Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   122

біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыруы үшін әдебиеттің 
маңызы зор екеніне көз жеткіземіз. Әдеби білім алған оқушы әдебиетті пән 
ретінде  ғана  біліп  қоймайды,  сол  пәндік  білім  негізінде  болмысты  танып 
біледі,  одан  ақпараттық  мағлұматтар  алады,  эмоциялық  құндылық  болып 
табылатын  адами  қасиеттерді  бойына  сіңіре  отырып,  мәдениетті,  салауатты 
қарым-қатынасқа түседі, әдебиеттің жетекші қызметінің жүзеге асырылуына 
жол ашады.  
Бұл  ретте  көркем  шығарманы  дүниетанымдық,  әлеуметтік,  тәрбиелік 
бірлікте  қарастырудың  мәні  артады,  әдебиетті  ұлттық  құндылық  ретінде 
оқыту  қажеттілігі  туындайды.  Сөз  өнерінің  негізінде  оқушының  дербес 
шығармалық қабілетін, ұшқыр, шешен сөйлеу шеберлігін дамыту үшін әдеби 
білім  мазмұны  көркемдік  сипатқа  құрылып,  оқушы  біліктілігін  арттыруға 
негіз  болады,  сол  себепті  нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  бойынша  әр 
пәннен  берілетін  білім  мазмұны  мектептің  барлық  сатыларында  нақты 
көрініс тауып, оқушылардың білімдік құзыреттілікті меңгеруін қадағалайды. 
Құзыреттілік ұғымы – оқушының белгілі бір кешенді іс-әрекетті орындай алу 
қабілетін жетілдіруге бағыттала отырып, оқыту жүйесіне қызмет етеді. Қазақ 
тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  бала  бойында  жалпы  білім  дағдысы  мен 
білігін қалыптастыру мәселесі қаралады. Жалпы оқудың білігі мен дағдысын 
жан-жақты қалыптастырудың маңызы зор екені белгілі.  
Оқушы бойында білім негіздерін қалыптастыру үшін оның біліктілігін, 
дағдысын тұрақтандырып, белгілі арнаға түсірмейінше, нәтижеге қол жеткізу 
мүмкін емес.Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге 
терең ой иесі. Ол дербес ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі 
әдістер  арқылы  қолайлы  жағдай  жасауға  тырысамын.  Айталық,  «Атаулар 
көмегімен  болжау  жасау»,  «Елеспен  жетелеу»,  стратегиялары  оқушының 
шығармашылық  қабілетін  ұштауға  өте  тиімді.  «Ой  қозғау»,  «Болжау» 
әдістерін  оқушының  ой  ұшқырлығын  бақылауда,  стандартты  емес  шешім 
жасауда  тиімді  пайдалану  жөн.  Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептердегі 
қазіргі  оқушыларды  кең  ауқымды  көркем  әдебиетті  қазақ  тілінде  оқытуға 
баулу  оңай  іс  емес.  Бұл  жолдағы  қиындықты  шешуге  «ЖИГСО»  әдісі  көп 
көмегін  тигізеді.  Оқушы  өзіне  жүктелген  міндеттерге  жауапкершілікпен 
қарап,  басқа  топ  мүшелеріне  түсіндіру  үшін  сурет  те  салады,  сахналық 
көрініс те қояды, сабақтың осы кезеңі оқушыларды бей-жай қалдырмайды. 
Оқушылардың  ойлау  деңгейіне  сай  әр  сабақта  сұрақ  қою  үшін 
Б.Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар қарапайымнан терең 
ойлауға  дейін  жалғасады.  Мұндағы  мақсат  –  оқушы  ойын  ең  төменгі 
деңгейден  терең  ойлауға  дейін  жеткізу.Топтық  тапсырмалар  сыныпта 
ынтымақтастықты  қарым-қатынас  орнатуға,  шығармашылықпен  жұмыс 
жасауға,  тақырыпты  өмірмен байланыстыруға  мүмкіндік туғызады.  Сабақта 
интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жеткен нәтижелерім мынадай: 
оқушының  білім  деңгейі  түсінуден  басталады  да  алған  білімін  қолданып, 
қорытындылауға  дейін  жоғарылайды.  Қабылдаған  жаңа  ақпаратты  саралап, 
мәселені  өзі  шеше  алуға  мүмкіндік  болады.  Әдебиет  сабағында  оқушының 
тілдік  құзыреттілігін  қалыптастыру  мақсатында  жиі  қолданылып  жүрген  « 
56 
 


Оқырман семинары» тәсілі бойынша сызба түрінде талдау жасадым. Сабақта 
меңгерілетін көркем шығарма мынадай топтардың көмегімен жүзеге асады. 
1.     
Сұрақ  қоюшылар.  Б.Блумның  сұрақ  қою  өлшемі  бойынша  қарапайым 
сұрақтан  шығармашылық  сұрақтарға  дейін  қамтылады.  Сұрақтар  қою 
арқылы оқушы өз бетімен шығармашылық қабілетін дамытады. 
2.     
Сөз тапқыштар. Қойылған сұрақтарға нақты, дәлелді жауап беру үшін өз 
бетінше ізденеді, дағыдыланады. 
3.     
Аудармашылар.  Мәтін  бойынша  түсініксіз  сөздер  тізбегін  жасайды, 
тұрақты тіркестерді анықтап жазады. 
4.     
Жазушылар. Поэзиялық шығарма болған жағдайда прозаға айналдырып 
жазады, мәтін бойынша жоспар құрады. 
5.     
Суретшілер.  Мәтін  кейіпкерлерінен,  белгілі  бір  эпизодтарынан  сурет 
салады. 
6.     
Кейіпкерлерді сөзбен  суреттеушілер.  Кейіпкердің,  оқиғаның,  мәселенің 
суретін сөзбен салады. 
Қазақ  әдебиеті  сабағында  оқушының  құзыреттілігін  қалыптастыруға 
бағытталған тапсырмаларды 4 бағытқа бөліп дайындаймын: 
  
Ақпараттық құзыреттілік. 
  - 
Қатысымдық құзыреттілік. 
  - 
Мәдени-танымдық құзыреттілік. 
  - 
Мәселенің шешімін табу құзыреттілігі. 
Қатысымдық құзыреттілік бойынша тапсырмалар: 

 
Отбасы  тақырыбында  жазылған  шығарма  беріледі.  Берілген 
шығармадан қазақ халқына тән туыстық қарым-қатынастағы ерекшеліктерді 
сипаттаңыз; 

Жақын арада сіз оқыған шығармаңыздан өзіңізге қатарлас баланың сол 
шығарманың  басты  кейіпкері  болғанын  білдіңіз.  Оның  сізден  немесе 
сыныптас  достарыңыздан  қандай  айырмашылығы  бар  немесе  қандай  ұқсас 
жақтары бар. Соны сараптап айтып беріңіз. 

Шығармада кездесетін әндерді қазіргі кездегі әндермен салыстыра отырып, 
өз ойыңызды айтыңыз; 
2. Мәселенің шешімін табу құзыреттілігі бойынша тапсырмалар: 

«Менің  атым  Қожа»  шығармасын  немесе  басқа  да  көркем  шығармаларды 
оқу барысында кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне өз бағаңызды беріңіз; 

Экология тақырыбында берілген шығармалар  бойынша оқушының өз ойын 
тыңдай отырып, « Қазіргі экологиялық мәселелерді қалай шешуге болады?» 
деген тақырыпта сұхбат жүргізіңіз; 

Топтық  жұмыс.  Әр  топ  өзіне  ұнаған  кейіпкерінің  отбасына,  Отанына 
әкелетін  жақсылықтары  мен  зияндықтарын  атап,  оларға  сипаттама  береді. 
Зияндықтарды болдырмаудың себептерін анықтаңыз және т.б; 
3. Ақпараттық құзыреттілік бойынша тапсырмалар: 

Шығарманы оқып шығып, жалпы идеясын анықтаңыз; 

Берілген шығарма бойынша жоспар ( жай, күрделі) құрыңыз; 

Баспасөз беттерінен осы автор туралы мәлімет жинаңыз. 

Сол автордың шығармашылығы бойынша тезис дайындаңыз; 
57 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау