7
1. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте
немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары,
тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала
қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан
бейімдеу орталығына барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім
алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі
бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек
ретінде мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша
сабақтарға қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама
бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар).
Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы
балалармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте
ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне
қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына бірігіп қатысу, спорттық және
басқа да іс-шараларға қатысу.
АҚШ. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы
және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3
негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл
арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.
«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде
оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды
әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді. «Жалпы
білім беру инициативасы» - бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім
беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы – дамуында ауытқуы
бар балаларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына
отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен
негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса,
кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға
жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін
қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз
тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай
балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша
оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар
үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім
беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу
мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы
ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім
алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
8
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ШОЛУ
Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін
білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген.
Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек
«Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. Республикада 2375 бала
үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл
анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын
құрайды.
Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы
балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс
істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда
5879 баланы құрайды.
Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі
шектеулі
балалар
үшін
оңалту
орталықтарында,
психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі − ППТК) түзету-
педагогикалық қолдау көрсету көзделген.
Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке
дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі
43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек
балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы
құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да
арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар»
құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды
әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына қолдан келгенше жағдай
жасайтын болады.
Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына
қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің
арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және
медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң
аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне мән берілген.
Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету
қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі
принциптері айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң
құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі
жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық
конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші
рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада инклюзивті
білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген:
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін: