сыр шертеді» модулі бойынша кіріспе-лекция сабағын өткізуге болады.
Сабақ барысында білім алушы модульмен танысады, мақсаттар жүйесін
айқындап, қандай тапсырмалар орындау қажеттігіне алдын-ала ұсынылатын
технологиялық сызба-модель бойынша бағыт-бағдар алады. Қабылдау жүзеге
асуы үшін қажет қасиеттердің бірі – зейін. Зейіннің барлық табиғаты оның
талғампаздығында, берілген мәліметті игеруде саналы не санасыз түрде
әрекет ету. Зейін – сананың жеке тұлғаның белгілі бір нысанға назар
аударған уақыттағы бағыт-бағдары, назар аударуы. Білім алушының зейінін
дамыту үшін сабақта басынан аяғына дейін Шәкәрім шығармаларына
қатысты деректер, түрлі тапсырмалар арқылы ұстап отыру керек. Сабақта
ақын өмірбаянына, шығармашылығына қатысты тың, жаңа мәліметтер
мұғалім-білім алушы тарапынан өзара талқыланса, соғұрлым балалардың
сабаққа деген қызығушылығы арта түсері сөзсіз. Әрі зейіндері жетіліп,
дамып отырады. Мысалы, «Адамдық борышың» өлеңіне ассоциация құру
туралы тапсырма берілсе, білім алушылардың логикалық ойлауы
қалыптасады, зейіні тұрақтайды, сезімі оянады, арманын ұштайды, өзін-өзі
тануға жол ашады. Сөйтіп білім алушы бойында психологиялық сана
қалыптасып, өзіндік тұжырым жасауға дағдыланады. Нәтижесінде
ассоциация құру арқылы білім алушы қабылдаған білім нәтижесі
төмендегідей қорытындыланады:
Бүгінгі таңда оқытудың мақсаты – білімді, өмір сүруге бейім, ой-
талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Демек,
өзіміз сөз етіп отырған Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының да
білім алушы дүниетанымын кеңейтуде алатын орны ерекше десе де болады.
Дүниеге
көзқарасы
Абай
ықпалымен
қалыптасқан
Шәкәрім
Құдайбердіұлының «Қазақ айнасы» жинағы мен «Үш анық» атты
философиялық трактатындағы адамгершілік хақындағы ойлары болашаққа
ұмтылған жаңа буын өкілдерінің көзқарасын тың бір арнаға салуда.
Сондықтан ұлылар үндестігін сабақтастыра оқыту әрбір білім алушының
жан-дүниесін ізгілендіре түсері анық [5].
"Адамды
қ
борышы
ң"
адал нан
табу
тазалық
талаптану
білімді
игеру
38
Шәкәрім – Абайдың қазақ өлеңінің дәстүрлі үлгілерін дамыту
бағытындағы жаңашылдық жолын одан әрі жалғастырып, оған өзіндік сөз
кестесін қосқан ақын екендігіне зерттеу, іздендіру тапсырмалары бойынша
білім алушылармен жүргізілген жұмыс түрлері де дәлел бола алады.
Негізгі
мәселелер
Абай
Шәкәрім
Дәстүр және
жаңашылдық
Сөз
өнерінің
құдіреті
«Өлең – сөздің
патшасы, сөз
сарасы»,
«Сегіз аяқ»...
«Бұл ән бұрынғы
әннен өзгерек»...
Ақындар алдына
қойылған биік талап.
Өлеңде ішкі үйлесім,
шебер үндестік, жаңа
үлгі, тың өлшемге
қоса қойылар
көркемдік талап бар
Махаббат
лирикасы
Қара көз, имек
қас
Қараса, жан
тоймас.
Аузың – бал,
қызыл гүл,
Ақ тісің кір
шалмас.
Жібектей қап-қара,
Таралған шашың
бар.
Бұлдырсыз тап-
таза,
Жаралған басың
бар...
«Шын сырым»
Махаббат сезімінің
нәзік иірімдерін
берудегі сөз
қолданысынан Абайға
тән сезімді бейнелеу
суреті, өлең өрнегі
байқалады
Саяси
сыншылдық
«Мәз болады
болысың»...
«Партия
адамдары»,
«Жуандар»,
«Қулар»...
Абайдың реалистік
дәстүрі – Шәкәрім
шығармашылығының
негізгі иделарының
көркемдік нысанасы
Ғылым-
білім
«Ғылым таппай
мақтанба»...
«Талап пен ақыл»,
«Ғылымсыз адам -
айуан»...
Жаңашыдығы – оқу-
білім, өнер іздегенде
талғампаздықпен
таңдай біл деуі
Әдебиет – сөз сабағы, көбінесе, сөздік әдістер арқылы білім беретін пән
болғандықтан, даналық ойдың маржанын түсініп, дұрыс ұғынып, талдау
үшін әр білім алушы санамен саралап, түйсігімен топшылауы қажет [2]. Осы
орайда сөздің ажарлысын, келістісін тізе білген ақын Шәкәрім өлеңдеріне
жасалған поэтикалық талдау үлгісін ұсынуға болады.
Тақырыбы
Сөздік жұмыс
Поэтикалық тілі
«Шын
сырым»
өлеңі
жібектей –майда, сусып тұрған;
қардай – пәк, таза;
қанжардай – өткір, кесіп өтер
Теңеу. –дай, -дей, -тай,
-
тей, жұрнақтары арқылы
жасалып тұр.
Бейнелі сөздермен қыз
портретін жасайды
«Дүние мен
«қу өмір», «су өмір», «у өмір»
Эпитет. Ақын өмірдің
39
өмір» өлеңі
өзгермелілігін, тұрағы жоқ
өтпелі кезеңнің
қиянатшылдығына қарай
қолданған
«Өкінішті
өмір» өлеңі
Өткен өмір – өкініш, ащы сөзім –
достығым
Метафора. Ақын өмірдің
ащысы да, тұщысы да
болатынын айта келіп,
соңғы сөзді халықтың
өзіне
«Сен
ғылымға»
Білген-білмеген, пайда-зиян,
дүниені түзетуші һәм бұзушы,
күн-түн... Шикі надан, ай
жарық... Сөзі – адам, өзі – құс,...
тасты жердей бұлттай,
дариядай...
Антоним.
Эпитет.
Метафора.
Теңеу
Бұл – білім алушының әдеби-теориялық білімін жетілдіруге, шыңдауға
жәрдемдесетін әрекет түрі.
Жалаң дидактика білім алушыны әдебиетке қызықтыра алмайтыны
ақиқат, яғни көркем мәтінді оқушыларға меңгертудің бірден-бір жолы –
образдар мен тіл өрнектерін тұтас талдау. Тыңдаушысына ой салып, бағыт
беретін Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мақтау мен сөгіс» өлеңінде:
Дос мақтайды сені жақсы көрмек үшін,
Дұспан мақтар елірте бермек үшін.
Есептемей есірік елің мақтар,
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.
Бұл үш мақтау берер ме саған пайда,
Мақтаулыны білерлік адам қайда?
Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік,
Жол тап-тағы, ақылды солай айда, -
деген жолдар ақынның ойы мен сезімін көрсете отырып, мақтау мен сөгіс
жайлы екі түрлі ұғымнан жол табуға үндейді. Лирикалық шығармадағы
осындай идеал-мақсат арқылы оқушы бойына жақсы мен жаманды танытып,
адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыруға болады [6]. Өлеңді
оқыту барысында білім алушылардың ой белсенділігін дамыту үшін
төмендегідей сұрақтар беріледі:
1.
«Мақтау мен сөгіс» өлеңін жазуда Шәкәрім Құдайбердіұлының
алға қойған мақсаты қандай?
2.
Мақтау мен сөгіс алу сенің өміріңде маңызды орын ала ма?
3.
Адамдық қасиет, адам болу идеясының мәні неде деп
ойлайсыңдар?
Өлең мәтіні мен білім алушылардың ішкі сезімі, ойы сәйкестендіру
қағидасы негізінде талданғаннан кейін, білім алушы қиялына қанат бітіріп,
шарықтату мақсатында салыстыру кестесін пайдаланған тиімді.
40
Достарыңызбен бөлісу: |