Заттыњ ќ±рылысы



жүктеу 60,55 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі60,55 Kb.
#8443

Заттың құрылысы

Өзіндік жұмыс ( №1 )

I-нұсқа


  1. Төмендегі сөздердің "физикалық дене" және "зат" ұғымдарына қатыстысын ата: ұшақ, кітап, мыс, қалам, фарфор, су.

  2. Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай тусінесің?

  3. 0,8 =? см, 2,9 дм =? м, 380 м =?км.

II-нұсқа


  1. Төмендегі құбылыстардың қайсысы физикалық құбылысқа жатады:

а) автомобильдік қозғалыс;

ә) жапырақтардың сарғаюы;

б) мұздың еруі;

в) картоптың шіруі;

г) доптың ұшуы;

д) найзағайдың жартқылдауы;




  1. Сынған қарындашты қайта біріктуге болмайды: Осының себебін түсіндір.

  2. 0,4 м =? см.

2,5 дм = ? м.

250 м = ? км

Қозғалыс. Масса және күш

Өзіндік жұмыс ( №2 )

I-нұсқа


  1. Коньки тебуші екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы бағытта 8 м/с және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Қай баланың массасы артық және неше есе?

  2. "Алмастың тығыздығы 3,5 г/см3; граниттың тығыздығы 2100 кг/м3 ; ауаның тығыздығы 1,28 кг/м3 ;" дегенді түсіндір:

  3. 8 кг керосин сыятын құттың көлемі неге тең? Керосиннің тығыздығы 800 кг/ м3.

II-нұсқа



  1. Массалары 10 кг және 20 кг болатын екі дене өзара соғысты. Сонда денелердің қайсысының жылдамдығы көп өзгереді және неше есе өзгереді?

  2. Тығыздықтың сан мәндерін кг/м3- пен өрнекте: 2,5 г/см3; 0,07 кг/дм3; 0,8 кг/л.

  3. Көлемі 10 см3 болаттың массасы 78 г. Көлемі 20 см3 болаттың массасы неге тең?

Қозғалыс масса және күш

Физикалық диктант ( №2 )


  1. Механикалық қозғалысқа мысал келтір.

  2. Механикалық қозғалыс кезінде жүрілген жолды есептеуге арналған формуланы жаз. Жол қандай бірліктермен өлшенеді?

  3. Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы қалай анықталады?

  4. Қозғалыстың жылдамдығын анықтайтын формуланы жаз. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін көрсет.

  5. Автомобиль 120 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобильдің жылдадығы неге тең?

  6. Жолдың берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз:

10 км; 126 см; 30 дм; 1220 мм.

7. Жылдамдықтың сан мәндерін м/с- пен өрнекте:

а) 72 км/сағ; ә) 100 см/с; б) 36 м/сағ.

8. Велосипедші 1,5 м/с жылдамдықпен 150 м жол жүрді. Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтті?

9. Пойыздың қозғалыс жылдамдығы 20 м/с дегенді түсіндір.

Қысым.


Өзіндік жұмыс ( №3 )


  1. Келесі құбылыстардың қайсысы Паскаль заңымен түсіндірілмейді: а) сабын көпіршігінің пішіні шар тәрізді болады; ә) пішіні әр-түрлі болып келген ыдыстарға сұйық құйылған; б) футбол добы камерасының ішіне ауа үрлегенде, оның пішіні шар тәрізді болады.

  2. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес: сұйық бағанының биіктігіне, ыдыс түбінің ауданына, сұйықтың тығыздығына?

  3. Бірдей бес ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, төртіншң сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең қөп, ең аз, бірдей қысым түсіреді?

  4. Гидраликалық машина құбылысының сызбанұсқасын сыз. Осы машинаның іс-әрекетін Паскаль заңы негізінде түсіндір. Гидравликалық машина жұмыс істегенде күштен ұтатынынызды дәлелде.

  5. 1 м тереңдікте судың қысымын еспте.

  6. Ауданы 5 м2 болатын ыдыстың түбіне керосиннің түсіретін қысымын есепте. Ыдыстағы керосиннің массасы 500 кг.

Өзіндік жұмыс ( №4 )

I-нұсқа


  1. Газдың көлемін тұрақты етіпалып қыздырып, оның қысымын тепмература жоғарылағанда құалай өзгерелі? Себебін түсіндір.

  2. Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерде бірдей бола ма? Неге?

  3. Торричилли тәжірибесінің мазмұнын қысқаша жаз. "Атмосфералық қысым 100 кПа" дегенді қалай түсінесің?

II-нұсқа




  1. Тұрақты қысымдағы газдың колемі температура жоғарылағанда қалай өзгереді? Газ поршеньді ыдыста тұр.

  2. Атмосфералық қысымды сұйық бағанының қысымын есптегендей жолмен анықтауға болмайды, неге?

  3. Поршеньді сорғының құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндір. Осындай сорғы ауасыз кеңістеікте жұмыс істей ала ма?

Жұмыс. Қуат. Ънергия

Физикалық диктант ( №4 )


  1. Мыналардың: а) жұмыстың; ә) қысымның; б) қуаттың өлшем бірліктерін жаз.

  2. Мыналарды: а) механикалық жұмысты; ә) қуатты; б) жүрілген жолды; в) жылдамдықты; г) тығыздықты; д) қысымды анықтайтын формулаларды жаз.

  3. Механикалық жұмыс істеуге қажетті жағдайларлы ата.

  4. Техникада қолданылып жүрген жай механизмдердің түрлерін ата. Оларды сызбанұсқа арқылы кескіндеп, тіреу нүктелерін 10) , күш иіндерін (l1 , l2) көрсет

  5. Иіндік ( рычог) тепе-теңдікте болғанда иіндеріне әрекет ететін F1 және F2 күштері неге тең?

  6. механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті дегеніміз не? ПӘК-тің 100 %-дан артық болуы мүмкін бе?

  7. Механикалық энергияны бір түрден екінші түрге ай налуына мысал келтір.

Өзіндік жұмыс ( №5 )

Экспиременттік тапсырма
I-нұсқа


  1. Шарға қандай ығыстырушы күш әрекет етеді: а) металл шарды мензиркадағы суға батырып, шарға әрекет ететін ығыстырушы күшті тап; ә) шар ас тұзының судағы ертітіндісіне батырылса ше? Қажетті құралдар мен заттар: ыдыс, жіп байланған болат шар, су, ас тұзы

  2. Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздықтарына арналған кестелерді пайдаланып, алюменийден, темірден, еменнен жасалған көлемдері бірдей денелердің қайсыларының суда жүзе алатыныны түсіндір.

II-нұсқа



  1. Мына құралдардың жәрдемәмен металл шардың көлемін анықта: ішіне су құйылған мензурка, диномометр, ілгегі бар шар.

  2. Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздықтарына раналған кестелерлі пайдаланып, парафеннен, мыстан, қорғасыннан жасалған көлемдері бірдей денелердің сынапта қалай араласатынын тағайында. Себебі неде:

Өзіндік жұмыс ( №6 )

I-нұсқа


  1. 3-суретте кескінделген көлемдері бірдей денелердің қайсысына Архимед күші көбірек әрекет етеді?










  1. Таразының бір жағына фарфор, екінші жағына темір кіртастар ілінген. Екеуінің массалары бірдей. Егер кіртастарлы суға батырсақ, тепе-теңдік бұзала ма?

II-нұсқа



  1. Әр-түрлі заттан жасалған көлемдері бірде екі денеге әрекет ететін Архимед күші де бірдей бола ма? ( 4-сурет )





















  1. Бұрқақтың жұмыс істеу принципін түсіндір.

Жұмыс. Қуат. Энергия.

Өзіндік жұмыс ( №7 )

I-нұсқа



  1. Төменде келтірілген мысалдардың қайсысында дене механикалық жұмыс ітейді: а) трактор жер жыртып жүр; ә) бала шанамен таудан сырғанап келеді; б) адам қожын көтеріп тұр; в) оқушы мазмұндама жазып отыр.

  2. Денені үстел ұстімен: а) 1 м қашықтыққа жылжытқанда; ә) 1 м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты тап. Күш 5 Н.

  3. Трактордың жер жыртқандағы тарту күші 1000 Н, ал оның қозғалыс жылдамдығы – 7 км/сағ. Трактор қозғалтқышы 8 сағатта қанша жұмыс істейді?

II-нұсқа



  1. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында жұмыс істелінбейді, себебін түсіндір: а) жүкті жұмысшы көдбеу жазықтықта ұстап тұр; ә) автомобиль жолмен қозғалып келеді; б) ғарыш кемесі инерциямен ұшып келеді; в) жүк жіпке ілулі тұр.

  2. "Дененің істеген жұмысы 1 Дж" дегенді түсіндір. 10 Н*м неше джоуль болады?

  3. Массасы 200 кг жүкті 30 м/мин жылдамдықпен 10 секундта жоғары көтеріп шығаруға болады. Осы кезде қанша жұмыс істелетіндігін есептеп шығар.

Өзіндік жұмыс ( №8 )

I-нұсқа



  1. Қандай жағдайда массалары бірдей екі дененің потенциялдық энергиялары мен кинетикалық энергиялары әр-түрлі болады?

  2. Кинетикалық, потенциялдық және кинетикалық әрі потенциялдық энергия бар денелерге мысалдар келтір.

II-нұсқа



  1. Қандай жағдайда массалары әр-түрлі дененің потенциялдық және кинетикалық энергияялары бірдей болуы мүмкін?

  2. Мына жағдайларда: а) су өзеннің енкіш арнасымен аққанда; ә) тас құлағанда; б) допты жоғары лақтырғанда энергияның қандай түрленулері болады.

жүктеу 60,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау