Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 257,99 Kb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата20.05.2018
өлшемі257,99 Kb.
#14667
1   2   3   4   5   6   7   8

17 

 

мүмкіндігіне  сай  айналыса  алатын  еңбек   түрін   анықтай  алатынын  көрсетіп 



отыр. 

Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  қоршаған  орта  туралы 

түсініктері  фрагментарлық,  зейіндері  тұрақсыз,  тұтас  қабылдау  мүмкіндігі 

бұзылған,  қимыл-қызғалыс  координацияларының  т.б.  жалпы  психикалық 

процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан, психикалық дамуы 

тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу 

процесінде  нақтылы  қиындықтарды  құрады.  Ал,  бұл  қиындықтарды  жою  мен 

оның алдын алу үшін мұндай балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау 

көрсету  қызметі  жұмыс  атқаруы  қажет.  Онда  психологиялық-педагогикалық 

қолдау  көрсету  қызметінің  барлық  бағыттарына  жетекшілік  ететін  қызмет 

координаторы,  мұғалім-дефектолог,  логопед,  психолог,  әлеуметтік  педагог, 

медицина  қызметкерлері  жұмыс  атқарады.  Яғни,  психикалық  дамуы  тежелген 

баланы  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  тиісті 

мамандарымен  жүзеге  асырылады.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсету  қызметінің  әр  маманы  өз  бағыттары  бойынша  жұмыс  істейді.  Бұл 

біріккен  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  басты 

мақсаты  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаға  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсету.  Соның  ішінен  педагог-дефектологтың  психикалық  дамуы  тежелген 

балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске 

асырылады: 



I. Диагностикалық бағыт:  

- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;  

- баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына 

бақылау;  

-  баланың  даму  деңгейіне  әсер  еткен  әдіс-тәсілдер  мен  таңдалған 

бағдарламаның тиімділігін анықтау;  

-  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  жеке  ерекшіліктерін,  танымдық  қызметін, 

ерік-жігер  саласын,  отбасындағы  тәрбиелік  жағдайдың  даму  ерекшеліктерін 

зерттеу;  

-  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  бағдарламасын  меңгерудің  деңгейін 

анықтау;  

- компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу;  

-  баламен  жұмыстың  бағыттарын  айқындау  мен  бала  дамуындағы 

ауытқулардың алдын алу. 

Сонымен, диагностика келесі міндеттерді шешуге бағытталады. 

Баланы  алғашқы  тексеру.  Оның  мақсаты:  баланың  жақын  даму  аймағы 

мен  актуалды  даму  аймағын,  оқу  барысындағы  қиыншылықтардың  себептері 

мен  механизмдерін  анықтау.  Диагностикалық  зерттеу  жұмысы  қыркүйек  айы 

бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру 

хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі. 

Баланы  динамикалық  тексеру  –  оқыту  процесінде  оқушының  даму 

деңгейіне  таңдалған  оқытудың  түрі,  әдістері  мен  тәсілдердің  сәйкестігін 




18 

 

анықтау,  баланың  даму  динамикасын  бақылап  отыру  мақсатында  жүргізіледі. 



Динамикалық  тексеру  жылына  екі  рет  жүргізіледі.  Сонымен  бiрге,  баланы 

динамикалық  зерттеу  баланың  пән  бойынша  жеткен  жетістіктерімен  баланың 

даму  нәтижесін  салыстыруды  көздейді.  Баланың  оқу  дағдыларының 

қалыптасқандығын  (ақпаратты  қабылдауы,  оқу  қызметін  ұйымдастыра  алу, 

өзін-өзі бақылау) тексереді. 

Кезеңдік  диагностика  –  бұл  диагностиканың  түрі  баламен  жүргізілген 

түзете-дамыту жұмысының баланың оқу-танымдық қызметіне тигізген әсерінің 

тиімділігін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Түзете-дамытудың  бағдарламасының 

игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім-білік дағдылары игеруге 

қажет  танымдық  қабілетінің  қаншалықты  қалыптасқандығына  ғана  емес, 

баланың  игерген  білімін  берілген  мәселеде  өз  бетімен  қаншалықты  қолдана 

алатынына көңіл бөлінеді. 

Ағымдық  диагностика  –  бұл  диагностика  әртүрлі  мамандар  тарапынан 

сұрау  бойынша  жүргізіледі.  Бұл  диагностиканың  белгілі  бір  өткізу  уақыты 

болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі. Баланы психологиялық-

педагогикалық  қолдаудағы  диагностикалық  бағыттың  тағы  бір  негізгі 

міндеттерінің  бірі  –  бастапқы  кезеңде  баланың  алда  кездесетін 

қиыншылықтары  мен  оқу  процесінде  бүгінгі  күні  бар  қиыншылықтардың 

себебін, механизмін анықтау болып табылады. 

Диагностикалық 

жұмыстың 

негізгі 


қағидалары: 

жан-жақтылық, 

кешенділік,  жүйелілік,  тұтастық.  Аталған  қағидаларды  ескере  отырып,  әр 

психологиялық-  педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  маманы  өз  бағыты 

бойынша  балаға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетеді.  Мұғалім-

дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді:  

- Сенсорлы-перцептивті жағдай;  

- Зейіні;  

- Есте сақтауы;  

- Ойлауы;  

- Сөйлеу ерекшеліктері;  

- Өзін-өзі бағалауы;  

- Ерік-жігері;  

- Психомоторлық жағдайы;  

- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;  

- Оқу біліктілігі;  

- Еңбек біліктілігі;  

- Коммуникативтілігі; 

Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып 

тиісінше  балл  қойылады.  Шығарылған  балға  сәйкес  психологиялық-

педагогикалық  профиль  толтырылады.  Профиль  –  баланың  даму  деңгейін 

көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді. 

Әр  маман  баламен  жүргізілген  алғашқы  диагностикалық  тексеру  бағыты 

бойынша  өзінің  қорытындысын  ұсынады.  Консилиумда  баланың  дамуының 




19 

 

мінездемесі,  оның  одан  әрі  дамуы,  балаға  түзете  дамыту  бағдарламасын  құру 



бойынша  мәселелері  қарастырылып  ортақ  шешімге  келеді.  Тексерудiң 

нәтижелерiн  талдау  баланың  одан  әрi  дамуының  болжамын  анықтап,  әр 

оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете-дамыту жұмысының 

мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек 

өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму 

аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады. 



II. Түзете-дамыту бағыты бойынша: 

Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету 

жұмысының мазмұны анықталады. 

Баламен  жүргізілген  диагностиканың  қорытындысы  түзете-дамыту 

жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді:  

- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;  

- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;  

- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;  

-салыстыру, 

талдау, 


жинақтау, 

қорытындылау, 

жалпы 

ойлау 


операцияларын қалыптастыру;  

- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту;  

- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;  

-  психомоторлық  дамуды  жүзеге  асыру  мен  сөйлеу  тілін,  сөздік  қорын 

арттыру. 

Айқындалған  бағыттар  негізінде  балаға  түзете-дамыту  бағдарламасы 

құрылады.  Түзете-дамыту  бағдарламасы  баланың  танымдық  қабілеттерін 

дамытуға,  баланың  дамуындағы  бос  орынды  толтыруға  бағытталады. 

Бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін  баланың  жеке  жас  ерекшеліктері,  қабылдау 

деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке 

жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді. 

III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:  

- педагогтармен жеке жұмыс жүргізу;  

-  баланың  жас,  жеке,  типтік  ерекшеліктерін  ескере  отырып  ата-аналарға, 

педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;  

-  балалардың  жеке  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  педагогтың  оқу 

жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;  

- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;  

- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;  

- ата-аналармен жұмыс:  

-  баламен  жүргізілген  жұмыстың  жалпы  қорытындысымен  ата-аналарды 

таныстыру;  

-  ата-аналарға  баланың  тәрбиесіндегі  қиыншылықтары  туралы  нақты 

ұсыныстар даярлау;  

-  ата-аналарға  баланың  психофизикалық  мүмкіндіктеріне  сай  баланы 

оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;  



20 

 

-  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметі  мамандарымен 



тығыз қарым-қатынаста болу. 

Ата-анамен 

жұмыс 

бұл 


бағыттың 

басты 


міндетінің 

бірі.                              

В.А.  Сухомлинский  ата-анамен  жұмыстың  мазмұнын  ашып  көрсеткен 

ғалымдардың  бірі.  Ол:  «Тек  ата-аналармен  бірге  жалпы  күш  жігерді  біріктіру 

арқасында  педагогтар  балаларға  үлкен  адамдық  бақытты  беруі  мүмкін»,  – 

дейді.  Демек,  ата-ана  бала  тәрбиесінде  балаға  ықпал  етуші  бірден-бір  фактор. 

Сондықтан, 

психикалық 

дамуы 

тежелген 



баланы 

психологиялық-

педагогикалық  қолдау  қызметінде  ата-аналарға  психологиялық  кеңес  беру, 

оларды  бала  дамуының  мазмұнымен  ақпаратттандырып  отыру,  жалпы  ата-

аналармен жұмыстың маңызы ерекше. 

Педагогикалық  процестiң  сапасын  жоғарылатудың  тиiмдi  жолы 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметі  мамандарының  өзара 

байланысы  мен  бiр-бiрiнiң  сабағына  қатысу  мен  баланың  қалыптасуы  туралы 

талқысы  және  зерттеу  қорытындыларымен  өзара  алмасу  болып  табылады. 

Мұндай  бағыт  бiрнеше  қызметтерді  қоса  атқарады,  яғни  тәжiрибемен  алмасу, 

бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру.  

IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты  

- баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;  

- баланы шығармашылыққа тарту;  

- баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру;  

- баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;  

-  қоғамдық  ортада  өзін  еркін  сезінуге,  өзін-өзі  басқара  білуге,  өзі  өмір 

сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету. 

Сонымен  қатар  баланы  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетуде 

әлеуметтік-бейімдеу  бағыты  балалардың,  қоғамның  толеранттылығын 

қалыптастыруды жүзеге асырады. 



V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт: 

 Бұл  бағыттағы  жұмыс  консилиумға  дайындық,  іс-шараларға  дайындық, 

баланың  жеке  құжаттарын  толтыруды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар 

төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:  

-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау

-оқушыға портфолио құрастыру. 

Портфолио  –  бала  жеткен  жетістіктердің,  баланың  білім-білік 

дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші. 

Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру 

процесіне  қосу,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  құқығын  қамтамасыз  ету 

маңызды  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Осы  мәселеде  баланы  психологиялық-

педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс. 

Баланы  психологиялық-педагогикалық  қолдау  –  инклюзивті  білім  беру 

жүйесінде 

баланың 

тәрбиесіне, 

оқу 

процесіне, 



жақтын 

дамуына, 

әлеуметтенуіне,  бейімделуіне  жағдай  жасауға  бағытталған  кәсіби  белсенді 

жүйе. 



21 

 

Психологиялық-педагогикалық 



қолдау 

көрсету 


қызметіндегі                    

мұғалім-дефектолог  баланы  психологиялық-педагогикалық  қолдауда  тек  білім 

мазмұнына  ғана  өзгерістер  енгізіп  қоймай,  баланың  танымдық  қабілеттерін 

дамыту 


мен 

жалпы 


баланың 

өмірін 


ұйымдастыруды 

көздейді. 

Психодиагностикалық 

тестілеу 

баланың 

танымдық 

мүмкiндiктерін 

қалыптастыруда басты маңызды шарт – мұғалім-дефектологтың психологиялық 

құзырлығы  болып  табылады.  Мұның  бәрі  баланың  танымдық  қабілетінің 

дамуына  мүмкіндік  жасау  мен  баланың  өзіне  деген  сенімінің  артуына, 

жетістіктерге  бір қадам жақындауға жағдай жасайды.

 

 



Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, 

әуелі  өз  қызметін  шын  көңілмен  жақсы  көрсін»  деген  екен.  Олай  болса,  өз 

мамандығын  шексіз  сүйе  білген  маман  иесі  ғана  үздіксіз  ізденіс  пен  асқан 

шыдамдылық,  қажырлы  еңбектің  арқасында  баланың  біліміне,  оның 

болашағына  үлкен  сәулесін  түсіріп,  бала  өмірін  дұрыс  бағытқа  бағыттары 

сөзсіз.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


22 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

Қорыта  айтқанда,  бала  −  ата-ана  −  педагог,  отбасы  және  білім  беретін 

ұйымдар  арасындағы сабақтастықтың  ойдағыдай жүзеге  асуы  тұлғаның 

әлеуметтік бейімделуінің  алғы шарттарының бірі болмақ.  

Біз,  балалар  үшін  бала  өз  әрекетінің  қатысы  мен  керектігін  сезінетіндей 

жағдай жасауымыз керек.  

Мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  –  ұлттық  құндылықтарымыз,  әр  баласы 

еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы 

білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. 

Инклюзивті  оқыту  –  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  тең  құқығын 

анықтайды 

және 

ұжым 


іс-әрекетіне 

қатысуға, 

адамдармен                                

қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Осы 

бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы  балаларды  адамгершілікке, 

ізгілікке,  қайырымдылыққа  тәрбиелей  аламыз.  Сонымен  қоса,  инклюзивті 

оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. 

Мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  деген  мемлекет  тарапынан  көрсетілетін 

көмек  етек  жинап,  ел  болғалы  толастамақ  емес.  Дегенмен  бұл  әрине  мұндай 

жағдайда  аздық,  әлі  де  болса  ойланарлық  жағдай.  Десек  те,  даму  мүмкіндігі 

шектеулі  жандар  үшін  ел  тарапынан  бөлінетін  көмек  пен  қамқорлық 

шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардан  болашақта  қолдарынан  іс  келетін  саналы 

азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл?

  

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан-



дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі 

бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты 

парызы. 

Соңғы  уақытта  елімізде  атқарылып  жатқан  істер  инклюзивті  білім  беру 

жүйесінің  қалануына  негіз  болары  анық.  Жас  нәрестенің  дені  сау  болса, 

отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, 

тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 


23 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Қазақстан 

Республикасындағы 

Білім 


беруді 

дамытудың                         

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж.  

2.   «ӨРЛЕУ»  БАҰО»  АҚ  филиалы  «Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша 

педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты»  //  

Инклюзивтік  білім  беру  жағдайында  мектеп  жасына  дейінгі  мүмкіндігі 

шектеулі балаларды әлеуметтендіру. 

3.  Саламанская  декларация  и  рамки  действий  по  образованию  лиц  с 

особыми  потребностями,  принятые  Всемирной  конференцией  по  образованию 

лиц  с  особыми  потребностями:  доступ  и  качество,  Саламанка,  Испания,  7-10 

июня 1994 года. 

4.  Грозная  Н.С.  Инклюзивное  образование  за  рубежом.  От  мечты  к 

реальности // Синдром Дауна XXI век. 2011. №1. С.34–41. 

5.  Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы. 

6.   Р.Б.  Каримова  «Основные  проблемы  и  задачи  инклюзивного 

образования в РК» // Журнал «Открытая школа». 

7.  Мухина В. С. Детская психология. – М., 1985. 

8.  Ахмедалиева,  Д.  У.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен  жұмысты 

ұйымдастыру  // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17б. 

9.  Алферова Г. В. Новые подходы к коррекционно-развивающей работе с 

детьми с ограниченными возможностями здоровья. Дефектология – 2008- №3. 

10. Г.Б.Алипкалиева «Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына 

дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру». 

11. Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

оқушыларды 

психологиялық-педагогикалық 

қолдау 

қызметінің 



ұйымдастырылуы // «Открытая школа» журналы. № 7(128) 09. 2013ж 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


24 

 

МАЗМҰНЫ 



 

Кіріспе................................................................................................................3 

Инклюзивті білім беру және оның ерекшелігі ..............................................4 

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі.....................................6 

 

Қазақстандағы инклюзивті білім беруге шолу..............................................8  



 

Инклюзивті білім берудің негізгі бағыттары................................................11 

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу.....................13 



 

Қорытынды.......................................................................................................22 

 

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................23 



 

 

 



жүктеу 257,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау