбиеміздің қайнары 
халық  ауыз  әдебиеті,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  шешендік  сөздер,  мақал-
мәтелдердің мәнін бала үйден біліп, сол биік санамен кеп ел ісіне араласқан. 
Жас  ұрпақ  –  ел  қорғаны,  ұлттың  тірегі.  Қазақ  жастарының  жалынды, 
намысты,  отаншыл  болуы  үшін,  олардың  тарихи-діни  санасын  ояту  –  осы 
тұрғыдағы істердің жемісті болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз рухы биік 
қазақ халқы өз хандығын құрғаннан Ресей империясының құрамына кіргенге 
дейінгі төрт жүзға жуық  уақыт ішінде салтанат құрған елдігіне осы отбасы 
институты арқылы қол жеткізген.Халықтың тұрмыстық тәрбиеге байланысты 
салт-дәстүр  жоралғылары,  айталық  сәлемдесу,  үлкенді  сыйлау,  қонақ  күту, 
тамақтану,  сөйлеу   әдебі,  киім-киіс,  жүріс-тұрыс,  отбасынан  бастап  білім 
ордаларында  жалғасын  табар  болса,  жоғалып  бара  жатқан  ұлттық 
құндылықтарымыз қайта қалпына келер еді. Сол уақытта қазіргі таңда елдің 
ішкі  тыныштығына  қауіп  төндіріп  жүрген  жат  ағыммен  күрес  мәселесі 
өзінен-өзі  күн  тәртібінен  түсер  еді.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін 
еліміздің  барлық  өңірлерінде  «Ұлттық  тәрбие»  клубтары  ашылып,  ұрпақ 
тәрбиесін  жүзеге  асыруға  белсене  араласқаны  абзал.  Ұлттық  рухтың  қадір-
қасиетін  білетін  ұрпақ  өз  ата-бабасының  дәстүріне  қарсы  шықпайтыны 
ақиқат. 
Халықта  «Тәрбиелі  адам  –  тағалы  атпен  тең»  деген  сөз  бар.  Ұлттық 
тәрбиесі  бар  ұрпақ  қана  ұлттық  мүдденің  өркендеуіне  өз  үлесін  қосатын 
ұлтжанды  тұлғаға  айналады.  «Жеті  атасын  білген  ұл,  жеті  жұрттың  қамын 
жер» деген сөз осыны меңзейді. 
«Әкесі қой баға білмегеннің, баласы қозы баға да білмейді», «Әдепсіз 
өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы», «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені 
сыйлайды,  кіші  сені  сыйласа,  кісі  сені  сыйлайды»,  деп  келетін  даналық 
сөздердің  астарында  ұлттық  тәрбиенің  исі  аңқып  тұр.  Өйткені,  ұлттық 
тәрбиемізге  теңесер  дүние  әлемде  жоқтың  қасы.  «Ұлттық  тәрбие»  нені 
меңзейді  дегенге  келсек,  ол  –  отанға,  тілімізге,  дінімізге  деген  құрметке 
шақырады.   
     
Ұлттық тәрбие – ананың ақ сүті, бесік әлдиімен келетін дүние. Қазатың 
ұлттық  тәрбиесінің  негізін  салған  Мағжан  Жұмабаев  «Педагогика»  атты 
еңбегінде  былай  дейді:«Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып,  көп  буын 
қолданып  келе  жатқан  тақтақ  жол  болғандықтан,  әрбір  ұлттың  баласы  өз 
ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші 
баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». 
Қазіргі  жаһандану  жағдайында  елдігімізді  жоғалтып,  ұлттық  бітім-
болмыстың  сара  жолына  нұқсан  келтірмей,  елдігіміздің  мәңгілігін  сақтау  – 
көп болып қолға алар жұмыс. 
Ақпарат  ғасырындағы  ақпарат  тасқынына  оң  мен  солды  ажырата 
алатын білім, біліктілігімізбен ғана тойтарыс бере аламыз. Әлемдегі дамыған 
елдердің  қатарына  қосылу  жолы  да  қысқара  түспек.  Ал,  бұл  ретте  ұлттық 
тәрбие көмекке келері анық.    
67 
 


Мәселен,  жүрек  түкпірінде  ұлтқа,  елге  деген  ізгі  ниет  жатар  болса, 
дүниедегі барлық ғылым-білімді дамытып, ғылыми-техникалық жетістіктерін 
меңгермекпіз. 
Рас, әрбір қазақ баласы заман талабынан қалмай, білімді болуы қажет. 
Әйтсе  де,  тәрбиесіз  берілген  құрғақ  білім  көп  жағдайда  зияндылыққа 
ұшыратары тағы бар. Соның салдарынан елін, жерін, Отанын сүю, өсіп-өнген 
жеріне қалтқысыз қызмет ету секілді жауапкершіліктер жадыдан шығады. 
 
Мұндай  олқылық  әрекеттерді  болдырмау  үшін  әрбір  жас  жеткіншекке 
біліммен  қатар,  ұлттық  тәрбие  беруіміз  қажет.  Көрнекті  қоғам  қайраткері 
Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан 
халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»,– 
деп айтқан екен.Демек, ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзетiн 
асыл қазынамыз. 
Осындай  ұлттық  құндылықтардың  ұмыт  бола  бастауынан  адами 
қасиеттеріміз де аяққа тапталып барады. Жасыратыны жоқ, өз ана тілін, ата 
тарихын,  асыл  дінін,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрін  жетік 
білмеудің  себебінен  қазақ  қоғамында  бұрын-соңды  болмаған  таңдай 
қақтырар жат әрекеттер белең алуда. 
  
Тастанды  балалар,  қарттар  үйі,  нашақорлық,  жезөкшелік,  жат  діннің 
жетегінде  кеткен  жастар  т.б.  тізбектей  берсек  осының  барлығы  қоғамды 
іштей ірітіп барады. Осы жағдай қоғаммен қатар жекелеген жандарға да опық 
жегізуде. 
«Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала», «Ақыл тозбайтын 
тон,  білім  –  таусылмайтын  кен»,  «Бос  өткізу  өмірді  –  ақымаққа  көңілді», 
«Ойға  терең  бол,  өсекке  керең  бол»,  «Адам  арын  ойлайды,  надан  дүниеге 
тоймайды», «Ойсыз, жігерсіз, білімсіз өмір кешкен қор болар», «Ақылды ұл 
білім  іздер,  ақылсыз  ұл  шылым  іздер»  деген  даналық  сөздеріміз  қашан  да 
ұрпақты адамгершілікке баули түседі. 
Халқымыз  «ұлы  жол  үйіңнің  табалдырығынан  басталады»,  –  дейді. 
Шынында  солай.  Қазақ  халқының  сонау  ықылым  замандардан  бері  отбасы, 
ошақ  қасында-ақ  қаланған  ұлттық  тәрбиесінің  имандылықпен  байланысын 
аңғарамыз. 
Кез  келген  тәрбиелік  сөздердің  мәнісіне  үңілсек,  осыны  айқын 
аңғарамыз. 
Ал, 
имандылық 
пен 
адамгершіліктің 
қағидаларын 
халқымыздың  
өлең-жырларынан, 
шешендік 
сөздерінен, 
бабалар 
өсиеттерінен  де  үйренуге  толық  негіз  бар.Демек,  ұлттық  тәрбие  қашан  да 
имандылықтың өзегі екенін еліміздің есінен шығармағаны дұрыс. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1995. 
2. Мұхаметжанұлы С.  Ұлттық тәрбие. - Алматы, 2000.  
  
  
                                                                                            
 
68 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау