Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген
Пікір жазғандар:
П. Б. Сейітқазы, пед. ғылымдарының докторы, профессор
Г. Қ. Искакова, меңгеруші
С. Д. Дүйсенбенова, әдіскер
Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивтік білім беру: әдістемелік ұсыным.
– Астана, 2014. – 25 б.
Әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі білім беру ұйымында инклюзивті білім
беруді дамытудың бағыттары және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға
бейімдеудің жолдары қарастырылған.
Әдістемелік ұсыным мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2014
3
КІРІСПЕ
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі
адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі.
Атап көрсетсек, «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу
керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес,
ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам
алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» - деген болатын.
Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ
өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін
қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып
табылады.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық,
экономикалық
дағдарыстар
жүйке
жүйелері
бұзылған,
әртүрлі
психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың
көбеюіне әкеліп, соқтырып отыр.
Инклюзивтік білім беруді дамытудағы басты бағыт − дамудағы ауытқуларға
ерте араласу − жеткіліксіз дамуда. Бүлдіршін жастағы балаларды түзету-
педагогикалық көмекпен қамтудың төмендігі дамуында ауытқуы бар балаларды
оңалтудың тиімділігіне кері әсерін тигізіп отыр. Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды сүйемелдеу бойынша психологиялық-педагогикалық түзету
кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті құрайды. Психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеттерінің ерте және мектеп жасына дейінгі
балаларды түзету көмегімен қамтуы жеткіліксіз (10-нан 40 %-ға дейін).
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін
құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және
қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Жоғарыда
көрсетілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде
әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды.
Әдістемелік ұсынымның мақсаты: инклюзивтік білім беру кезінде
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін
қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік ортаны бейімдеу;
- мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдау үшін пункттер құру;
- мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста
педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру болып
табылады.
Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы
бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке,
ізгілікке, қайырымдылыққа және толеранттылыққа тәрбиелей аламыз.
4
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған
мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын
инклюзивті білім беру.
Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын
тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті
білім берудің
мақсаты: даму
мүмкіндігі
шектеулі
балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына,
дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру
жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық
адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше
оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы
жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір
бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды
оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында,
ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-
әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті
дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір
адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы
қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы-
құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін
жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге
асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы
білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті
оқыту
балаларды
оқу
үрдісіндегі
қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді
болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді:
инклюзивтік білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде